Л.В.Занковтың дамыта оқыту технологиясы (бастауыш мектептерге);
Жеке тұлғаны дамыту технологиясы (И.С.Якиманская);
Өзін-өзі дамыту технологиясы (Г.К.Селевко);
Сыни тұрғысынан дамыту технологиясы.
Аталған оқытудың басты тәсілдері– материалды көрнекілік үйлесімділігімен бірге түсіндіру, ал оқушылардың іс-әрекеті – тыңдау және есте сақтау.
Артықшылықтары: уақытты үнемдеу, ұстаз бен оқушылардың күштерін сақтау, соңғылардың қиын білімдерді түсінуін жеңілдетеді, үдерісті басқарудың ең тиімділігімен қамтамасыз етеді.
Кемшіліктері: «дайын» білімді жеткізу және оларды меңгеру кезінде оқушыларды өз бетімен және натижелі ойлау қажеттілігінен босату, сондай-ақ, оқу үдерісінің елеусіз мүмкіндіктерін даралау және саралау.
Проблемалық оқытудың мәні мынада, оқушылар ұстаздармен бірге жүйелі түрде жаңа бір қиын мәселені шешімін дәлелдейді, соған орай олар өз бетімен білім алады, бұрын игерген білімдерін қолданады және шығармашылық тәжірибесін дамытады.
Артықшылықтары
Кемшіліктері
ойлау қабілеттерін дамытады,
оқуға деген қызығушылығын оятады, шығармашылық күштерін арттырады.
оқытылатын материалға, оқушылардың дайын болмауы, ұстаздың біліктілігіне байланысты әр сабақта қолдана бермейді.
Әдістемелік жағынан дұрыс құрылған проблемалық технология оқушылардың танымдық қызығушылығының дамуына жағдай жасайды, бұрын алынған білім қорын және тәсілдерінің қолданылуын анықтауға көмектеседі , негізгі мәселені ұғыну және одан шығу жолдарын табуға ықпал етеді.
Саралап оқыту – бұл ұстаздың оқу үрдісінде оқушылардың жалпы бір қасиеттерін ескере отырып топқа бөліп жұмыс жасауы.