Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!



бет5/5
Дата07.04.2023
өлшемі28,92 Kb.
#80258
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тәрбие сағат жоспары 3 сынып

Сания Санжармен кіреді.
Киелі сан. Бұл күні басты тағам - Наурыз көже. Оны кем дегенде жеті түрлі дәмнен: су, сүрленген ет, тұз, май, дән, айран, құрт және басқа дәмдерден жасайды. Тұзды қосқаны тұз астың дәмін келтіреді. Тіпті «Тұз астын дәмін келтіреді, мақал сөздің мәнін келтіреді» деген де сөз бар. Сүт немесе ақ құйғаны - «Сүттей ұйып отырайық, көңіліміз ақ, таза болсын» деген ұғымды білдіреді. Қазақта: «Ағы бардың бағы бар» деген түсінік бар. Құрт қосатын себебі - құрт аурушаң адамдарға қуат беретін күшті ас. Ет қосқаны - ет қазақтың төл асы. «Қазан толсын, асар мол болсын» деген мақсатта сақталған сүр етті Наурыз көжеге мол етіп салған. Ал дәнді дақылдардың емдік қасиеттері бар. Бұл күні барлық адам наурыз көжені тойып ішулері керек. Тойып ішкен адам жыл бойы тоқ жүреді, дені сау болады, отбасында береке-бірлік орнайды деген сенім бар.
Досжігіт Бейбарыспен кіреді.
Ақ бата. Бұл күні ақсақалдар ақ батасын аямайды. Қазақ халқында батаның небір түрлері бар. Сондай баталардың бірі төмендегідей:
Ұлысың оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барса да жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Әумин!


Байболсын
Жарқырасын Көлқұдықтай жеріміз!
Асып-тасысын байлығымыз, кеніміз
Ел сүйсініп дәулетіне елімнің,
Малға толып жатсын барқыт беліміз!

Тойла бүгін тауларым мен боз далам,
Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам.
Мереке боп келген бүгін Наурызым!
Береке бол ешқашанда тозбаған!
Осымен дайындаған шағын мерекелік концертіміз аяқталды. Келесі Наурызда аман сау кездесуімізге алла нәсіп етсін. Хош сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет