Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде консулдық қызметтi жүзеге асыратын
лауазымды адам жасайтын өзге де нотариаттық iс-əрекеттер көзделуi мүмкiн.
Нотариаттық куəландырылған құжаттарға мыналар теңестiрiледi:
1) ауруханаларда, санаторийлерде, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерiнде емделiп
жатқан, сондай-ақ қарттар мен мүгедектер үйлерiнде тұрып жатқан
азаматтардың, осы ауруханалардың, санаторийлердiң, өзге де емдеу-алдын алу
мекемелерiнiң бас жəне кезекшi дəрiгерлерi, сондай-ақ қарттар мен мүгедектер
үйлерiнiң директорлары, бас дəрiгерлерi куəландырған өсиеттерi;
2) госпитальдарда, санаторийлерде жəне басқа да əскери-емдеу мекемелерiнде
емделiп жатқан əскери қызметшiлер мен басқа адамдардың осы госпитальдардың,
санаторийлер мен басқа да əскери-емдеу мекемелерiнiң бастықтары, олардың
медициналық жағынан орынбасарлары, аға жəне кезекшi дəрiгерлерi
куəландырған өсиеттерi мен сенiмхаттары;
3) əскери қызметшiлердiң, ал нотариустары мен нотариаттық iс-əрекеттер жасауға
уəкiлеттi лауазымды адамдары жоқ əскери бөлiмдердiң, құрамалардың,
мекемелердiң, əскери-оқу орындарының орналасқан пункттерiнде, сондай-ақ
жұмысшылар мен қызметшiлердiң, олардың отбасы мүшелерiнiң жəне əскери
қызметшiлердiң отбасы мүшелерiнiң осы бөлiмдер, құрамалар, мекемелер мен
орындардың командирлерi (бастықтары) куəландырған өсиеттерi мен
сенiмхаттары;
4) бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың бас бостандығынан
айыру орындарының бастықтары куəландырған өсиеттерi мен сенiмхаттары;
5) жүзу кезiнде Қазақстан Республикасының туы астында жүзiп жүрген теңiз
мекемелерiнде немесе iшкi суларда жүзiп жүрген кемелердегi азаматтардың осы
кемелердiң капитандары куəландырған өсиеттерi;
6) барлау жəне басқа да экспедицияларда жүрген азаматтардың осы
экспедициялардың бастықтары куəландырған өсиеттерi;
7) халықты əлеуметтiк қорғау мекемелерiнде тұрып жатқан кəмелетке толған
жастағы iс-əрекет қабiлетi бар азаматтардың осы мекемелердiң немесе халықты
əлеуметтiк қорғаудың тиiстi органының басшысы куəландырған сенiмхаттары.
37-бапта көзделген өсиеттерге өсиетке ол да қол қоятын куəнiң қатысуымен өсиет
қалдырушы қол қоюға тиiс.
Жоғарыда аталған лауазымды адамдар өсиеттi куəландырған күннен бастап он күн iшiнде,
ал егер бұл дəлелдi себептермен мүмкiн болмаса, мұндай мүмкiндiк пайда болысымен
куəландырған өсиеттiң бiр данасын өсиет қалдырушының тұрғылықты жерiндегi
нотариусқа сақтауға дереу беруге мiндеттi.
Егер өсиет қалдырушының Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жерi
болмаса немесе оның тұратын жерi белгiсiз болса, өсиет Қазақстан Республикасының
Əдiлет министрлiгi белгiлейтiн нотариусқа жiберiледi. Нотариус сақтауға келiп түскен
өсиеттi тексеруге жəне оның заңға сəйкес келмейтiндiгi анықталған жағдайда, тиiстi
дəрежеде ресiмдеу үшiн өсиет қалдырушыға жəне өсиеттi куəландырған лауазымды
адамға бұл туралы хабарлауға мiндеттi. Куəландырған өсиеттердiң уақтылы берiлмеуi
салдарынан мұрагерге (мұрагерлерге) келтiрiлген шығын үшiн лауазымды адам Қазақстан
Республикасының заңдарына сəйкес жауапты болады.
Достарыңызбен бөлісу: