3442
«Нұр себеле, ұлыстың ұлы күні Наурыз!»
(2-4 сынып оқушыларына арналған мерекелік бағдарлама)
Мақсаты: оқушыларға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының
салт-дәстүрін, ұлттық дүниетанымын, ұлттық киімін, тамағын, ұлттық ойындарын
насихаттап кӛрсету.
Кітапханашы: Міне жаңа ӛмірдің, қайта басталатын күн есебінің басы, кӛктемнің кӛш
басшысы ұлыстың ұлы күні наурызда келіп қалды.
Наурыз – қазақ халқы үшін береке-бірліктің, ел-жұрт,
ағайын-туыс арасындағы татулықтың, ерен еңбектің,
жаңарған тіршіліктің ұлы символы.
Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханға елімнің,
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата бабам тойлаған,
Наурызым, армысың!-дей отырып сіздерді Ұлыстың
ұлы күні наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол
болсын!
Бүгінгі Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесіне арналған «Нұр себеле, ұлыстың ұлы күні
Наурыз!» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!
Құттықтау сөз:
Аманбысың, армысың, халқым менің!
Ақтарған кең даламның алтын кенін,
Мереке басы болсын берекенің,
Ардақта, Наурыз тойын салтыңды елім!
Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз ӛнімді, тілектеріңіз қабыл болсын!
Ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге, Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын! Барлық
жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз тойларыңыз құтты болсын!
Қазақтың салт - дәстүрі бойынша тойдың бәрі шашумен басталады емес пе!
Осыдан соң әжеміз «Шашу» шашып, балаларға ақ тілегін білдіреді.
Кітапханашы:
Наурыз келсе,
Құт келгені халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық!, - деп шашу шашады.
Музыка ойналады: «Наурыз» Р. Рымбаеваның орындауындағы ән.
Қашанда құт - береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу-салты елімнің,
Уа, халайық теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілегін!
Кітапханашы: - Ал енді балалар қарсы алайық «Наурыз» аруымызды.
Наурыз-қыздың сөзі:
«Наурыз» қызбын.
Нӛкерлерім қасымда.
Ұлыс күнге,
Жеттім міне асыға.
Келген жылым,
Жақсылыққа басташы.
Қуанышпен әр үйдің,
Босағасын атташы.
Келген жылым,
Шуағыңмен, тасып от.
Адамдарды бір-біріне ғашық ет.
Келген жылым,
Болсын дәйім бақытты.
Тыңдаңыздар енді халқым,
Жыл иесі ұлуды.
Ұлу жылының сөзі:
Армысыздар, құрметті, оқушылар және мерекенің қонақтары! Мен сіздерді бүгінгі
қуанышты күндеріңізбен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ӛмір, еңбекте жеміс,
оқуда озат болуды тілеймін!
Кітапханашы:
Қош келдің ұлу жылы
Біз сені кӛптен күттік
Келгеніңе ӛте қуаныштымыз,
Кел, қонағымыз бол, тӛрлет.
Наурыз мерекесі күні - қасиетті күн. Наурыз айын ерекше қасиеті бар ай ретінде
бағалаған.
Наурызды ата-бабаларымыздың сӛзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн.
Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі
ретінде тойланған.
Алдымен «Наурыз» деген сӛздің ӛзіне тоқталатын болсақ, бұл кӛне парсы сӛзі. Қазақша
аударсақ, алғашқы буыны нау-жаңа, рыз-күн деген ұғымды білідреді. Сонда жаңа күн деген
сӛзден шыққан екен, яғни жылдың алғашқы күні-жыл басы. Бұл біздің халқымызда күн мен
түн теңелер мезгіл-наурыз айының 22-нші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл-қыс бойғы қар еріп,
жер жүзі кӛгеріп, кӛктеп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып жаңартқан шақ.
Бұл күні аталарымызбен әжелеріміз үй-үйді, ауыл-ауылдарды аралап, наурыз кӛжеден дәм
тататын. Үлкен-кішіге ақ баталарын беріп, ізгі тілек тілісетін болған. «Ұлыс күні қазан толса,
ол жылы ақ мол болар» деп нақыл айтып, ауыл арасын бірлікке, татулыққа, ынтымаққа
шақыратын. Жыл басы наурыз-күні айтылған бұл тілектер ақ болып, толық орындалады деп
ырым ететін.
Оқушыларымыздың наурызға арналған өлеңдерін тыңдайық.
1-Оқушы:
Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Наурыз тойы салтанат,
Наурыз тойы мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.
2-Оқушы:
Қыс ӛтіп, қар кетіп,
Шырайлы да жаз жетіп,
Шаруаның кенелген,
Мейрамы ежелден.
Құтты болсын, Наурыз!
Жаңғырар дәстүр салтымның,
Кӛзелсін бұлақ жылғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке «Наурыз» жыл басы.
3-Оқушы:
Малдар тӛлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан!
Кітапханашы: Наурыз мерекесіне тән үлкен ырым ас, ұлттық тағам – наурыз кӛже екенін
барлығымыз да білеміз. Осы Наурыз кӛже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады.
Халықтық дәстүр бойынша оған: бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз қосылуы тиіс.
Жеті түрлі дәм салынады әрі «тек мына дәм салыну керек» деп шектеу қоймаған. Әркім
қолындағы бар азық-түлігіне қарайды.
Сӛйтіп, Наурыз күні қазандар кӛжеге толады. Ауыл ақсақалдары бастаған кісілер үйлерге
кезегімен кіріп, қонақ болады. Әдетте әйелдер ыдыс ала жүреді. Әр үйден құйып әкелген
кӛжені ӛз үйінің қазанында қалған кӛжеге қосқан. Бұл дәм-тұзымыз араласып, ынтымақ-
бірлігіміз нығайсын, кӛже секілді мидай араласып, кӛжедей дәмді қатынаста болайық,
біріміздің ырысымыз бірімізге жұғысты болсын деген үлкен ұғымды білдіреді.
Жаңа жылда тойымшылық, молшылық, мәнді де, татымды ӛмір болсын деген ырымды,
тілекті паш етеді.
Халық арсында Наурыз кӛжені тойып ішкен адам келесі жылға дейін ішім-жемнен
тарлық кӛрмейді деген ұғым бар.
Кӛжені ыдысқа толтырып құяды, бұл – «жаңа келген жылдан несібесі ортаймасын»
дегендік. Әрі сол құйылған кӛжені тауысып ішу керек, әйтпесе ырзығы кем болады дейді.
Кӛже пісіріп, қазан-ошақ басында жүрген келіндерді шақырып, ақсақал аталар:
Кӛже істеген келінде
Достарыңызбен бөлісу: |