Нотариат (пəннің атауы) ПƏннің ОҚУ-Əдістемелік кешені


Дəріс №25. Дəлелдемелерді қамтамасыз ету



Pdf көрінісі
бет32/44
Дата13.02.2023
өлшемі448,1 Kb.
#67504
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   44
Байланысты:
Нотариат-

 
Дəріс №25. Дəлелдемелерді қамтамасыз ету 
Сотта немесе басқа құзыретті органда іс туындаған жағдайда дəлелдемелерді 
қамтамасыз ету. Нотариустың дəлелдемелерді қамтамасыз ету жөніндегі іс-əрекеттері. 
Нотариус сотта немесе басқа құзыреттi органда iс туындаған жағдайда, егер 
кейiннен дəлелдемелердi табыс ету мүмкiн емес немесе қиын болады деп топшылауға 
негiз болса, мүдделi тұлғалардың өтiнiшi бойынша қажеттi дəлелдемелердi қамтамасыз 
етедi. Нотариус мүдделi тұлғалар өзiне өтiнiш жасаған кезде соттың немесе басқа 
құзыреттi органның қарауында жатқан iс бойынша дəлелдемелердi қамтамасыз етпейдi. 
Дəлелдемелердi қамтамасыз ету тəртiбi бойынша нотариус азаматтарға сауалдар 
қояды, құжаттар мен заттарды қарайды, қажет болған жағдайда сараптама 
тағайындайды. Дəлелдемелердi қамтамасыз ету жөнiнде iс жүргiзу əрекеттерiн жасаған 
кезде нотариус Қазақстан Республикасы азаматтық iс жүргiзу заңдарының нормаларын 
басшылыққа алады. Нотариус тараптар мен мүдделi адамдарға дəлелдемелердi 
қамтамасыз ету уақыты мен орны туралы хабарлайды, бiрақ олардың келмей қалуы 
дəлелдемелердi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-əрекеттi жасауға кедергi болып табылмайды.
Тараптар мен мүдделi адамдардың бiреуiн хабардар етпей дəлелдемелердi қамтамасыз ету 
тек кейiнге қалдыруға немесе iске кейiннен кiмнiң қатысатынын анықтауға болмайтын 
жағдайларда ғана жүргiзiледi. Куə немесе сарапшы шақыру бойынша келмеген жағдайда, 
нотариус Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген шараларды қолдану үшiн 
куəнiң немесе сарапшының тұрғылықты жерi бойынша сотқа бұл туралы хабарлайды. 
Нотариус азамат пен маманды көрiнеу жалған айғақ немесе қорытынды бергенi жəне 
айғақ немесе қорытынды беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн жауап беретiнi 
туралы ескертедi. 
 
Дəріс №26. Құжаттарды жəне бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау 
Құжаттарды жəне бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау тəртібі. Сақтауға 
қабылданған құжаттарды жəне бағалы қағаздарды қайтару 
Нотариус тiзiмдеу бойынша құжаттарды жəне бағалы қағаздарды сақтауға 
қабылдайды. Тiзiмнiң бiр данасы нотариуста қалдырылып, екiншi данасы құжаттарды 
жəне бағалы қағаздарды сақтауға тапсырған адамға берiледi. Егер құжаттар жəне бағалы 
қағаздар тиiстi түрде буылып-түйiлсе, тапсырушы адамның өтiнiшiмен нотариус 
тiзiмдеусiз де қабылдай алады (буып-түю нотариустың мөрiмен расталады, нотариус пен 
құжаттарды жəне бағалы қағаздарды өткiзген адам қол қояды). Мұндай жағдайларда 
буып-түюдiң сақталуына нотариус жауап бередi. Құжаттарды жəне бағалы қағаздарды 
сақтауға тапсырған адамға куəлiк берiледi. 
Сақтауға қабылданған құжаттар жəне бағалы қағаздар оларды сақтауға тапсырған 
адамға немесе заңды түрде уəкiлеттi адамға куəлiктi жəне олардың тiзiмiн көрсеткенде не 
соттың шешiмi бойынша қайтарылып берiледi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет