Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы «Ж. Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесі



бет8/18
Дата07.01.2022
өлшемі92,64 Kb.
#19226
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
жоба Гүлназ

І ТАРАУ. ГЕНДЕР ЖӘНЕ ТІЛ
1.1 Тіл біліміндегі гендер ұғымы туралы түсінік

Гендер әйел мен ер жынысының әлеуметтік ортадағы, қоғамдық-мәдени (отбасы, саясат, мәдениет, білім беру, т.б.) орнын анықтайды. Гендерлік қатынастар әлеуметтік ұйымның маңызды қыры болып табылады, яғни қоғам дамуын айқындайтын әлеуметтік қатынастарға ықпал етеді. Олар тілде мәдени концептілер түрінде бейнеленеді және тұлғаның мінез-құлқы, сөйлеу ерекшелігі, тілдік әлеуметтенуіне ықпал етеді. Гендерлік қатынастар адам қызметінің көптеген саласын қамтитындықтан, гендерлік зерттеулер пәнаралық байланыста сипатталып келеді.



Тұңғыш рет гендер ұғымын ғылыми тіркеске американдық психоаналитик Роберт Столлер 1968 жылы енгізді, ғалым бұл сөзді өзінің «Жыныс және гендер» еңбегінің атына пайдаланды. Осы категориялардың айырмашылығын түсіндіре отырып, ол былай жазады: «Сөздіктер «жыныс» сөзінің негізгі мағынасы биологиялық деп көрсетеді, алайда осындай сөз қолданудың жыныс өкілдерінің мінез-құлқын, сезімін, ой мен қиялын қамтуға шамасы келмейді, сондықтан психологиялық құбылыстардың кейбіреулері үшін біз «гендер» терминін пайдаландық. Жыныс биологиялық, ал гендер психологиялық, демек мәдени феномен болып табылады. Жыныс пен гендер арасындағы айырмашылық төменде 1-сызбада көрсетіледі:

(1-сызба)

Сонымен гендер еркектер мен әйелдер арасындағы биологиялық айырмашылықты емес, әлеуметтік ерекшелікті анықтау үшін пайда болғанын көреміз.

Гендер теориясын тануда, оның негізгі мәселелерін анықтауда нысана тұтатын негізгі гендерлік ұғымдар бар [1]. Олар:



Гендер (ағыл. Gender – тек (род), жыныс) – «әлеуметтік жынысты» биологиялық жыныстан айыру үшін қолданылатын термин. Өткен ғасырдың 80-жылдары жыныстық айырманың әлеуметтік қырын бөліп көрсету үшін феминистер қолданды, феминизм теориясы дамуының жаңа кезеңін білдіреді, қазіргі кезде әйел мен еркекке бірдей, мәдени таптаурындармен байланыстырылады.

Гендерлект – бір тіл аумағында әлеуметтік жынысқа – әйелдер мен ерлерге байланысты, олардың әрқайсысының сөз саптауында кездесетін тілдік бірліктер (сөз, сөйлем, сөз тіркесі, фразеологизм, мақал-мәтелдер). Гендерлект терминін ғылыми қолданысқа алғаш енгізген лингвист Дебора Таннен.

Гендерлік рөлдер – белгілі бір қоғамда және тарихи жағдайда қолданылатын әлеуметтік және мәдени нормаларға сәйкес ерлер мен әйелдер атқаратын әлеуметтік рөлдер. Соған сай, әрбір жыныс өкілінің қоғамдағы міндетті деп танылған сөйлеу әдебі, мінез-құлық, дене қимылы т.б. талаптардың орындалуы шарт. Гендерлік рөлдер әр қоғамда, әр түрлі этномәдени, діни, әлеуметтік топтар мен жіктер арасында бірдей емес. Алғашында гендерлік рөлдер жыныс өкілдерінің биологиялық сипатына қарай жіктелген. Айталық, әйелге үй шаруасы, ерге түз шаруасы тән болған. Б.Хасанұлы айтқандай, «Гендер факторы ең ежелгі заманнан көрініс береді. Алғашқы қауымда әйел мен ердің, қыз бен жігіттің топтық өзіндік тілі болған. Еңбек бөлінісі биологиялық айырмашылыққа құрылған. Қазақтың «ер адам – түздікі, әйел – үйдікі» деген сөзі ертеде айтылса керек. Осының нәтижесінде әр жыныс өкілінің айырма өз сөздігі пайда болды. Аңшылық тақырыбындағы сөздерді ерлер қалыптастырған, ал үй шаруашылығына байланысты сөздерді әйелдер қалыптастырған. Соның бір белгісі – көне әйелдер күнтізбесі (ІҮ ғасыр күнтізбесі) болған [ 2, 284]. Ғалымның бұлай топшылуы гендерлік айырмашылық, гендерлік рөлдер ертеден-ақ қалыптасқанын, ол күнделікті тұрмыста еңбек бөлінісі пайда болғаннан бері көрініс тапқанын растайды.

Белгілі бір тіл аумағында әлеуметтік жынысқа, яғни әйелдер мен ерлерге байланысты, олардың әрқайсысының сөз саптауында кездесетін тілдік бірліктер (сөз, сөйлем, сөз тіркесі, фразеологизм, мақал-мәтелдер) гендерлект болып аталады. Әйелдер мен ерлер әр заманда әр түрлі мәдени-тілдік кеңістікте өмір сүре отырып, қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық т.с.с. өзгерістерді өздерінше қабылдап, сол қабылдағанын тіл арқылы әр түрлі белгілеген реттері анық байқалады. Бұған себепші жағдайлар жетіп артылады. Екі жыныс өкілі де жұмыс, кәсіп түрлері бойынша ажыратылады. Тілде көрініс беретін гендерлік ерекшеліктер ер мен әйел атқаратын қызмет түрлеріне қатысты қазақ санасында қалыптасқан. Халқымыз көшпелі өмір сүріп, табиғатпен етене жақын өсіп, негізгі кәсібі мал, аң, егін шаруашылығын үйлестіре отырып, оны ұрпағына мұра етіп қалдырған. Қазақтың байырғы тұрмыс-тіршілігінде де сыртқы шаруаны ер тындырса, үйдің мүлік, ас-ауқат рәсімін әйел атқарған. Аң аулау, мал бағу, егін салу еңбегін атқарған – ер адам. Сондықтан да, аңшылық – гендерлект. Әлбетте, аңшылық қазақтың күнкөріс кәсібі ғана емес, сонымен қатар саятшылық жас жігітті еңбекке, ерлікке баулыған, жастарды өнер-білімге, ойын-сауыққа, сайыс-спортқа жаттықтыратын болған. Өнерлі, айлалы аңшыларға байланысты «Құралайды көзге атқан мерген», «Жаман мерген бір теке атқан жеріне үш барады», «Балық аулай алмаған суды лайлар» деген гендерлектілер кездеседі. Қазақы гендерлектілерінің бірсыпырасы қазақтың арғы тегі – түркі тектес халықтарынан бастау алған зергерлік өнеріне байланысты. Ерлер арасында білезік, сақина, жүзік, алқа, шашбау, сырға тәрізді әйел қолды бұйымдарды жасайтын, ер-тоқым, айыл-тартпа, жүген-құйысқан, үзеңгі-өмілдірік секілді ат-көлік әбзелдерін алтынмен аптап, күміспен күптейтін зергерлер көп болған. Сондай-ақ бұл өнер қазақ қоғамында ісмер әйел гендерлектісін қалыптастырды десек болады. Ісмер әйелдер көбінесе мырзалардың, байлардың, ұзатылатын қыздардың жасауын, киімін тіккен. Тымақ, кәмшат бөрік, қатипа тақия, пұшпақ ішік, қасқыр ішік, ақ қалпақ, түлкі ішік, сәукеле сынды бұйымдарды ісмердің ақысын төлей алатындар ғана тіккізген. Кейбіреуі бестілік ат тұратын бұл киімдерді қай ісмердің тіккенін жұрт бірден танитын болған.

Қорыта келгенде ХХ ғ. 70-80 жж. «жыныс» пен «гендер» түсініктері тақырыптық тұрғыдан бөлінді, бұл гендерлік зерттеулерді жаңа теориялық қабатқа шығарды. Егер де «әйелді зерттеулер» патриархат, патриархаттық байланыс және әйел тәжірибесінің негізінің талдауымен ерекшеленсе, онда гендерлік зерттеулер гендерлік жүйені талдауды нысанаға алды. Феминистік зерттеулердің қойнауында пайда болған гендерлік әрекет мәдениеттегі айырмашылық контексіндегі индивидтің гендерлік әлеуметтенуін әлеуметтік детерменанттың қажетінде көрсетеді. Ал гендердің өзі индивидтердің барлық мәдени даму сатыларында және барлық әлеуметтік процесстерде айқындалады, жаңадан өндіріледі, құрастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет