Би «Қазақ биі» Мұғалім: Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша ұлттық ерекшелік, дәстүр бар. Әр халықтың туа біткен болмысына, өмір кешу жағдайына қарай қалыптасқан осы дәстүрлердің тозығын уақыт өзі екшеп, озығын ел кәдесіне жаратып жатыр. Соның бірегейі есте жоқ ерте замандарда туып, қалыптасып, дамып жетіліп, бүгінгі күннің де қажетіне жарап отырған халық ауыз әдебиеті болса, оның ең бір өміршең жанры – айтыс.
Айтыс – ақындар үшін сөз таласы, сөз барымтасы, сөз майданы ғана емес. Ол – ақындық өнер салыстыратын, жауаптаса отырып, білім шарқын байқататын жер. Сондықтан да айтысқа түсетін әрбір ақын бұл жағдайды жақсы ұғынып, үлкен дайындықпен келетін болған. Бұл ретте айтысқа түсетін ақынды С.Мұқанов бәйгеге қосылатын тұлпарға теңейді.Олай болса ортамызға сыныбымыздың айтыскерлерін ортаға шақырсақ.
Еркеқыз бен Біржан ортаға шығады. Біржан: Ата-баба дәстүрін
Үйренуден қашпаймыз
«Айтыс» десе сәнденіп
Қыздар іздей бастаймыз
Еркеқыз: Біржан болып сен келсең
Ақын Сараң мен болам
Сәйгүлік болып сен шапсаң
Аққу құсың мен болам
Біржан:_Түрлендіріп_қамшы_өрсем_Қыздарың_таң_қалады_Күмбірлетіп_күй_шертсем_Мұнда_думан_болады_Еркеқыз'>Біржан: Біздің топтың ұлдары
Шеттерінен ақылды –ақ
Жұмбақ, тақпақ бұл тойға
Айтып берер тақылдап
Еркеқыз: Үй жабдығын бұл тойға
Біздің қыздар сәнденді
Қонақ күтіп, ән салды
Ұлдарынан кем бе еді
Біржан: Түрлендіріп қамшы өрсем Қыздарың таң қалады Күмбірлетіп күй шертсем Мұнда думан болады Еркеқыз: Мақтандың ғой жігітім
Өнеріңді көрейік Көрсет сәнді қамшыңды
Біздер баға берейік
Біржан: Тойға барам деген соң
Домбыра ұстап жетіп ем Шашақталған қамшымды Үйге тастап кетіп ем Еркеқыз: Қалып қойса қамшыңыз Тағы тойға келерсіз Сол қамшыны мына бізге
Сонда сыйға берерсіз Біржан: Қоштасайық халықпен Ақындарын пір тұтқан
Сөз өнерін шөлдегенде Рахаттана бір жұтқан
Мұғалім: Наурыз тойда ұлттық ойындар ойнатылады. Кезекті ұлттық ойынымыздың бірі «Оқтау тартыс»