9.3.2.1 ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әскери өнеркәсіп кешендерінің Қазақстанға тигізген зардаптарын талдау.
Ұйымдастыру кезеңі.
Қырғиқабақ соғыс саясаты Кеңес одағында әскери өнеркәсіптік кешенінің ауқымды дамуына негіз болды. Бұрын әскери өнім шығарған КСРО-дағы кейбір кәсіпорындар көпшіліктің сұранысына ие болған өнімдерді шығаруға бағыт алды. Қазақстанда ірі әскери кәсіпорын өндірісі жұмыс істеді. Кеңес Одағында атом қаруын жасау жұмыстары қарқын алды. Қазақстанда ядролық қару жасаудан уран өндіруден бастап ядролық қаруды сынауға дейінгі барлық кезеңдерін қамтитын қуатты ядролық ғылыми өндірістік кешені құрылды. 1947 ж. 1 тамызда Қазақ КСР-де сынақ алаңын құру туралы шешім қабылданды.
1989 ж. ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды. 1991 ж. 29 тамызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Семей сынақ алаңын жабу туралы» Жарлыққа қол қойды. 1995 ж. 1 маусымда Семей ядролық сынақ алаңында 130 м. тереңдіктегі ұңғымада ұзындығы 592 м. сынақ үшін дайындалған соңғы ядролық заряд жойылды.
Әскери өнеркәсіптік кешен деген не?
Ядролық сынақ алаңын құру туралы шешім қашан қабылданды?
Сынақ қай обылыстардың түйіскен жерін алып жатты?
«Семей сынақ алаңын жабу туралы» жарлыққа Елбасы Н.Ә.Назарбаев қашан қол қойды?
1-тапсырма. «Тірек сызба әдісі» арқылы
Дескриптор:
Білім алушы
«Тірек сызба әдісі» арқылы берілген сұраққа жауап береді