Мақсаты: ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, ата-ананың оқу-тәрбие үдерісіне қатысуын қамтамасыз ету
Мазмұны:мектептегі жағдаяттармен ата-аналарды хабардар етіп отыру, оларды оқу-тәрбие ісіне қатыстыру, ата-аналардың педагогика-психологиялық білімдерін жетілдіру, отбасы тәрбиесіне көмектесу.
Негізгі формалар мен әдістер:ата-аналар жиналысы, ашық есік күндері, лекторийлар, тәрбие ісі бойынша психологиялық-педагогикалық кеңес беру.
Нәтиже: ата-аналардың мектеп өміріне ризашылығы, отбасы тәрбиесінде педагогтармен бірлескен іс-әрекеттер.
Қосымша білім беру ұйымдарымен жұмыс Мақсаты: Қоғамдық және әлеуметтік ұйымдармен қарым-қатынасты ұйымдастыру
Мазмұны:оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, сұраныстары негізінде қосымша білім беру
Негізгі формалар мен әдістер:. Клубтар, үйірмелер, секциялар, бұқаралық тәрбиелік шаралар ұйымдастыру
Нәтиже: социумның тәрбиелік мүмкіндігін пайдалану
Білім беру ұйымының жұмысы нақты да дәл жоспарланған жағдайда ғана болжамдалған педагогикалық жетістікке жету мүмкіндігін береді.Сондықтан, педагогикалық қызметті жоспарлауды педагогикалық-психологиялық проблеманың шешу жолын анықтайтын нормативті басқару құжаты ретінде қабылдап, күтілетін нәтижені алдын ала болжамдау деп түсінуге болады. Бұл құжат мекеменің даму бағытын нақтылай отырып, оны жүзеге асыру жолдары белгіленген басқару тетігі.
Ал, мектеп жұмысын дұрыс жоспарлай білу және оны іске асыру – педагогикалық ұжым еңбегін ғылыми тұрғыда дәл есеппен ұйымдастыру болып табылады.
Жоспарлау дегеніміз -басқару қызметінінің мақсаты мен міндетінің орындалуын қамтамасыз ететін, өткізілетін уақыты мен орны, әдістері мен формалары, оған қатысушылары нақты белгіленген іс-шаралар жүйесі.
Қазіргі кезде мектепте төмендегі жоспарлау түрлері кездеседі:
Мектептің, сыныптың, балалар мен ересектердің басқа да түрлі ұжымдары (үйірме, клуб, секция, қоғамдық ұйымдар, өзін-өзі басқару) жұмысының жоспары.