«Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні»


– жүргізуші: Булаган Саяның орындауында «Балбырауын» күйін тамашалаңыздар. (2 номер)



бет2/3
Дата12.10.2024
өлшемі22,65 Kb.
#147884
1   2   3
Байланысты:
«Қош келдің, әз Наурыз!» сценарий

1 – жүргізуші: Булаган Саяның орындауында «Балбырауын» күйін тамашалаңыздар. (2 номер)

2 – жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,


Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн – Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

1 – жүргізуші: Жыр сыйлайық, нұр сыйлайық тірлікке,


Қастерледік қадіріңді білдік де.
Құтты болсын ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.

2 – жүргізуші: Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасына орай өткізілетін іс- шаралар жоспары бойынша 20 наурыз Ұлттық спорт күні «Ұлттық ойындар» кешенін өткізу болатын. Осыған орай, колледжіміздің дене тәрбиесі пәні оқытушыларының даярлаған ұлттық ойындарына кезек берейік.


????????????????????????????????

1- жүргізуші:


Келіңдер, Наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямай өнерпаздар ән мен жырын.
Тойлайық халық тойын Наурызымның,
Шуағын жерге төккен бақыт күнін.

2- жүргізуші:


Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық ән салайық.
ҚаҺарлы қыстан өтіп Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық!

Ортаға бишілерімізді шақырамыз. (3 номер)
1 – жүргізуші:
Ана жақтан қыз-келіншектердің сыңғырлаған күлкісі естіледі, кімдер екен келе жатқан?
Әуен ойналып тұрады. Ортаға бірнеше қыз-келіншектер келеді.
– Уа, халайық! Тойға келіңдер, тойға!– Нұрлы Наурыз тойы құтты болсын!
– Уа, көпшілік! Ұлу жылының айтулы тойы, біздің колледждің Наруыз мерекесі құтты болсын! (қыз-келіншектер сөйлеп келеді.)

2 – жүргізуші:


Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен, Жер Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
Осы наурыз мерекесіне арналған «Бұрымды қыз» атты байқауымызға қош келдіңіздер!

1 – жүргізуші:


Қазақ халқы «қыз» деген сөздің өзін әдептіліктің, әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Әсіресе қыз баланың көрікті болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөліп, «Аттың көркі — жалы, қыздың көркі — шашы» деп қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Ол үшін оның шашын айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын «қос бұрым» немесе «бестемше» етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған. Қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын: «Шашының ұзындығы ізін басқан», «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты» деп, керемет суреттеген. Ал енді, бүгінгі байқауға қатысушы аруларымызды ортаға шақырамыз.
(Арулар ортаға кезекпен шығады)
Отырған көрермендер бағасын береді.

2- жүргізуші:


Білесіңдер ме? Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді. Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ тамақ басым болады. Өйткені бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет