Нұр-Сұлтан (бұрынғы атаулары: Ақмолинск, Целиноград, Ақмола, Астана) — 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының елордасы. Акмолинск қала мәртебесін 1862 жылғы 26 қыркүйекте алды. 2020 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша қала түрғындар саны 1 136 008 адам, бұл Алматыдан кейінгі Қазақстандағы екінші көрсеткіш. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті. Қазақстанның Конституциялық Кеңесінің мүшесі. Қазақстан Республикасының Президенті лауазымынан кете отырып, Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесі басшысы лауазымын және "Нұр Отан" жетекші партиясының төрағасы лауазымдарын, сондай-ақ Қазақстанның Конституциялық кеңесі мүшесі болған
Экономикасы
Қала экономикасының қарқынды дамуы көптеген инвесторлар үшін тартымды болып отыр. Қала экономикасының негізі – сауда, өнеркәсіп өндірісі, көлік, байланыс және құрылыс салалары. Шаһардың өнеркәсіп өндірісі негізінен құрылыс заттарын, азық-түлік өнімдерін шығару мен машина жасау ісі төңірегіне шоғырландырылған. Астана Қазақстанда құрылыс металл бұйымдарын, пайдалануға дайын бетон және бетоннан жасалған құрылыс заттарын шығару жөнінен алдыңғы орынды иеленеді. Қаланың ірі кәсіпорындары қатарында Целиноград вагон жөндеу зауытын, «Цесна-Астық» концернін, «Тұлпар-Тальго» ЖШС жолаушылар вагонын құрастыру зауытын, «Еврокоптер Казахстан инжиниринг» ЖШС тікұшақ құрастыру зауытын айтуға болады. Қала Қазақстандағы ірі бизнес орталығының біріне айналды. Кәсіпкерлік мәдениеті қарыштап дамып келеді – Астанада 128 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік нысандары жұмыс істейді.