Нотариат (пəннің атауы) ПƏннің ОҚУ-Əдістемелік кешені


Дəріс №19. Мұрагерлік құқық туралы куəлік беру



Pdf көрінісі
бет29/44
Дата13.02.2023
өлшемі448,1 Kb.
#67504
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44
Байланысты:
Нотариат-

 
Дəріс №19. Мұрагерлік құқық туралы куəлік беру 
Ашылған мұра жөнінде мұрагерлерге хабарлау. Мұраға қатысты өтініштерді 
қабылдау. Мұраға құқық туралы куəлік беру мерзімі мен орны, тəртібі. 
Ашылған мұра туралы хабарлама алған нотариус тұратын жерi немесе жұмыс орны 
өзiне белгiлi мұрагерлердi бұл туралы хабардар етуге мiндеттi. Егер мұрагерлердiң тұрған 
жерi немесе жұмыс орны белгiсiз болса, нотариус мұраның ашылғандығы туралы 
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлама бере алады. 
Нотариус мұра ашылған орын бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына 
сəйкес мұрагердiң мұрадан бac тартуы немесе оған құқық туралы куəлiк беру туралы 
өтiнiштi жазбаша нысанда қабылдайды. 
Мұрагерлердiң жазбаша өтiнiшi бойынша мұра ашылған жердегi нотариус мұраға 
құқық туралы куəлiк бередi. Мұраға құқық туралы куəлiк беру Қазақстан 
Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген мерзiмде жүргiзiледi. 
Мұраға құқық туралы куəлiк Қазақстан Республикасы азаматтық заңдарының 
нормаларына сəйкес мұраны қабылдаған мұрагерлерге берiледi. Мұраға құқық туралы 
куəлiк барлық мұрагерлерге, олардың қалауларына қарай, бiрге немесе əрқайсысына жеке-
жеке берiледi. Нотариус қорғаншылықта немесе қамқоршылықта жүрген, кəмелетке 
толмаған немесе iс-əрекетке қабiлетсiз мұрагердiң атына мұраға құқық туралы куəлiк 
берiлгенi жөнiнде оның мүлiктiк мүддесiн қорғау үшiн мұрагердiң тұрған жерiндегi 
қорғаншылық жəне қамқоршылық органдарына хабарлайды. Мұраға құқық бойынша 
мүлiк мемлекетке өткен жағдайда мұраға құқық туралы куəлiк уəкiлеттi мемлекеттiк 
органға берiледi. Мұрагерлiк құқық бойынша мемлекеттiк меншiкке түскен мүлiктi есепке 
алу, сақтау, бағалау, одан əрі пайдалану жəне сату жөнiндегi жұмыстарды 
ұйымдастыруды уəкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзедi. Мұрагерлiк құқық бойынша 
мемлекеттiк меншiкке түскен мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан əрі пайдалану жəне 
сату тəртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Нотариус заң бойынша мұраға құқық туралы куəлiк берген кезде тиiстi айғақтарды 
талап ету арқылы мұра қалдырушының қайтыс болу фактiсiн, мұраның ашылған уақыты 


мен жерiн, мұраға құқық туралы куəлiктiң берiлуi жөнiнде өтiнiш берушi адамдарды заң 
бойынша мұраны иелену үшiн негiз болып табылатын қатынастардың болуын, мұралық 
мүлiктiң құрамы мен тұрған орнын тексередi. Егер заң бойынша бiр немесе бiрнеше 
мұрагердiң мұраны иеленуге тарту үшiн негiз болып табылатын айғақтарды табыс етуге 
мүмкiндiгi болмаған жағдайда, олар мұраны қабылдаған жəне мұндай айғақтарды табыс 
еткен басқа мұрагерлердiң бəрiнiң келiсiмiмен мұраға құқық туралы куəлiкке енгiзiлуi 
мүмкiн.
Нотариус өсиет бойынша мұраға құқық туралы куəлiк берген кезде тиiстi 
айғақтарды талап ету арқылы мұра қалдырушының қайтыс болу фактiсiн, өсиеттiң бар-
жоғын, мұраның ашылған уақыты мен орнын, мұралық мүлiктiң құрамын жəне тұрған 
орнын тексередi. Нотариус сонымен бiрге мұрадағы мiндеттi үлеске құқығы бар адамдар 
тобын анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет