Қазақстанда өз тәжірибесімен бөлісетін мұғалімдер қауымдастығын құру;
ұжым арасында бірлескен орта қалыптастыру;
оқушыларға қолдау көрсетуге қатысты пәнаралық мұғалімдермен байланыс орнату;
сыныптағы оқушылардың жалпы физиологиялық және өзін-өзі таныта білу қажеттіліктерін ескеру;
ата-аналармен тығыз байланыс орнату.
Аталмыш жобаға жетекшілік ете отыра, бүгінгі таңда нәтижелі жұмыс, түбегейлі өзгерістерге көз жеткізудеміз. Жоба аясында педагог-мамандар білім беру үдерісіндегі және оқу мен тәрбие үйлесімділігі негізінде туындаған кәсіби мәселені айқындап, оны тәжірибеде зерттеп, зерделеуде. Мектептегі ұстаздардың жобалары оқушылардың ынтасы мен шығармашылығы; тілдік дағдыларды дамыту; тәрбие мәселелері; сыныпта әртүрлі стратегияларды тәжірибеден өткізу; бастауыш сыныптағы оқу мен оқыту; оқушылардың өзіне деген сенімділігі, танымдық қабілеттері және эмоционалды интеллект сияқты келесі бағыттарды қамтыды. Мәселен, қауымдастық барысында оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, қоңырау кезіндегі уақытта оқушы белсенділігін қызықтыруға, оқушы мен ата-ана, мектеп арасындағы бірлескен жұмысты жүйлендіруге, сыныптағы ұжымдық ортаны қалыптастыруға негізделген жобалар жұмысы оң нәтиже берді.
Бағдарламаның басты ерекшелігі: ұстаздар мектепте көшбасшылықты дамыту идеясына қатысудың ерекше мүмкіндігін ғана алып қойған жоқ, сонымен қатар мектепте өздері өзгеріс жасай алатынына кәміл сеніп, білім беру саласындағы реформалар, білім беру үдерістерін іштен білетін және түсінетін қарапайым ұстаздар екеніне көз жеткізді. Дамыту жобасы келесі оқу жылында да өз жалғасын табады деп ой түйіндедік. Жалпы тиімді көшбасшылық әрқашанда оң өзгерістер мен жаңа көзқарастарды енгізудің басты кепілі екені сөзсіз. Көшбасшы ұстаз ел болашағының негізін қалайды.