Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы «Ж. Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесі
жоба Гүлназ
КІРІСПЕ Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі мерекесі тойланғалы отыр. Егемендік алған осы қысқа уақыт ішінде Елбасының «Мәңгілік ел» идеясымен тамырлас жатқан ұлттық тәрбие, ұлттық мәдениет, ата тарих, ана тілі, ұлттық код мәселелері де өз кезегінде тиісті дәрежеде көтеріліп отыр. Қоғам саласындағы басқа да салалар секілді Отандық ғылым да тың қырынан зерттеле бастады. Оның ішінде тіл білімі де қалыс қалған жоқ. Әлемде жасап жатқан кез келген халықтың, ұлттың келбеті оның тілінде көрініс беретіні анық. Осы орайда тілімізде көмескіленген немесе жаһандық үрдіске енді ілесіп келе жатқан ғылыми салаларды зерделеудің жөні бөлек. Ұлттық мәдениеттегі, тілдегі адам феномені ХХІ ғасырда тек лингвистер немесе басқа гуманитарлық бағыттағы ғылым өкілінде қалып қоймай, өнер, жаратылыстану т.б. көптеген ғылымдар тоғысында зерттелуде. Қазіргі тіл білімінде басымдыққа ие бола бастаған антропоөзекті бағыт адам қызметінің тұлғалық және әлеуметтік қырларына деген қызығушылықты арттыра түсті. Соның нәтижесінде тілдік болмысты таныммен байланыстыра, сол тілді тұтынушы адаммен сабақтастықта зерттеудің маңызы артып отыр. Гендерлік зерттеулер – қазақ ғылымы үшін соны құбылыс. Кезінде гендерлік зерттеулер туралы қазақ тіл білімінде нақты сөз қозғалып, ғылыми зерттеулер жазылмаса да, оның ұшқынын қазақ халқының таным-түсінігінде әйелге қатысты қалыптасқан тілдік ерекшеліктерді сөз еткен Ә.Ахметовтің «Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер», М.Бимағамбетованың «Қазақ сөз этикеті» еңбектерінен табуға болады. Бұдан біз қазақ тіл білімінде гендерлік мәселелер бұрын да ғалымдардың назарына іліккендігін байқаймыз, дей тұрса да бұл факторлар қазіргі кезде Отандық тіл білімінде жан-жақты арнайы қарастыруды талап етеді. жүктеу/скачать 92,64 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |