ІІ топ қатысушыларының кәсіби мәселелері: - Бастауыш сынып оқушыларының жылдам оқыту дағдыларын қалыптастыру;
- Бастауыш сыныптарда оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту арқылы сөздік қорларын арттыру;
- Балалар ХХІ ғасырда білімді, табысты болу үшін нені үйренуі керек?;
- Ата - аналармен жұмыс жасау бағыттары;
- Бастауыш сынып оқушыларының математика сабағында сөзді есепті шығарудағы кездесетін қиындықтарды жою стратегиялары;
- Бастауыш сыныпта оқушылардың сауатты сөйлеу дағдыларын дамыту жолдары;
- Бастауыш сыныптарда оқушылардың көркем жазу дағдысын қалыптастыру;
- Бала тілінің дамуы қиындықтар шешу жолдары;
- Бастауыш сынып оқушыларын кітап оқуға құштарлығын мазмұндату арқылы жетілдіру.
Оқу жылында 6 топттық сессия, 2 мектепаралық кездесу, 3 бетпе-бет кездесу барысында жобағы қатысушы ұстаздармен кәсіби мәселені айқындау, кедергілер мен шешу жолдары, жобаның жүзеге асуы, ілгерілеу мен жетістіктері бойынша үнемі жұмыстар жүгізіліп, бағыт-бағдар беріліп отырды.
Мектептің дамуына тигізген ықпалы: «Қазақстан ұстаздарының көшбасшылығы» бастамасы ұстаздардың шығармашылық әлеуетіне, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға әсері өте жоғары болды. Бұл жоба ұстаздардың да жеке өсуі үшін мотивациялық сипатқа да ие болды. Сонымен қатар, ұстаздарға мектебімізде оқыту мен оқуды жақсартуға арналған жобаларды бастауға жəне оларға жетекшілік етуге мүмкіндік береді.
ІІ топтағы бастауыш сынып мұғалімдерінің даму жобасының нәтижесінде үштік одақ жұмысы жүйелі жүзеге асты десек болады. Сөзімізді дәлелдеу үшін, кәсіби мәселені жүзеге асыруда барлық қатысушы ата-анамен тығыз байланыста болды.
Жұмыс барысын саралай келе, төмендегідей бірлескен жұмыстар жүргізілді:
- әлеуметтік желі арқылы жұмыс тобын құрылды;
-жоба жұмысын бақылайтын ата-аналар тобын құрылды:
-ата-аналармен оқушының қызығушылығын арттыру мақсатында байқаулар ұйымдастырылды;
-онлайн вебинарлар өткізілді;
-ата-аналар жиналысының форматын өзгерту арқылы ата-ана көзқарасын жаңаша бағытқа өзгертілді;
-ата-аналармен бірге марафон, челендж өткізілді.