Толеубаева Самал Жаксылыквона, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, еңбек өтілі 26 жыл. (TLK-ҚҰК фасилитаторлары)
Нұр-Сұлтан қаласы М.Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназия
2019 жылдың шілде айынан бастап «Қазақстан ұстаздарының көшбасшылығы» (ҚҰК) жобасы Сорос-Қазақстан Қорының қаржыландыруымен “Бәріне арналған мектеп” қоғамдық білім беру қоры (Қазақстан) HertsCam кәсіби қоғамдастығы (Ұлыбритания) және Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебімен (Қазақстан) серіктестікте жүзеге асыра бастады. Жалпы жоба үш жылға жоспарланған, бүгінде жобаның үшінші жылы аяқталып отыр.
Біздің мектебімізде соңғы екі жылда Қазақстан ұстаздарының көшбасшылығы (ҚҰК) бастамасы Ұлыбританияның кәсіби қоғамдастығы HertsCam ұйымымен бірлесе отырып, Қазақстан ұстаздарының көшбасшылығын дамыту және көшбасшылық қабілеттерін жетілдіру мақсатында жүргізіліп келеді.. Кәсіби қауымдастығына биылғы 2021-2022 оқу жылында бастауыш және жоғары буын бойынша 30 пән мұғалімдері қатысып отыр. Бізге фасилитатор ретінде екінші топқа, яғни 13 бастауыш сынып мұғалімдері біріктірілді. Қазақстан Ұстаздарының көшбасшы жобасы алғаш тәжірибеге енгізілген кезде қатысушы ретінде өз кәсіби мәселемізді зерттеген едік. Соның нәтижесінде биылғы оқу жылына басқа әріптестерімен көшбасшы, жетекші болып отырмыз.
Жобаға ұстаздарды іріктеу аталмыш оқу жылында желтоқсан айында басталғанмен, қиындық тудырмады. Өткен жылдардағы тәжірибеге енгізген ұстаздардан кейін өзіндік қызығушылығын танытып, ұстаздар өздері жобаға қатысуға ұсыныс жасады. Дегенмен, жоба барысының талаптарын түсінбей жатты.
Алғашқы топтық кездесудің мектеп фасилитаторларымен келісе отыра, қатысушы мұғалімдердің қызығушылығы мен ынтасын арттыру мақсатында сессия форматын кофе-брейк түрінде өткізуді жөн көрдік. Бірінші топтық сессияда «Көшбасшы мұғалім кім?», «Ұстаз көшбасшылығы дегеніміз не?» деген сұрақтарға жауап беру мақсатындағы түсіндіру топтық сессиясы өтті. Көшбасшылық – мұғалімнің шығармашылық көрінісі іспеттес. Дамыту жұмысының көшбасшысы ретінде – оқушылардың оқуға деген белсенділігін жоғалтып алмай, арттыру жолдарын қарастыру. Жұмыстың нәтижелегіне әрекет жасау. Жоба соңындағы күтілетін нәтижемен таныстырылды.
Жобадан күтілетін нәтиже төмендегідей:
мұғалімдер мен мектеп басшылары білім беру инновацияларын басқаруға жауапкершілік ала отырып, оны жақсартуға бағытталған жұмыстар атқара алады;
мұғалім практика жүзінде мәселенің шешу жолдарын көрсете отырып, өзін-өзі толығымен кәсіби жетілдіре алады;
халықаралық деңгейдегі зерттеушілігі үшін сертификатталады.
Жобаның 7 педагогикалық қағидамен таныстырып өттік. Менің ойымның ілгері дамуы, оқу үдерісі мен менің дамыту жобамның алдыға басуы жөнінде жазбаны жүйелі түрде жүргізу үшін маған қандай әдеттер /күнделікті іс-әрекеттер жасау керек/ қабылдау керек ? Осы сынды сұрақтарға жауап берілді. Бағдарламаның құрылымымен таныстырдық. Бірлесе отыра әдептілік ережесін бекіттік. Бұл сессияға өз мәселесімен бөлісіп, оның шешу жолдарын бірігіп қарастырғысы келген болашақ көшбасшы ұстаздар қатысты. Сессия барысында ашық ой айтып, шынайы пікір алмасып, алдағы жұмыстарымызды жоспарладық.
Сессия соңында көшбасшы жобасына қатысатын ұстаздарға өз тәжірибесінде, сабақ беру үдерісіндегі кемшілік тұстары мен олқылықтарды зерттей отыра, кәсіби мәселені анықтау тапсырылды. Келесі күндердегі бетпе- бет кездесуде мұғалімдер өз тәжірибесіндегі бірнеше мәселені қозғап, ортаға сала отыра, өз кәсіби мәслесін анықтауға бағыт-бағдар берілді. Пікірлері мен ойларын жетелеу арқылы нақты мәселені айқындай алды. Мұғалімдер өзара белсенділік таныта қызу талқылауға кірісті. Бұдан байқалғаны белсенділігі төмен мұғалімдердің де әлеуеттері жоғары екені байқалды.
Бірінші республикалық мектепаралық кездесу өткізілді. Кездесу барысында жобаға қатысушы ұстаздар жоба бастамасы негізінде көптеген сұрақтарына жауап ала білді.
№2 топтық сессия 10.01.2022 күні өткізілді. Сессия мақсаты:
мектептегі жағдаяттарды түсініп, кедерліглерді анықтау, дамыту жобасы арқылы кімге, неге ықпал ететінін түсіну;
іс әрекеттер жоспарын құру.
Кездесу барысында ұстаздар мктепаралық кездесуден кейінгі өз ойларымен бөлісті. Өз кәсіби мәселесін нақты анықтауда бағыт алғандығын айтып өтті. Сессия барысында жобаға қатысты әдбиет көздерін талдау жасалды. Веб сайттар мен онлайн кітаптар тізбесі ұсынылды. Ондағы мақсат: қатысушылардың кәсіби мәселесін себептерін түсініп, оны шешу жолдарын анықтау. Құралдармен жұмыстану арқылы қатысушылардың белсенділігі байқалды. Іс-әрекеттер жобасының алғашқы үлгісі құрылып, өзара талқылау жұмысын жүргіздік. Талқылау барысында жобаның ықпалына және қажетті ресурстарға басымдық жасау маңыздылығы басшылыққа алынды. Тапсырмадан соң фасилитаторлар қатысушыларға зерттеу жобаларының жүргізілуін қарастыруға, ондағы қарастырылған мәселелерді айқындауға бағытталған сұрақтар төңірегінде сұқбат жүргізді. Талқылау барысында қатысушылардың кедергі мәселелері де анықталып әріптестермен пікір алмасты, мәселелерін қайта қарастырды.
№ 3 топтық кездесу 02.02.2022 күні өткізілді. Сессияда кәсіби мәселені жақсырақ түсіне отырып, зерттеуді қалай жүргізіп жатқандарын, әдебиет көздерінің кәсіби мәселе бағытына қаншалықты қажеттілігі туралы ойларымен бөлісті. Біздің топтағы ұстаздардың кәсіби жобасының нақты қадамдармен жүріп жатқанын көрдік. Атап айтқанда, Авдирахман Бахытгул «Бастауыш сыныпта оқушылардың сауатты сөйлеу дағдыларын дамыту жолдары» кәсіби мәселесін дамытуда өзі сабақ беретін 2 «А» сыныбында барлық пәндерден оқушыны қызықтыра отыра, сыни ойлауға негізделген түрлі әдістермен бөлісті. Топтық сессия барысында ұстаздардың ізденіс үстінде екенін байқадық. Дамыту жобасын жүргізе отыра, кәсіби мәселедегі ілгерілеу бар екендігіне көз жеткіздік. Сессия барысында кәсіби мәселелері ұқсас әріптесерді топтастырдық. Ондағы мақсат кәсіби мәселені жақсырақ түсіну үшін әріптестердің пікірімен бөлісу болды.
19.02.22 күні № 1 мектепаралық кездесуде жобаға қатысушы Авдирахман Бахытгул өз тәжірибесімен бөлісті.
№ 4 топтық сессия 19.02.2022 күні жоспар ойынша өткізілді. Сессия барысында дамыту жобаның ықпалы неде?. Ұстаз, оқушы, мектеп дамуындағы іс-әрекет жайлы талқыланды. Қатысушылар өзара талқылау жасап, кемшіліктері мен ілгерілеу тұстарына тоқталды. Қатысушылардың кәсіби мәселеллерін SWOT талдауға салдық.
Күшті жақтары:
*ынтымақтаста жұмыс;
*топтық белсенділік артады;
*оқуға деген мотивациясы күшейеді.
Әлсіз жақтары:
*инфрақұрылым жоқтығы;
* «Алтын ереже » сақтамауы.
Мүмкіндіктері: * Белсенді әдіс-тәсіл қоры молаяды;
* Мұғалімдермен байланыс;
* Оқушылармен байланыс.
Қауіп-қатер:
ІІ топтағы ұстаздарының жұмысы алға басты. Бір-бірімен талқылаудың маңыздылығын түсінді. Енді бізбен, фасилитаторлармен, жеке кездесуге дайындалды. Сұрақтар, мәселелер, мүмкіндіктер талқыланды. Шешімдер мен өзгерістер орын алды. Басқа педагогтар мен оқушылар қауымдастығымен жұмыста кедергілер анықталды. Уақыттың, жұмыстың тығыздығы да талқыланды. Сонымен қатар, бұл жобаның бірегейлігі, жұмыстың соңында нәтижесі бақыланатындығы және әр ұстаздың жұмысы оның портфолиосында көрінуі де айтылды. Портфолиоға қойылатын талап, оның жеке ерекшеліктері болуы мүмкіндігі де көрсетілді.
№ 5 топттық сессия 26.02.2022 күні жоспарланып, өткізілді. Сессияда жобаның ықпалын кеңейту үшін не істеу керектігі және портфолио мен қорытынды эссе қалай дайындайтындығы жөнінде бағыт берілді. Әр қатысушы өз жүргізген күнделігі негізінде, жұмыс қадамдарын басшылыққа ала отыра, талқылау жасалды. Бірнеше қатысушылардың пікірі тыңдалды. Мысалға: «Үштік одақ бірлесе жұмыс жасаса, алынбайтын қамал болмайды. Үздіксіз беріліп отырған тапсырмалар ата-аналардың да қызығушылығын арттырып, күнделікті тапсырманы қиындатуды сұрады. Демек бұл оқушылардың ғана емес ата-аналармен қатар мұғалімнің нәтижесі деп түсінуге болады» деген пікірге зер сала отырып, жоба жұмысының оң жақтарн түсіндік. Сессия барысыныда бірнеше құралдамен жұмыс жасалды. ІІ топтағы мұғалімдрдің кәсіби мәселесі бойынша дамыту жобасының нақтылығын байқадық. Көшбасшылықты жақсы деңгейде жүргізіп жатқандығын аңғардық.
9 сәуірде № 2 мектепаралық кездесу онлайн форматта Zoom платформасынада өтті. Жалпы мектепаралық кездесуде өз кәсіби мәселелерін ұйымдастырушылар презентация арқылы қорғауды ұсынды. Біздің мұғалімдер кәсіби мәселесін презентациямен қорғап шықты.
Келесі аралықта жобаға қаысушылардың презентация жұмыстарын тыңдадық. Дамыту жобасы аясындағы кәсіби мәселелерін жүзеге асыруда жеткен жетістіктеріне тоқталды. Басым көпшілігі дұрыс бағытта жұмыс жасап жатқандығын байқадық.
№ 6 топтық сессия 23.04.2022 күні өткізілді. Сессия мақсаты: дамыту жобамның келешегі қандай? Қорытынды эсседе ескеру керек жағдайлар. Портфолиомның басқаларға қолжетімді және түсінікті болуы негізінде сөз қозғалды. Қатысушы ұстаздар дамыту жобасы аясында қандай жетістікке қол жекізе алғандығы және кімдерге ықпал ете алғаны жөнінде ой бөлісті. Алдағы уақытта қандай жетістіктерге қол жеткізе алатындығы жайында пікірлерімен бөлісті. Өткен мектепаралық кездесуден алған әсеріміз бен тәжірибемізді әріптестермен кеңесу нәтижесінде көрсетуіміз қажеттігі талқыланды.
Бұл топтық-сессиядан түйгеніміз: ұстаз –көшбасшы. Көшбасшылық пен оқу арасындағы байланыс маңызды болып табылады. Мектеп ішіндегі қоғамдастықтың алға басуына зор ықпалын тигізеді деген ойдамыз. Дамыту жобалары алға жылжу үшін, алдағы кездесуге жоғары деңгейде дайындалып, өз тәжірибемізді әріптестерімізбен бөлісеміз деп шештік.
Әрбір топтық сессия мен мектепаралық кездесуден алған әсерлерін әрбір жобаға қатысушы күнделіктеріне жазып отырды, ол портфолио жасау кезінде көмегін тигізді.
ІІ топтағы жобаға қатысушы мұғалімдер бастауыш сынып мұғалімдері болған соң, туындаған кәсіби мәселелерде мазмұндық ұқсас жақтары болды. Негізінен басауыш сынып оқушыларының көркем жазу, сауатты сөйлеу, сөздік қорын, жадысын дамытуға негізделген тақырыптар гумманитарлық бағытағы пәндерге негізделген. Сонымен қатар, математика пәніне де байланысты сөзді есепті шығарудағы қиындықтар тақырыбында дамыту жобасы жүргізілді. Бірнеше мұғалім бастауыш сынып оқушыларының оқудыға қиындықтар және қалыптасу жолдары тақырыбы аясында дамыту жобасын үргізссе, үштік одақ жұмысын қалай жандандыруға болатындығы жөнінде де дамыту жобасы жүргізілді.