«Нұр Бала-2021» жшс негізгі орта білім беру мектебінің 2023-2024 оқу жылына арналған Тәрбие жұмысының жоспары



бет1/17
Дата20.12.2023
өлшемі52,75 Kb.
#141657
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
тәрбие жоспары2023


«Бекітемін»
Мектеп директоры
___________________
«___» ____ 20_____ж


«Нұр Бала-2021» ЖШС негізгі орта білім беру мектебінің 2023-2024 оқу жылына арналған Тәрбие жұмысының жоспары
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
Тұрсынбек Ералхан Нұржанұлы

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының негізгі басқару функциясы


Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының негізгі басқару функциясы.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының басқару объектісі: педагог кадрлары, оқушылар және ата-аналар ұжымы. Аталған объектілерді басқару пәрменді болуы үшін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының өзіндік басқару қызметі алдын ала жоспарлануы қажет. Осыған байланысты «Педагог – Оқушы – Ата-ана» үштігі қызметінің дамуын қамтамасыз етуші басқару қызметінің жоспары мен мазмұнын қарастырайық.
I . Басқару қызметінің мазмұны:
Педагог кадрлармен жұмыс.
Мақсаты: сыныптар ұжымының қарым-қатынасын ұйымдастыру

  1. Сынып жетекшілерімен жүргізілетін әдістемелік жұмыстар.

Мақсаты: кәсіби білімі мен білік, дағдысының ғылыми-әдістемелік деңгейін көтеру.
Мазмұны:сынып ұжымындағы тәрбие жұмысын басқару, заманауи технологиялар мен әдістерді меңгерту, ұжымдық шығармашылық істер әзірлемелерін дайындау, тәрбие сағаттарын ұйымдастыру, сыныптағы зерттеу жұмысы, оқушы тәрибелік деңгейінің диагностикасы
Негізгі формалар мен әдістер: әдістемелік бірлестіктер жұмысы, семинарлар, педагогикалық оқулар, іскерлік ойындар, дөңгелек үстел отырыстары, психологиялық-педагогикалық консилиумдар, ашық тәрбиелік шаралар.
Күтілетін нәтижелер: сынып ұжымымен атқарылатын жұмыстарда сараланған әдіс-тәсілдерді қолдану

  1. Педагогтармен нұсқаулық әдістемелік жұмыстар:

Мақсаты: мектеп ұжымының қызметіне талдау жасау және бағалау, қойылған мақсатқа жету үшін тәрбиеге қатысушы барлық қызметкерлердің жұмысын үйлестіру
Мазмұны: нормативтік құжаттармен таныстыру, мектепте өтіп жатқан істер туралы ақпарат беру, атқарылған жұмыстар нәтижесін көрсету, талдау жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет