«Елес» және «Жаңабайдың
жанындағы трагедия»
Белгілі ғалым Р.Сыздықованың: «...Публицистика тілі
де жеке-дара, автономиялы түрде дамымай, ең алдымен
көркем әдебиет стиліне, онан соң түркілік дәстүрлі жаз-
ба проза стиліне иек артып қалыптасты және бұл стиль
өзімен қатарлас туған ұлттық ғылыми-көпшілік стиліне
ықпалын тигізді, көп орайда бұлар бір-бірінен ажыра-
тылмай, бірдей тұлға-тәсілдерді пайдаланып та отыра-
ды» /362.Б.237./ деп тұжырым жасауы – қазақтың жаз-
ба әдебиетін қалыптастыруға сүбелі үлес қосқан классик
жазушымыздың бірі Жүсіпбек Аймауытұлының да
шығармашылығына қатысты. Расында да, оның көркем
әңгімелерінің кейбіреуінде публицистикалық баяндаудың
тұлға-тәсілі, тілі мен стилі ұшырасатындығын жоққа
шығаруға болмайды.
Бірқатар баспасөз дүниелерінде, көркем әдебиет пен
публицистика саласы үшін айырым-жігі ажырағысыз,
біртұтас болып кіріккен өзіндік синтездер болатындығын
естен шығармаған ләзім, үйткен себебі, публицистика
әдебиеттің бір тегі ретінде дамып, ғылыми және көркем
әдебиеттің қатарында «болмысты көрсетуде, бұқара са-
220
насына әсер етуде шығармашылықтың өзгеше формасы
ретінде қалыптасқанын»/3б5/ білеміз. «Публицистика – кең
мағынасында алғанда әдеби шығармашылықтың өзгеше
түрі, – дейді В.Здоровега. – Функцияларының белгілі бір
ұқсастығы және болмыс құбылыстарын көрсету, сондай-
ақ әсер ету құралдарының жақындығы публицистика мен
көркем әдебиетті туыстыра түседі... Публицистикадағы
образдылық, ойлау жүйесі, талдау, фабула, сюжет
элементтері, сондай-ақ басқа әдеби құралдардың бірқатары
мұнымен тығыз байланысты»/339.С.59/.
Міне, осы тұрғыдан алғанда мемуарлық туын-
дылардың, естелік үлгісіндегі эссе, очерк жанрла-
рында жазылған еңбектердің, қандай да бір сыпат-
та болмасын, публицистикалық белгілері болмай
қалмайтындығы белгілі (мәселен, С.Сейфуллиннің «Тар
жол, тайғақ кешу» мемуарлық романы, С.Мұқановтың
«Адасқандар» романы мен «Өмір мектептері» три-
логиясы және т.б.). Және мұндай шығармаларды таза
көркем әдебиетке немесе бірыңғай публицистикаға апа-
рып телу де әсте мүмкін емес. Сол себепті әсіресе жазба
әдебиетті қалыптастыруда тыңға, соныға түрен салған
XX ғасыр басындағы қазақ жазушыларының көркем
шығармаларының базбірінде публицистиканың тілі
мен стилі үшырасып қалып отыратындығы таң болмаса
керек. Жүсіпбек Аймауытұлының кейбір әңгімелерінен
де осындай стильдегі бірқатар үлгілерді байқадық.
Оның «Келешек» деген бүркеншік есімімен жарияланған
«Елес» әңгімесі /364/ сол тұстағы көптеген әлеуметтік,
қоғамдық мәселелердің басын құрап тұр. Көркем әңгімені
тың сүрлеу, жаңа пішінде жазған автор тиісті жерінде
публицистикалық баяндаулардан да қашпайды.
«Аса маңызды, қысқа әңгіме»/340/ төңкеріс кезеңі,
ақтар-қызылдар соғысының қазақ даласын қанға бояуы,
221
төңкерістен кейінгі қым-қуат заман, советтердің құрылуы
және т.с.с. басты оқиғалар туралы шындық дәл айтылмай,
көп жазылмай жатқандығын астарлап жеткізеді.
Автор әңгімесін бірінші жақта жазғанымен шығар-
мадағы екі лирикалық кейіпкердің сұхбаты, пікір-таласы
арқылы көптеген өзекті мәселелерді қамтуға тырысқан.
Сол кездегі коғамдық-саяси өмірге «араласқан» кейбір
әлеуметшіл «жазармандардың» образын автор былай-
ша берген: «Қаламды шықырлатып, қайта-қайта мала-
мын... Келмейді. Жер ошаққа аяғын тығып алған бота-
ша қаламды сілке түсемін... Әлі түк жоқ. ...Қазына жеп,
жазаға тартылған завхоздан жаман ұнжырғам түсті, сұрым
қашты, ыза болдым. Со кезде ойым көзіме көрінетін зат
болса, дереу «Саботажник!», «Контр!» деп жағасынан
алғандай едім» /364/.
Тағы бір жерде жазушы кейіпкерінің шын бет-бейнесін
одан әрі аша түскен: «Газет-журналға бір-екі басылса, «жа-
зушы», «ақын» екемін деп, партия комитеті қол қойып, мөр
басқандай-ақ, өзіне-өзі ден қойып алатын омырау жігіттер
аз ба? Сондай болудан мен де сау кісі емеспін, неғып бола
қояйын?» Лирикалық кейіпкер сүйтіп отырғанда «портпел
қолтықтап» бір жігіт «сап ете түседі».
Бұдан кейін өрбіген диалог арқылы публицист
«ортақшылдар жолын, кеңес өкіметін» мақтап, күнкөрісі
үшін баспасөзге әрнемені талғаусыз ұсына беретін
«жазғыштың» ой ауқымын, пікір бағытын толық ашып
көрсеткен.
Әңгіме авторы «Күнде айғай, күнде даурық, желдеткен
қара боран сөз мезі қылғандай болған жоқ па? Алты жылды
айғаймен алдыңдар, тым болмаса, енді ойлансаңдаршы!»
деген екінші кейіпкердің сөзі арқылы совет өкіметін әйтуір
мақтау керек деген ниетте жүрген әлдекімдерді түйреп
өтеді.
222
Негізі, сол екінші кейіпкердің аузына сөз салып жазу-
шы заман шындығын айтуға бекініп, бұл орайда «деректі
мәліметтер мен оларды түсіндіру, талдау және соның
негізінде ой қорыту, оқиғаларды жедел түрде бейнелеу»
/365/ шығармашылығы – көсемсөзге жүгінеді: «Шын
өмірді, деректі өмірді неге жазбайсыңдар? Төңкерістен бері
қазақ елінің басынан қандай күндер өтпеді? ...Қазақ дала-
сын көмірдей басып ақтар өтті. Оның артынан қызылдар
келді. Қазақ даласындағы соғыс майданы ашылды. Осы-
ларды қайсың жаздың?
Кеңес өкіметі орнады. Разберске, продналок, көлік,
адам салығы түсті. Елде мелитсе, агент, инспектор, әтрәд
қаптады. Ел не күйге түсті? Қазақ жұтқа, ашаршылыққа
ұшырады. Оның ауыртпалығы, өлімі, шығыны, қайғысы,
зардабы қандайлық болды. Жылу кемесиелері құрылды.
Олар не істеді? Еркін сауда, қызыл саудагер қалай тиді?..
Төңкерістің жақсы жақтары: еңбекшілдер қожалығы,
сот, оқу, мектеп, әйел теңдігі, жер алу, қала салу, кедей
баласы оқуға ұмтылу, жұмысшылар, ортақшылдар, жа-
стар, жетімханалар ашылуы, олардың ісі – міне, осыларды
келістіріп суреттеген жазушылар бар ма?
Бүгінгі шенқұмарлық, кеңсешілдік, ата-ру намысы,
гүберне намысы, орынға таласу, топтасу, жіктесу қандай
күйде? Кім не үшін күресіп жүр?» /364/
Әңгіме құрылымында Жүсіпбек саналы түрде
көсемсөзге ойысады, сол арқылы замана шындығын
ашып, оның ақиқат бет-бейнесін көрсетуге тырысады
және кейіпкер сөзі арқылы баспасөз бетінде, әлі де бол-
са, кең ауқымды, аумақты шеңберде жазылмай жатқан
құбылыстардың бар екендігін замандастарына құлаққағыс
етеді. «Елес» әңгімесін ХХ ғасырдың 20-жылдарын-
да сыншы Ғ.Тоғжанов «контрреволюция» деп бағалаған
/366/. Осы лепестің өзі-ақ «Елес» әңгімесінің көсемсөз
223
үлгісінде жазылғанын, ондағы шындықтың базбір «қалам
қайраткерлеріне» жаға қоймағанын байқатып тұр.
Бұл әңгімеде автор көпшілік жұртқа, қаламдастарына
«қазақ жұтқа, ашаршылыққа ұшырады, оның ауыртпалығы,
өлімі, шығыны, қайғысы, зардабы қандайлық бол-
ды?» деп сұрақ қойып және оған жауап ретінде іле-шала
«Жаңабайдың жанындағы трагедие» әңгімесін жазады.
Әңгіме шағын төрт тараушадан тұрады. Алғашқы
тарауында көсемсөз стилі, баяндау әдісі, нақты дерек
алдыңғы қатарға шығады. Үйткені «1922-інші жылы аштар
жұмысымен Жымпиты уезін аралап жүріп, сол елде Қамит
деген бір жолдасымның үйіне кез келдім» деп басталатын
әңгіменің бастапқы кезеңі көркем очерктің пішініне, түр-
сыпатына ұқсайды.
Бұнда да «Елестегідей» бірінші жақтан сөйлеп
отырған кейіпкердің қалам ұстауға ұмтылған, сөз жазуға
талпынған кісі екендігін көреміз: «Менің де жазушы бол-
сам деп көр-жерді шатпалақтайтын «дертім» болатын. Га-
зет, журналдарға да кейде сөз жазып жіберетінмін, бірақ
көбіне басылмайтын». Акыры кейіпкердің қайтыс болған
досы Қамиттің «жуан дәптерін» ұрлап алып, ондағы
ұсақ әңгіме, өлеңдерін соңынан көшіріп, өз атымен газет,
журналға жіберіп тұратындығы, ол дүниелердің «ап-анық,
меруерттей басылып» шығатындығы айтылады.
Сонымен бірге кейін «жазушы» атанып жүрген қудың
«кейде өзіңнен өзі ұялғандай, қысылғандай болады екенсің»
деп «ақталғанын» көрсетіп, автор оның бойындағы ар мен
нәпсінің тартысын, намыс пен тоғышарлықтың күресін ше-
бер суреттейді. Жазушының адамның жан дүниесінде бо-
лып жататын ішкі қайшылықтарын, ой-толғаныстарын, т.
с. с. психологиялық үйірімдерді әсерлі жаза алатындығына
мұнда да көз жетеді.
Осы ретте автор кейіпкер психологизмін өрнектей
224
отырып, оның бойындағы «арсыз әлдебіреудің» сөздері
арқылы совет өкіметінің көлеңкелі тұсын мысқылдап
өткен: «...Бұл заманның нақылы: «Құралды мақсұт
ақтайды» дейді. Қазақша: «Есек көтін жусаң да, мал тап!»
дегенге дөп келеді. Қайтсең де, алдасаң да, арбасаң да,
бойласаң да, әбүйір-атақ тап...» Оған мысал келтіре оты-
рып, тағы көсемсөзге жүгінеді: «Кеше апрельдің 22-сінде
шыққан «Кеңес даласы» газетасынан оқып отырып Гра-
нов деген камонес жолдастың тергелгенін көрдім. Ол не
қылған? Боялып камонес болып, ылғи атақ көксеген, бас
пайдасын қуған, қазынаның ақшасын қартаға, саудаға
салған. Қылмыс мойнына ауып, бояма жолдастың әбүйірі
айрандай төгіліп, он жылға еркінен айрылатын жазаға
кесілген» /367/. Кейбір большевиктердің шын бейнесін
жазушы осылай көрсетеді.
Екінші тарауша Қамиттің жазған әңгімесі ретінде
берілген. Жаңабайдың трагедиясы да осы кезде басталады.
Алдындағы дүркіреп өткен «азамат» соғысының кесірінен,
орыстардың өзара тартысы – ақтар мен қызылдардың
шапқыншылығынан бар малынан айырылып, жұтқа
ұшыраған қазақтың большевиктік «саясаттан» басталған
1920–1921 жылдардағы қазақ жерінің батыс және солтүстік-
батыс өңіріндегі ашаршылықтың қандай трагедия әкелгенін
айтып, Жүсіпбектің алғашқы болып көркем дүние жа-
зуы -ұлтшыл қалам қайраткері ретіндегі батылдығы. Осы
тұрғыдан алғанда, бұл әңгіме ешқашан құнын жоймайды.
Қазақ сатиралық әңгімелерінің
негізін қалаушы
Ендігі бір сүбелі мұрасы – оның сатиралық әңгімелері
мен фельетондары. Соңғысына ілгеріде біраз тоқталдық.
Ал сатиралық әңгімелердің ішінде көлемдісі, көркемдігі
жоғарысы - «Томарбай мен қатыны» әңгімесі.
225
Тақырыбы жағынан бұл әңгіме «Жарасымды
сүгіреттер» фельетонымен сабақтас. Мұнда да «болдомо-
шын» (уәкіл) болып қаладан ел арасына сайлау жүргізуге
баратын «көзі ашық», «пысық» жігіттің қыр байларынан
«сый» алған қуыс өңеші, кедей жатақтарға тізе батырған
озбырлығы сатиралық пафоста әңгімеленеді: «Бұрын түкке
жарамай, шиге шанышқан құмалақтай ағаш кеңірдегі со-
райып жүрген Томашке (Томарбай – Н.Қ.) «крестиан-
ский нашалнік» болдым дегенге терісіне сыймай Шәкенге
мақтануға бержебайлатып, қоқыйланып келе жатқан мәні
сол еді». Мұндағы Шәкеннің, Томарбайдың ауыр мінезді,
бейпіл ауызды әйелі Шәмшінің де, қылықтарын автор
күлкілі сәтпен байланыстыра, мысқылдап отырады.
Негізі, фельетон-әңгіме мен сатиралық әңгімелердің ара-
сында аса үлкен айырма бола бермейтіні белгілі. Екеуінің
жанрлық белгілерінің ұқсас екендігін, әдетте оларды бір-
бірінен ажыратып, жыға тану да оңайға түспейді. Әйткенмен
бұл екеуінің бір жанр емес екенін, араларында ептеген
айырмашылық бар болатынын теорияшылар қадам айта-
ды. Сатира теориясының білікті зерттеушісі Т.Қожакеев
бұл тарапта екеуінің ара-жігін көрсетіп, сатиралық әңгімеге
былайша баға береді: «Біріншіден, сатиралық әңгімеде ав-
тор оқиғаның, фактінің тек логикалық жүйесіне жүгінеді
де, ойдан, қиялдан байытуға тежеусіз барады. Ал әңгіме-
фельетонда мұндай еркіндік, кеңшіліктерге жол беріле
бермейді, қиялдан, ойдан қосып, ойдан шығарып әсірелеу
шектеулі. Ол нақты, өмірлік болмыс, фактіге байлаулы,
оны суреттеуде автор еркі тежеулі.
Екіншіден, көп ретте сатиралық әңгіме, фельетон-
әңгімеге қарағанда, сыйымдылау, оқиғаны қамту, қарпу
кеңдеу...
Үшіншіден, фельетон-әңгіме көбіне нақты бір нысана-
ны, оның кесірінен өмірде болған дертті діттей отырып,
226
соны әшкерелеу үшін жазылады. Ал сатиралық әңгіме
нақты ешкімді, өмірлік ешбір фактіні діттемей, «осындай-
лар бар-ау» деп ойға түйген, жалпылағыш сипаттағы факті,
пікірге негізделіп жазылады да, әшкерелеуді, профилакти-
ка жасауды мақсат етеді»/355.Б.148/.
Бұл қатарда Жүсіпбек Аймауытұлының оқиғаны кеңірек
алған, бас-аяғы жұмыр, біртұтас, көлемді сатиралық
әңгімесі – осы «Томарбай мен қатыны» деп аталатын
шығармасы.
«Кеңес өкіметі жаңа орнаған жыл. Уездік қала.
Мекеменің бір болысы. Жағалай отырған жаңа өспірім, жас
жігіттер. Жазу үстелінің басында қолды сермеп «болдомо-
шын» (уез сайлауын басқаратын гүбернеден келген упол-
номоченный) үгіт айтып тұр» деп басталатын сатиралық
әңгіменің негізгі ойы – совет өкіметінің алғашқы жыл-
дарында, жергілікті жерлерде волисполком сайлау үшін
қырға шыққан, қыр байларын «сауу» үшін билік құрығын
пайдаланған қаладағы кейбір «пысық» қазақ жігіттерінің
нас пиғылын ашып көрсету. Осы ретте «Томарбай мен
қатыны» әңгімесі сатиралық әңгімеге қойылар өзіндік та-
лаптар мен шарттарға жауап бере алған.
Басқа жанрларда да өзінің шеберлігін байқата білген
Жүсіпбек Аймауытұлы мұнда да замана ағымына орай өз
дәуірінің дүбіріне үн қосып, кең толғап, өрнек-айшығы
басқа, жаңа, сапалы тұстарымен кейінгі қаламгерлерге
өзгеше нұсқа көрсете аларлықтай дәрежедегі сатиралық
әңгімесін дүниеге әкеледі.
Осыған орай «туу, қалыптасу дәуіріндегі кеңестік қазақ
сатирасына өзіндік сипаттар тән. Азамат соғысы күндерінде
ол сан жағынан, аз да болса, дауылды дәуірге револю-
цияшыл жауынгерлік сипат көрсетіп, саяси үн танытты.
Кеңесті, жаңа құрылысты насихаттап, ақ гвардияшыларға,
елдегі қой терісін жамылған қасқырлар мен әйелге жауша
227
қараушыларға шүйілді. Демек, онда памфлеттік мазмұн,
жалынды, өктем үн жатты» /355.Б.359/ деген пікірге қосыла
отырып, Жүсіпбектің аталған әңгімесінің өз кезегіндегі ак-
туальды мәселені сөз ете отырып, өткір жазылғандығын да
аңдауға болады.
Мысалы, автор парақор «белсенді» Томарбай «төренің»
исполком бастығын сайлау мәжілісіндегі іс-қимылын, бет-
бейнесін уытты тілімен былай әжуа қылған:
«Сайлау күні.
Ақ үйдің ығында алқа-қотан отырған көп кісі. Оң
босағада үстел. Үстел басында Шәкен қажы, бір-екі жас жігіт.
Томарбай төрде, қолында шыбығы, төбеге тықылдатып кісі
санап жүр... Томарбай «құлақшынға» барды:
– Сен кімсің?
– Мен жұмысшы.
– Шығасың.
Шықпаймын. Сәбет кедейдікі екені шын болса, мен
сайлаудан шықпаймын... Жер астында 5 жыл жұмыс істеп,
биыл келіп отырмын.
Кімге сен қарсы келесің?! – деп жатақ боқтасқа ба-
сып, құлақшекеден отыртты. Жұмысшы да періп жібереді.
Шартпа-шұрт төбелес болды да қалды. Жұмысшының
қара жұдырығы қатаң тиді, білем: үш-төрт сілтегенде-ақ
«төре» серең ете түсті. Жұрт жиналып қалды. Екеуін де
ұстай алды. Шаң, қақалып-шашалып, алтыатарын оқтанып
«төре»: «Атамын! Қоя бер, былай тұр!» деп кимелеп еді.
Қажы қолын ұстап жібермеді. Ол екі арада «Шәкең» де
келіп қалды. Байын қолынан сүйрелеп, ойбайды салып
үйге алып кетті.
Жұмысшыны табандатып, бүртөкел қылып, «әріставайт»
етіп қалаға жөнелтті. «Төренің» беті жаман болған соң
қалған ел қың еткен жоқ...»
Томарбай – күрделілігі жоқ, мысқылға, күлкіге
228
құрылған образ. Адамдар ішінде көп кездесетін, бір күндік
өмірін ойлаған, ауырдың асты, жеңілдің үстімен жүріп,
«нәпақа» түсіруге ұмтылған пайдакүнем, тоғышар жан.
Әйтсе де, Жүсекеңнің дәл өзіндей оның бейнесін суреттеп
беру оңай емес: «Томарбай - қала жатағының баласы. Екі
кластық шкөлде сегіз жыл, мал бершілінің шкөлінде 2 жыл
оқыса да, мешкей кісінің ауызынша, оқудан түк жұқпаған
бір көкмый еді. Ағалары да осынша сүйрегенімен түк бола
алмады. Арақ ішу, қарта ойнап, жезөкшелерді жағалау,
жатақтың жаман-жұман жігіттерімен қызойнақта ән салы-
сып, қылжақтасып, аяқ жағынан төбелесіп тарқаудан басқа
ешбір орынға кіре алмады. Соңғы жылдарда «складта»
соқа сатып, одан кейін «натаруста» қағаз кеміріп, қызметке
ілінген болып жүрді. Онда да кенелткен дәнемесі жоқ еді.
Кеңес өкіметі орнаған соң жастар партияға кіріп жатқанда
қатардан қалмасқа партияға бұ да жазылды. Соның салда-
рынан осы жолы инструктор болып елге шықпақшы болып
еді».
Әңгімеде Томарбайдың «бет-аузы қушиған, көзі
кілбиген, мұрыны сорайған, тым-ақ сүйкімді емес» әйелі
Шәмшінің образы да біршама ашылған. Автор Шәмшінің
көрсеқызарлығын, ұрысқақтығын «жіпке тізіп» айта
бермейді. Оның образын аша түсу үшін оңтайлы сәт,
қолайлы кезде бір детальды енгізіп жібереді. Мәселен, жазу-
шы Томарбайдың қырға инструктор болып, сайлау өткізуге
шығатынын «сүйінші» сұрап, әйеліне айтып, екеуі жылы
сөйлесіп, жарасып, мәз-мейрам болып отырған кезін жаза
келіп, «Ойпырмай, қырға шыққан қандай қызық! Қымыз,
көк шөп, таза ауа!...» деп отырған Шәмшінің аяқасты
бұзылған шәлкем-шәліс мінезін былайша көрсеткен:
«–...Ертең пар атты жегіп алып: «Айт!» деп өкіртіп бір
жөнелсек... – деп қолын сермеп қалғанда пештің кәрнезінде
тұрған лампы салдыр-күлдір етіп жерге түсті.
229
– Ой, жарымес! Ой, қолаба шірік ит! Жынды көбелек бо-
лып отқа түсіп кетсейші! Сайлау қылып, сен шірік не жа-
рытам дейсің, сені жіберіп отырған кісі де бір ақымақ... –
деп әлденелерді айтып Томарбайдың басына ит терісін
қаптады. Томарбай: «Байқамай қалдым, қой енді, қой
енді...» деп жалынғаннан басқа түк айта алмады»/364/.
Жүсіпбектің қай шығармасын алсаңыз да, оның өне
бойында жеңіл әзіл, жылы юмор сезіледі. Ал осы бір
сатиралық әңгімесінде автор ащы мысқыл, улы әжуамен
күлкілі сәттерді әлденеше рет келтіреді. Қырдағы
қажының үйінде өткен бір ғана оқиғаны алайық: «...
Шәкең шынашағымен бір іліп жалайды да, кесені итеріп
жібереді. Кеспе келсе, бір-екі қасық ұрттайды да оны да
жаратпайды, «пысынап кеттім ғой; үй маңайында кісі бар
ма? Қуаласын деші!» Сайтаншылар өп-өтірік айқайлап,
«Аулақ кет» деп қуалайды. Әрі-беріден соң: «Есік жақтан
жел жіберші, Елеусіз!» деп бұйырады Шәкең. Елеусіз,
қағынды келгір, күлместен, дәнеме етпестен, есік жақтан
қос қолдап, Шәкеңнің бетіне жел әкеліп шашады» деп
жазушы көркем сатиралық әңгіменің ажарын кіргізетін
сәтті дәл таба білген.
Әңгімедегі қыр суреттері, бай ауылдың салтанаты,
киіз үйдегі дастарқан басы, сайлауалды мен сайлаудағы
әбігер болған жұрт, елден қайтқан Томарбайдың таяқ
жеуі – осының бәрі Жүсіпбектің қаламына тән келісті
тілмен көркем баяндалды. Бұл орайда ХХ ғасырдың
20-жылдарының басындағы ел өмірін, тұрмыс-тіршілігін
танып білуде шығарманың көп мағлұмат бере алатынын да
айта кету керек.
«Қилы-қилы заман болды, қарағай басын шортан
шалды» сатиралық әңгімесінің құрылымы негізінен
жазушының «Радио хабарлары» фельетонымен ұқсас.
Мұнда да әңгіме желісі көбіне-көп диалогтар арқылы
230
дамытылған. Бірнеше қысқа-қысқа үзіктерден тұратын
шағын әңгіменің, әуелгі кіріспесінен басқасы, дені диа-
логтар пішінінде, кейбір тұстарында кейіпкердің моно-
логы немесе әңгімесі түрінде, кейбір жерінде автордың
өз сөзі ретінде жазылған. Шығарма осы ыңғайда
көңіл аударарлықтай болғанымен, әсілі, асығыстау
жазылғандығы да аңғарылады. Мұны публицистің
мерзімді баспасөзге арнап, арнайы шағын үлгіде жазған
шығармасы деп білген жөн.
Әңгіменің әр үзігін автор тақырып ретінде берілген
«Қилы-қилы заман болды, қарағай басын шортан шалды»
деген мәтелмен аяқтап отырады. Бұл ретте де Жүсіпбектің
стиль өзгешелігіне, форма жаңалығына ұмтылатындығын
көруге болады. Мәселен, алғашқы үзікті жазушы былай-
ша күрмейді: «... Жуандардың мойнына су кетті. Алаяқтар
сайлау кемесиесіне кіріп кетіпті, берекеден түк шықпады.
Жуандар шоңқайды, жіңішкелер құтырды. Қарағай басын
шортан шалды».
«Қарағай басын шортан шалатын» себебі: «Бір заман-
да «көкшолақ қасқырға» атшабар болып жүретін, битті көз
«жетімек» бұл күнде кәмонеске езіліп, кедейлерді жинап,
елде партия басы болды». Жазушы қырда тыныш жатқан
елдің арасына бүлік салған қай тап, кедей ме, немесе жуан
ба, ол жағын ашып айтпайды. Болған істі болғандай етіп
баяндағысы келетіні байқалады. Екі жақтың тартысын
да әшкерелеп отырады: «Сайлаушымен ауыз жаласып
жуандардың салған списігін өткізбей қойған соң жуандар
«ұлы кеуделігін» қылып «сайлау бермейміз» деп төбелес
шығарды» /41.Б.138/.
Аймауытұлы сатиралық әңгімелерінде ғана емес, басқа
да көптеген шығармаларында тап тартысын сөз қылғанымен
оны тап тұрғысынан көздеп жазбай, оқиғаның себеп-
салдарын адамдардың жеке бітім-болмысынан, мінезінен,
231
пиғылынан іздейді. Сол себепті де кезінде Ғ.Тоғжанов: «1921-
22-23 жылдарда қазақ арасында тәртіпсіздіктің болғаны
рас. Ел ішіне барғандардың ішінде қиянат қылатындары,
пара алғандары, елді үркітіп, қорқытқандары болғаны да
рас. Бірақ елге барғанның бәрі осындай болды деуге бол-
майды ғой» деп Жүсіпбектің сатиралық кейіпкерлерін
ұнатпайтындығын ашық білдірсе, оның ел ішіндегі партия-
таласты, жікке, тапқа бөлінген әбігершілдікті сынаған
көркем шығармаларын «Тұрмыстың жаман жағын алып
жазады. Ел басына, қазақ даласына қара тұман, ақырзаман
орната жазады» /366.Б.143/ деп қаралаған. ҚазАПП-ның
әдеби сынының басты бағыты осындай еді.
Дегенмен дүниедегі құбылысты, өмірдегі қайшылықты
әдебиет айнасына бұрмалаусыз түсіру, бұлтарусыз жазу
тұрғысынан келетұғын болсақ, көрнекті жазушымыздың
көркем дүниелері жоғары талап деңгейінде тұр. Оған
«Қилы-қилы заман болды, қарағай басын шортан шалды»
сатиралық әңгімесін де мысалға келтіруге болады. Шағын
сатиралық әңгіме былайша аяқталады:
«Қысық көзді сұрша бала сот болып елге келді.
Төрт «шонжарды» алдына тізесінен отырғызып тергеп
отыр.
...Екі ақсақалдың көзіне жас келді.
– Шырағым, қазақтың баласы едік қой, бізге рақым
қыл... ұрылармен бірге үш күн жатып өліп қала жаздадық...
– Жоқ, болмайды. Сендер дау көтеретін жігітсіңдер
ғой...
– ...Тым болмаса, бізді кепілге беріңіз...
– ...Төртеуге сегіз кедей кепіл керек.
Төрт жуан далаға шығып, кедей тауып әкеліп кепілге
босанады. Кепіл болған – өздерінің атшылары.
Бұдан да өлген артық.
«Қилы-қилы заман болды...
232
Қарағай басын шортан шалды» /41.Б.139/.
Жер-жердегі партия-совет қызметкерлерінің тізеге
салған өктемдігін көсемсөзші осылайша әшкерелейді.
Бұл ғана емес, басқа да бірқатар фельетондары мен
суреттемелерінде Жүсекең 20-жылдардағы елдегі осын-
дай келеңсіздіктерді, партия, тап, «бай-кедей» деп ел іші
бұзылған бүлік заманды боямасыз суреттейді.
Оның тағы бір сатиралық әңгімесі – «Кеп қолағашта»
шығармасы /41, Б.148/. Бұл әңгімесінде де автор кейбір
совет қызметкерлерінің мақтаншақтығын, даңғойлығын,
«білгіштігін», жершілдігін, қызмет бабын пайдаланғыш
«пысықтығын» сатиралық тілде қатты шенейді. «Елес»
әңгімесіндегідей мұнда да аты белгісіз кейіпкер бірінші
жақта сөйлейді және Жүсіпбек адам психологиясын,
адамның ішкі ой әуенін, жан дүниесін ашуға талпы-
натын өзіндік стилімен кейіпкердің ниетін, мүддесін
көрсетуге тырысқан: «...Желбуаз сөзге қомпаятын мен
емес, мен де есімді білем. Кеңес қызметкері бола түрып,
жатың болсын, жақының болсын, қойған көпшігін айыр-
май нағыпты.
Яғни, мәселен, былайша айтқанда: сайлауда
ауылнайлықты әпер деп, мал жасырып, салығымызды
азайт десе, егескен дұшпанды жазықсыз табанымызға сап
бер десе, сотты болсақ, қорға десе. Құдай көрсетпесін,
біріне жуыр ма екем?!» .
Лирикалық кейіпкер – «болған, толған» совет
қызметкерлері демалысқа елге барғанда, басқа қолынан кел-
месе де, баланы оқуға түсіру қолынан келетіндігін білдіріп,
ағайындарының балалары – Кәбір, Сабыр. Қабыл, Табылды
«ішкөлге жіберіңдер» деп кетеді. «Бір күні Кәбір-Сабырлар
сап ете түскенде жүрегі су еткен» кеңес қызметкері
«қарқылдаған еңгезердей қара зәбедейшіге» барса да,
«тымпың-тымпың тыпырлап жүретін тәпелтек ушителге»
233
барса да, «арық, бота тірсек сары ушителге» барса да, бала-
ларды оқуға түсірудің уақыты өтіп кетіп, ыңғайы келмейді.
«...Уезден келген бала одан камандиревкесіз келіп алынба-
сын деген қаулы болыпты, шығынданып текке келмеңдер
деп газетке мақала жазылса» да, «қайткенде жылдағыдан
піриом беті қатаң...» болса да, «бопыраздатып, сым шал-
барымен сидаңдап жүрген» қызметкер ары-бері жүрсе де,
қолынан келмейтіндігін біледі.
Автор көтере алмайтын шоқпарды беліне байлаған, сақ
жүрсе де, артық уәде беріп, қолдан келмес іске ұмтылған
кейіпкердің мінез-құлқын, ой-ниетін әбден әшкере қылып
сынайды. Көңіл жықпастық танытып, қолдан іс келетінін
көрсетпек болған әсіре уәдешіл бет-бейнесін көрсетіп,
мазақ етеді. Ағайынға беделін көрсетпекші болып, ақыры
тым артық кеткенін сезген қызметкер ауылдан келіп,
пәтерде жатқан балаларға қолынан ештеңе келмейтіндігін
«мойындайды»: «...Сасқандық қой деймін.
– Осыншама кеш келерсіңдер ме? – деп өздеріне тап
бердім...» «Анау да түсіре алмады. Мынау да түсіре алма-
ды... – деп көптің бірі болғым кеп қияметті жаудырмайым
ба?» – деген сөйлемдер арқылы жазушы басты кейіпкердің
жалған уәде бергені үшін ұялғанның орнына жас балаларға
өтірікті қарша боратқан тағы бір қылығын күлкіге айнал-
дырады. Осы жерде әңгіменің түйіні, шығарманың мұраты
іспеттес негізгі айтар ойын тағы бір кейіпкердің аузына са-
лады: «Кедейлер тықылдақ келетін әдеті ғой: Нұржанның
баласы отырып:
– Неге түспесін, бізбен бірге келген өз елінің үш бала-
сын «Қ» түсіріп-ақ жіберді. Бізден бір күн бұрын келген
ағасының екі баласын « Н» үшкөлге түсіріп, енді қазынадан
ақша әперем деп басына кенеп қап кигізіп қойыпты.
Солардың ояздан әкелген қағазы да жоқ, бізден басқалар
орналасып-ақ жатыр, – деп шақшия қоя берді» деген жол-
234
дармен қаламгер сол кездегі «қызметкерлердің» іс-әрекетін
ашып, сатира сынына алады. Жазушы «...Қолағаш мықты
болса, киіз қазық жерге кіредіні білмейді-ау! Кеп қолағашта
ғой... деп әлсіздікті мойынға алдым» деп әңгімесін аяқтай
келе, каладағы «оқығандардың» арасындағы тамыр-
таныстықты, жең ұшынан жалғасқан сыбайластықты анық
көрсеткен.
Әсілі, Жүсекең осы тақылеттес тақырыптарға көп
қалам тартқан. Жаңа заманның лебі келіп, алғашқы жыл-
дарда аласапыран болып жатқан уақытты, сол кездегі
әділетсіздікті, озбырлықты сын тезіне салып отырғаны
аңғарылады. «Кеңес қызметкерлерінің» көпшілігінің өз
дегендерін істетуге тырысқан оспадарсыздығын сынап,
шағын алты тараушадан тұратын «Көшпелі Көжебай» деп
аталатын сатиралық әңгімесін жазады /368/.
Бұл шығармада совет өкіметінің ұлт кадрларын
орнықтырмай, өзге қызметке араласуына мүмкіндік бер-
мей, іске төселуіне мұрша келтірмей, республика бойын-
ша бір жерден екінші жерге, одан тағы бір жерге сырғытып,
себеп-салдарсыз тым жиі ауыстыра берген «жөн-жосықсыз»
саясатын әшкере қылады. Көжебай сияқтылардың қызмет
бабында тек қана көшумен жүретіндігін айтып, олардың
орнын жиі-жиі ауыстыра беретін өкіметті сатиралық пафо-
ста күлкілі етіп жазады: «Келе жатып ойлайды: әнеугі сиез-
де Б.-ге қарсы сөйлегенімнен болды ма? Әлде мен Ж.-ларға
жақын жүр деп ойлады ма? Менің жазығым жоқ сияқты
еді ғой. «Шортты знайыт!» Кісі біліп болмайды. Шаруа
мәселесіне жаңа төселіп келе жатқанда, жаңа кісі қатарына
косылып келе жатқанда қиын қылды. Амал жоқ. Қаулыға
көнбесек тағы болмайды.
Жолда он шақты күн жүріп, шабаданынан айрылып
Семейге келді. Әуелі гүуисполкомге барады. Қағазын
235
көрсетті. Губкомда сөйлесерміз деді. Жуырда мәжіліс бола
қоймаған ба, ұмытып кеткен бе? Көпке шейін қызмет таба
алмай сандалды».
Сапырылысқа толы алас-күлес заманның тұрлау-
сыздығын, жат жұрттық басшылардың жергілікті ұлттан
шыққан қызметкерлерге жақсы қарамайтындығын әңгіме
барысында сезуге болады. «Семейге келсе, тағы да сапыры-
лыс болып қалыпты. Губисполком бастығы Оралға кетіпті.
Үйездегі болыстарының бірі Ақмолаға, бірі Ақтөбеге, бірі
Бөкейге, бірі Адайға жіберілетін болыпты. Көжебайды
«Екібас» жұмысшыларының ортасында қызмет істеуге
қосып қойды. Жаңа келген «бастық» қатаң кісі екен: аялға
қаратқан жоқ, «үш күннің ішінде жүресің» деп.
Жазған құлда шаршау бар ма? Камандрауышни қағазын
алып, екі-үш күннен кейін «Екібасқа» тартты.
Екібастағы жұмысшылардың хәлі жаман: ақысын ала
алмайды екен. Кеңсе біткендегі – орыс, мектеп-оқу жоқ
екен. Қазақтың арызын орыс билеушілер керек қылмайды.
Орыс мейрамы болса, орыс жолдастар каператиптен нәрсе
алады. Қазақтың айтында қазаққа түк жоқ». Осы орайда
Көжебайлардың жұмыс қабілетін жойып алуы, қызметіне
селқос қарауы пайда болатындығын айтып автор үлкен ой
салады.
Бас кейіпкер Көжебайдың өзі де «сапырылыс тиылар,
заман түзелер» деп сабырлық етіп, бұл іспетті түсініксіз
саясаттың өзгеруін күтіп жүреді. «Көжебай не басы-
на, не еңбекші елге пайда қылып жүр деуге болмайды.
Үйткені ылғи айдаудан-айдау, не үшін, кім үшін айдалып
жүргенін де білмейді. Қызметтен де, өмірден де жалықты.
Әуелде нағыз кедейдін баласы еді. Кеңес өкіметі келісімен
партияға жазылып еді. Содан бері қызметте еді. Бұл
уақыттар денсаулығын да жойды...» Әңгіме ертеңгі күнге
236
деген сеніммен, әлі де «шын қызметкер керек болар» де-
ген үмітпен аяқталады.
Жүсіпбек Аймауытұлының жылы юморы, өткір сатира-
сы бар көлемді әңгімелерінің бірі – «Жаңа өмірге аяқ басты»
деп аталады /41.Б.150-158/. Шағын тоғыз бөліктен тұратын
қызықты әңгімеде жазушының сүйікті кейіпкерлері –
«қара қасқа» кедей өмірі сөз болады. Біртоға, жуас адам-
дар – Додай, оның әйелі Ұмсындықтың көрген тіршіліктері,
өзара түсініспеушілігі, екеуінің арасының бұзылуына
себепші болған Көкмұрынның және т.б. осылар сияқты
ауыл адамдарының өмірі реалистік тұрғыда, нанымды,
нақпа-нақ суреттеледі. Әңгіменің негізгі тақырыбы – совет
өкіметі тұсында теңдік сұрауға қолы жеткен, «жаңа өмірге
аяқ басқан» жалшылардың тіршілігі. Дегенмен шығармада
езу тартқызар сатиралық бейнелер де ұшырасады, мәселен,
«астынан су жіберген парабоздай мұрны шуылдаған»
Көкмұрынның іс-әрекеттерін автор мысқылға айналдырып
отырады.
Жалпы алғанда, Жүсекеңнің көркем әңгімелерінде де,
кейінірек жазылған роман-повестерінде де сатиралық
образдар ұшырасып отырғанын айта кеткен ләзім. Бұл
жазушының жан-жақты дарын иесі екендігін танытуға
айрықша қыры десе де болады. «Ол шығарманы кейде
нақты оқиғаға құрса, кейде көркем бейнені ашу арқылы
дамытады. Сондықтан оның сатиралық әңгімелері мен
фельетондары араласып, бірінің белгілерін бірі бойы-
на сіңіріп, жаңа жанрлық формаларға айналады. Заман
шындығын, кейіпкер іс-әрекетін жазушы сатира тілімен
шенейді. Сонымен қатар Аймауытұлының публицисти-
касы мен прозасындағы кейіпкерлердің өмір сүрген орта-
сы оқырманның көз алдына келеді, стиль ерекшеліктерін,
тіпті кейбір образдың өзара ұқсас екендігін де аңғаруға
болады.
237
Жүсіпбектің «Баушы мен бала», «Қара бақсы», «Жаңа
өмірге аяқ басты», «Әнші», «Алып ұйқы», «Далада на-
урыз», «Көк өгіз», «Нағима», «Қырсықты Сүлей» және
«Қызыл отау, Қызылбике» әңгімелері – өз тұсындағы зама-
на келбетін, ел тіршілігін, замандастар бейнесін, халықтың
көңіл ауанын білдіретін, этнографиялық көріністері мол,
әлеуметтік тартыс пен тарихи шындықты бейнелейтін
келісті, көркем дүниелер. Қазақтың көркем прозасына
салмақты үлес қосқан бұл шығармалар «адам портреттерін,
психологиялық жағдаяттарды, ішкі монологты кең көлемде
көрсетеді, ақ өлең үлгісінен қара сөз түрінде өрнектеуге
шебер, сөз өнеріндегі диалог, мінез, портрет, композиция,
стиль, ырғақ, қысқасы, көркемдік құралдар шешендікпен,
шеберлікпен астасып, халықтық тағлыматтан бастау алады,
алыс-жақын шетел әдебиетіндегі озық дәстүр, өнегелермен
үндесіп, сабақтасып жатады» /337.Б.146/.
Жазушының бұл қатардағы, өзгеше стильде құрылған
әңгімелерінің бірі – «Далада наурыз» шығармасы /41.Б.158-
161/. Әңгімеде екі ғана кейіпкер бар – қойшы мен түйеші.
Алғашқыда даладағы наурыз айы суреттеліп, қойшының
жеке монологы берілсе, кейін қойшы мен түйешінің диало-
гы ретінде өрбиді. Бұл сыпатын алғанда әңгіме – шағын те-
атр қойылымы немесе кішігірім скетч тәрізді дүние.
Жалпы, жазушының біршама шығармалары (мы-
салы, «Қилы-қилы заман болды, қарағай басына шор-
тан шалды», «Радио хабарлары») сахналық қойылымға
сұранып тұрғанын байқау қиын емес. Театр сыншысы,
алғашқы қазақ пьесаларын дүниеге әкелген үлкен драма-
тург Аймауытұлының осы іспеттес кейбір әңгімелері де
драматургиялық дүниелерге жақын екендігі анық таны-
лады. Бұған жазушының өзінің саналы түрде барғанын
баса айта кеткен жөн. Оның себебін сол тұстағы театрдың
шағын сценарийлерінің тым аз болғанынан шығар деп топ-
238
шылаймыз. Әрі 20–30 жылдары сахналық қойылымдардың
мәдениет шараларыньщ ең үздік жетістіктерінің бірі болып
есептелгенін естен шығармау керек.
Міне, осылардың қатарында құрылымы алабөтен «Да-
лада наурыз» әңгімесін де айтуға болады. «Төбе үстінде
ақ таяққа сүйенген, мосқалдау, үстінде қырысқан,
ысқаяқ, ескі тоны, көң шалбары, басындағы тысы түте-
түте, қызыл сеңсең тымағы, беліндегі қырық жылғы,
қынды кісесі, далаға шыныққан, қошқыл тартқан қалың
бет-ауызы бұл адамның қойшы екенін айтпай таныта-
тын» кісінің монологы арқылы жазушы біраз жайттың
бетін ашады: «...Баяғыда бүгінгі күні қазан-қазан құрт
көже істеп, үй басы жылқының басын асып, наурызды
мейрам қылып, қағанағы қарқ болып қалушы еді. Атқа
мініп ауыл қыдырғанда көңіл көтерілуші еді. Желпініп
ойнап-күліп, тамаққа тойған соң қыстайғы сарсық бой-
дан бір шығушы еді. Қойды ауылға таман сыра тастап
біз де барушы едік. Өйдейт дерсің! Үлкен үйлердің тай
қазандары күп-күрең, сары қасқа құртқа толып тұрушы
еді. Қарынымыз сыздағанша ішіп-ішіп, тершіп, шымыр-
лап отырушы едік! О да бір дәурен екен! Ондағыдай
жұртта енді береке, бел бар ма! Дәулет бар ма! (Қойға
көзінің қырын салып): Шалқып жатқан ақтылы қой жер
қайысып сонау өлкеге сыймай кетуші еді. Байдан туған
жанның бір өзінен алты қотан қой өруші еді. Құлалы
жылқы қып-қызыл, ортасы шұп-шұңқыр болып жату-
шы еді. Сиыр дегенің, түйе дегенің қара құрттай қаптап,
жыртылып айырылушы еді... Олар қайда?! Көрген түстей
болды. Енді немене? Ауыл басы ая толым қой, көтен ба-
сындай жылқы, үй басы екі-үш мөшке: қарап отырып
қарының ашады»/41.Б.158–161/.
Рас, алаш елі 1916 жылғы июнь жарлығына дейінгі,
төңкерістерге дейінгі, кейін ары-бері қырғын салып өткен
239
ақ пен қызылдың соғысына дейінгі «қой үстіне бозторғай
жұмыртқалаған», мал-басы түгел, шалқып отырған за-
манын аңсаған. Жүсіпбек халықтың сол көңіл-күй ауа-
нын дөп басып, сол жылдардағы (20-жылдардың басы)
аласапыран, қысталаң заманда ел тұрмысының тым на-
шарлап кеткенін әңгіме басында кейіпкер – қойшының
сөзі арқылы береді. Бұдан кейін оның қасына «үстіне
шидем күпі, басына жаман тымақ, аяғына тері қаптаған
шәркелі, киіз байпақ киген, белбеулі, бір көзі соқыр,
салтақ шал» – түйеші келеді.
Әңгіме одан әрі драматургиялық шығарма пішініне
ұқсаңқырайды. Бұл бөлігінде де жазушы қойшы мен
түйешінің диалогтары арқылы замана келбетін, аумалы-
төкпелі заманның лебін, ел ішіне әреке әкелген бойкүйез
халді бүркемелемей, боямасыз дәл беруге тырысады.
Мәселен:
«Түйеші:
– ...Қойшы, анау келе жатқан үш аттының кім екенін
білдің бе? Сәбеті ме, кәмитеті ме, қаңғып жүрген солардың
бірдеңесі-дағы... Шұлғаудың маңқа баласы ұлық болған
соң құдайға не амалың бар? Үйіне екі кісінің басы батпай-
тын сіңірі шыққан мен ұқсаған бір жылтыр бұлар! Ел биле-
ген соң қайдан оңсын?
Қойшы:
– Өй, тәйір-ай! Оның ұлық болып жүргені – бай
балаларының арқасы да. Солардың үргізіп қойған иті емес
пе? Оның қолында не бар дейсің?... Терлікбайдың да келіні
бұзылып жүр деп біздің кемпір бірдеңені қоңырсытып отыр
еді. Сірә, бұ қылығын қоймаса, жұрт қатыннан жылмағай
боп тұлыпқа мөңіреп қалмаса неғылсын...
Түйеші:
– Ие-ие, қатынның құтырғаны не жақсы ырым дейсің.
Заманақыр боларда «сиыр пұл болады, қатын би болады»
240
деп бұрынғылар айтады екен. Бұ да бірдеңенің нышаны
ғой».
Жазушы елдің тіршілік тынысын осы сыпатта жаза
келіп, аласапыран саясат заманының құбылмалы кезеңін,
одан халықтың жылылық күтіп отырмағандығын жасыр-
май жазады. Бұл әңгіме сол себепті де құнды.
«Қырсықты Сүлей» әңгімесінде /41.Б.178-183/ де жазу-
шы этнографиялық суреттерге, қырдағы елдің тіршілігіне
көбірек тоқталады. «Жұрт «пысық, епті, кісі алдай біледі»
деп аңыз қылған «атқамінер адам» Сүлейдің ұрлық жа-
сап «мал табуды», «өзі түкті қошқардың тұқымы», «аталы
жердің баласы» болғандықтан еңбек етуді, кәсіп қылуды
ар көріп, біреудің үстінен пайда түсіруді көздеген әртүрлі
қылықтарын жазушы дәл бейнелейді.
Әңгімеде сонымен бірге жылы юмордың да нышан-
дары байқалып қалады. Әңгіменің негізгі сюжеті – әйелі
өлген Сүлейдің «аяғын шырмап, төсек жаңалау» қамымен
жүріп, «жөпшенді емес, баяғыдай шай шымылдық, мәре
шапан, торғын кемзал, жібек сәлі, балдырғандай майысқан,
үлбіреген жас сәуліммен жаңартуды арман қылып»,
әлденеше қызды көруге баруы баяндалады. Жазушы бір
кезде әкелері бай болған, «сүйегі мырза», «қырық екіге
биыл шыққан, ақ құба, ат жақты, тоны сұлу сұңғақ жігіт»
Сүлейдің ендігі малы шөмейіп, шаруасы шайқалған кез-
де еңбек етуге ерініп, одан гөрі елді алдап, жоқты-барын
алып кетіп, «пысық, епті» болмақ ниетін сынға алады. Ра-
сында да, аттан түспей, ел баққан, сөз баққан, ептестірген,
қағыстырған Сүлей кейде бірлі-жарым пұт май, тоқты, кей-
де торпақ түсіріп жүреді. «Шын біткен жеріне бітеді деп»
бұрынғы тұрмысын аңсаған, «мал табам деп арпалысқан»
ақсаусақ Сүлей еңбек қылуды, егін салуды білмейді. Арба
соғуға, етік тігуге ебі келмейді. Сүлей ондай кәсіпті ар
көреді: «Жұлық жамағаннан өлген артық». Әйткенмен
241
жазушы егін салғандарды, егіншілер бірде болмаса, бірде
еңбегінің жемісін орып жүргенін Сүлейдің көргенін,
оның да осындай іске құлшыныс қылғанын айтып кетеді:
«Сүлей көңіл жетер тең құрбыларына «кәсіп қылайық,
егін салайық» дейді. Бірақ оны құнт қылып, соңына түсуге
ыңғайы жоқ. Тек қалай еткенде Сүлей «өлмей» соқаның
көтін ұстасын ба? Оның егін салайық дегендегі ойы: бір-
екі кедейді жалдап, солардың бейнетін жеп, мал табу еді».
Кісі үстінен күнелтіп, еңбегін оңай олжалағысы келетін
Сүлей сияқтылардың пиғылын автор оның іс-әрекеттері
арқылы ашып көрсетеді.
Сүлей «мал табудың» қамымен жүргенде әйелі
қайтыс болып, ол енді қайта үйленуді қолға алады. Ав-
тор бұл арадікте юморға да жүгінеді: «Қатыны өлгеннен
кейін Сүлей «бісмілдә!» деп алдымен жұмысты сақалдан
бастады. Екі шықшытты сымпыйтып, иекке таман
алқымдатып қойып, бір жүрді. Мұртты ширатты. О да
көп көрінді білем, қалған шоқша сақалға қолды тағы
салып, мінтей-мінтей құртуға таянды...» Баяғы байдың
аулының баласы емеспін бе, маған тиген қыздың арма-
ны не деген кекірт ойлары арқылы Сүлейдің бет-бейнесі
айқындала түседі. Сүлей «қалыңдық іздеу» әуресімен
жүріп Бояубай, Ахмет дегендердің қыздарына сөз сала-
ды. «Көріп кел» деп ел ішінде Мұсабек сияқты пысық
жігіттерді жіберіп тұрады. Бояубайдың қызын құрбы-
құрдастары өтірік мақтағанға нанып, көңілі кетіп, Сүлей
қайынға енді жасырын барайын десе, жол-жоралғы, кәде
апаруға дүние жоқ. Сүлейдің ойлап тапқаны – өз ау-
ылдасы Қойшыбайдың бір ту сиырын ұрлап, сатқызып
жіберу: «...Соның сиырын сатқызып жіберсем, кім
біледі? Ауыл үйдің малын Сүлей ұрлады деп кім ойлай-
ды?» Бұл ой ұнап кетті. Ақылына со жерде бір сүйсінді.
Ертеңінде ала ту сиыр жоқ болып шығады». Жазушы
242
осынысымен де Сүлейдің кім, қандай адам екенін тағы
бір аңғартады. Сүлей «қалыңдық ойнауға ниет қып
жүргенде» қызды екі қараны артық беріп, Мақан де-
ген жігіт алып кетеді. Енді Ахметтің қызын алам деп
жүргенде Сүлейдің үстінен «сәбеттің жинайтын майы-
нан бір жарым құты сіңіріп кетті, Қойшыбайдың сиы-
рын сойып алды» деген домалақ арыз түсіп, басымен
қайғы болады. Сүйтіп, әңгіме соңында «сүйегі мырза»
Сүлейдің ұрлығы ашылып, сот есебіне шақыртылады.
Жүсіпбектің әңгімелерінде көп кейіпкерлер ке-
дей, жалшы болып келетұғын болса, бұл әңгімесінде ол
«атқамінерлердің» тұрмыс-тіршілігін, ой-ниетін жазады.
Сүлей сияқты ел үстінен күн көрген, еңбек етуге ерінген
«мырзалардың» тоғышарлығын сын тезіне салады.
Аймауытұлының әйел теңдігі тақырыбына арналған
«Нағима», «Қызыл отау, Қызылбике» сияқты бірқатар
әңгімелері бар. Бұлардың ең көлемдісі де, композициялық
құрылымы жағынан күрделісі де – «Әйел теңдігі» журна-
лында жарық көрген «Қызыл отау, Қызылбике» әңгімесі
/41.Б.183-209/. Шығармада кеңес өкметінің алғашқы
жылдарындағы ел өмірі, қырға шыққан «Қызыл отау»
ұйымы, қыр суреті, әйел теңсіздігі, сауатсыздыққа қарсы
күрес кеңінен әңгімеленеді. Диалогтармен басталған
әңгімеде қызыл отау әкеліп көрсеткен «жанды сүгірет» –
кино өнері, оны көрген елдің таңданысы айтылады. Көркем
шығарманың басты мұраты – қалың елге келген қызыл
отаудың ізгі ниетін мақтау, кеңес өкіметі әперген «теңдікті»
сол қалпында көрсету. Бұл орайда автор басты кейіпкер
Қызылбике арқылы оқыған қазақ қызының образын жасай-
ды, оның әйел теңсіздігі үшін күрескен еңбегін баяндайды.
Қарабұлақ ауылында жиырма шақты күн болған қызыл
отау оқу-ағарту, насихат жұмыстарымен, денсаулық күту,
әлеумет ісімен айналысады. Олардың іс-қимылдары ауыл
243
тұрғындарының игілігіне арналған: «Бір үйде сот, үстел
қағаз жазу, жауап, үкім, әйелге бостандық, қалың мал
қазынаға, жауапты жазаға, үй маңы жыбыр, сыбыр, біреудің
жүзі жарқын, біреудікі қара барқын...
Бір үйде ақ киімді дәрігер, сыбанулы білек, тыңдағыш
түтік. Кеуде тық-тық, «аш аузыңды!», «А» де, «Деміңді
қатты ал», «Бір стақан қайнаған сумен күніне үш рет». Ба-
рашок, барашок, дәрі сауыт, саусылдаған сауыт, сауыт...
Бір үйде мектеп, қыз-келіншек, аласа үстел. Үш үстел.
Үстел үсті: қалам, дәптер. Бөлек, салақ әліпби. Керегеде
қара тақтай...».
Көріктей қызып жатқан қызыл отаудың жұмысында
әсіресе үгіт-насихат жүргізуде, әйел теңсіздігін колға
алу кезінде гүбернелік әйелдер бөлімінен қосылған
Қызылбикенің шамадан тыс белсенділігі, жігерлілігі
әңгіменің өне бойында байқалып отырады. «Қырғи бике,
қыран бике» атанған жастың өз ісіне адалдығы, келе-
шекке деген сенімді көзқарасы, көппен түсінісіп жұмыс
істеуі айрықша суреттеледі. Байқан деген ел жігітіне Жа-
мал есімді сүйікті қызын кеңес заңы арқылы алып беруі,
Керімбай сынды алаяқ, іші тар жігіттің шырмауына түспеуі,
Қарабұлақ ауылындағы әйелдерге істеген қамқорлығы
Қызылбикенің образын айқын аша түседі.
Айта кетерлігі – жазушының бұл әңгімесінде
де көркемдік ізденістер мол, адам жан дүниесіндегі
психологиялық үйірімдерді жазуға талпынуы да ерек-
ше. «Жалпы, 20-жылдар көркем прозасына дәуір сипаты
мен өмір құбылыстары, қазақ кедейлерінің тұрмыстары
мен әлеуметтік іске қатысуы, әйел теңсіздігі мәселелерін
көтерген тақырыптар тән болды»/337.Б.139/. Осы негізде
жазылған «Қызыл отау, Қызылбике» әңгімесі тақырыбы
жағынан Б.Майлиннің «Кедей теңдігі», «Раушан – ком-
мунист» шығармаларымен сабақтас екендігі көңіл аудар-
244
тады. 1931 жылы шыққан «Әдебиет энциклопедиясында»
Жүсіпбектің осы әңгімесі повесть жанрына жатқызылады
/369/. Расында да шығарма көлемділігімен, сюжеттік
желісінің күрделілігімен көзге түседі.
Аймауытұлының көркемдік талапта жоғары деңгейде
тұрған жақсы бір әңгімесі – «Әнші». Бұл алғаш рет «...Тер-
ме» жинағында (1925, №1, 67-80-беттер) жарық көрген.
Әңгіменің аяғында автор «Жүсіпбек. Ташкент, 1925,
6-март» деп шығарманың қай күні дүниеге келгенін атап
көрсетіпті. «Бұл – Әміре Қашаубаевтың әншілік өнеріне
арналған шығарма. Жазушы Әміре бейнесінде атақты
әншінің жас кезіндегі өмірін, өнерін алған»/129.Б.48/.
Жазушы бұл әңгімесінде 1914–1915 жылдардағы
оқиғаларды баяндайды, үйткені Семей қаласына алғаш
рет келгенін «Келген жылымыз. Қаланың жай-жапсарына
қанық емеспіз» деп әңгіме арасында айтып кетеді. Және
«Наурызда қазақ шәкірттері сауық жасауға даярландық»
деген мәліметті Аймауытұлының өмірбаянымен орайла-
стырып, осы уақыт аралығы деп шамалауға болады.
Әңгіменің басты кейіпкері Әмірқан болса да, шығарма
қала тіршілігінен, өнерге құлшынған жастар өмірінен көп
мағлұмат береді. Әмірқан әншінің ән айту шеберлігін ав-
тор былайша жеткізеді: «Сүмірейте, қылмита соқты.
Желеңдете, құтыра соқты. Лебізі құлаққа жағып кетті,
жүректі тербетті, тамырды желпіндірді, бойды шымыр-
латты». Бұл сөйлемдер легінен де Жүсіпбекке тән стильді
байқауға болады. Сонымен бірге жазушы аса көркем, дәл
суреттеуге жүгінгісі келсе, жыр жолына жүгінеді: «Топ
көргенде Әмірқан аруақтанып, көтеріліп кетеді екен.
Бұрынғы дауысы астар болмай қалды. Зал жаңғырып,
күңгірлеп кетті.
Сұңқылдаған көмейі сыбызғының үніндей, Ескекте-
ген толқыны «Боз айғырдың» күйіндей, Аспандап соққан
245
айқайы Алтайдың асқар тауындай, Желпілдеткен түндікті
Күздікүнгі дауылдай...»
Әсілі, ескі жыр-қисса үлгісіне бой ұру Жүсіпбек
шығармашылығына тән. Оны біз «Қара бақсы» әңгімесі,
«Күнікейдің жазығы» повесі іспетті туындыларынан да
байқай аламыз. Ғабит Мүсіреповтің «Достар қалжыңы»
әңгімесінен де осыған ұқсас нұсқаны шамалауға болады:
«Мал ішінен айналып, Көңілі жақсы жайланып,
Аяңшылы жылпылдап... келе жататын бір ақсақал бар еді
ғой, соған ұқсатсақ, не айтасың? /371/.
Аймауытұлының бай, кестелі, ырғақты тілі кейінгілерге
үлгі-өрнек болғаны өтірік емес. «Белгілі қаламгердің
(Ғ.Мүсірепов – Н.Қ.) «Менің ұстазым – Аймауытов»
деуі де оның таланты мен шығармашылығын танып,
соған байланысты білдірген әділ көзқарасын аңғартары
анық» /337.Б.297/. Осы тұрғыдан алғанда Жүсіпбек
шығармашылығындағы жаңалықтардың белгілі бір
кезеңдерде әдебиет өнеріне қайткенмен де ықпал-әсері
болмай қалмас еді. Мәселен, «Әнші» әңгімесінің соңғы –
үшінші бөлігінің композициялық құрылымына, аяқталуы
сыпатына Ғ.Мүсіреповтің «Қарлы жаңбыр астында»
әңгімесінің желісі аз-маз ұқсайтындығын да аңдауға бола-
ды.
Жүсіпбек Аймауытұлының әдеби шығармаларының,
әсіресе әңгімелерінің кейбіреулерінде публицистикалық
баяндаулар кездесетіндігін, оған автор саналы түрде
жүгінетіндігін жоғарыда айттық. Жалпы, 20-жылдардағы
әдеби
дүниелердің
бірсыпырасында
көсемсөз
белгілерінің болуы белгілі бір тұрғыда заңды да, үйткен
себебі, «жазушылық тәжірибесі аз, қаламы төселмеген
жас авторға бірден көлемді, аумақты шығармалар беру
қиын соқты да, олар қабілет-күштерін әңгіме жазудан
бастап көрді» /371/.
246
Қаламгердің әңгімелерінде ғана емес, кейбір поэзиялық
шығармаларында да көсемсөз үлгісі кездесетіндігін атап
айтқан жөн. Оның «Бір шешеннің сөзі» атты поэзиялық
фельетонын Т.Қожакеев талдаған /25.Б.37/. Сонымен бірге
«Жазушыларға», «Неғып жатыр?» деген публицистикалық
өлеңдерін де еске түсірген дұрыс. Төңкеріске дейін «Алаш»
газетінде жарық көрген «Жазушыларға» /372.Б.204/ өлеңі
– газетке сөз жазушы қаламгерлерге тілек, ұсыныс ретінде
жазылған шығарма.
«Алаштың» талабы зор, мақсұты мол, әртүрлі кемшілікке
созып тұр қол. Бір мақсұт – әйелдің халін аяп, Азаттық,
адамдыққа іздемек жол. Бұл талап сәтті болса – таудай та-
лап, Ниеті қабыл болғай құдай қалап. Әркімнің жүректегі
дертін қозғап, Жазылар талай сөздер неше тарап».
Мұнда автор сөз жазушылар адамдықты, адалдықты
тұғыр етіп ұстау керек деген пікірін білдіреді. Әйел теңдігі
мәселесін газет бетінде басты тақырып етіп ұстау керегі
жөнінде ұсыныс айтып, «әйелді теңдікке алсақ терең ойлап»
дейді. Сондай-ақ автор басылым ынсап, ұят, тұрақтылық
жайында, жалпы, адамзаттың жақсы, асыл қасиеттері тура-
лы көбірек жазуы керек деген ойға жетелейді.
«Талай роман орыста жатыр толып, Керексіз жаман
сөзбен іші толық. Жастарды бұзықтыққа қоздырады, Ұрыға
сойыл тауып берген болып» деп теріс ойлы туындылардан
жырақ болып, қазақ баспасөзі бетінде жақсы дүниелерді
жазу керегін нұсқайды.
«Неғып жатыр?» атты публицистикалық өлеңінде
/372.Б.205/ Аймауытұлы заман келбетін, қоғам жаңалығын,
елдің көңіл-күйін көсемсөз стилінде бере білген:
«Түрленіп мынау заман ағып жатыр, Жай өтпей һәркімге
сын тағып жатыр, Жайынан замананың хабардар ма, Осы
біздің қазақтар неғып жатыр?» дей келе, төңкеріске дейінгі
247
қазақ елінің әлеуметтік өмірін, тыныс-тіршілігін сөз етіп,
не істеп жатқанынан хабар береді.
«Бізге не өнер, ғылым жұғып жатыр, Жастар мұны
үйреніп ұғып жатыр, Халыққа бас-көз болып, жол
мұндалап, Бір-бірлеп газеталар шығып жатыр» дейді пу-
блицист әлеуметтік өмірдегі ең әуелгі жаңалыққа тоқтала
келіп. Қазақ ішінде мұғалімдердің көбейгенін, қазақ
балаларының оқуға көптеп барып жатқанын, мектеп-
медресе ашылып жатқанын жаза келіп, ұйымға біріккен,
ынтымағы күшті оқығандардың «Жат мінезге әуікпей,
жұртын ойлап, Ұлттың қамын көңілге тоқып жатыр»
деп бағасын беріп, оған өзінің көңілі толатындығын
білдіріп отырады. Бірінші жер-жаһан соғысына «жүген,
құрық көрмеген аңғырт жұртының» жігіттерінің барып
жатқанын да тілге тиек етеді: «Нөсер соғыс әлемге жетіп
жатыр, Ақ патша жұртқа пәрмен етіп жатыр».
«Мойыны қатты надандық шіркін кернеп», соғысқа
бармай, көнбеген кейбір адамдардың жазаға тартылып
жатқанын да шет қалдырмайды автор.
«Қатын-бала, шал-кемпір қалып жатыр, Шәлкестікпен
жала үшін талып жатыр, Алыстан Герман неғып жатыр
деуші еді, Жақын жерден білуге барып жатыр» деп соғысқа
кеткен ер-азаматтарының хал-жағдайын, тұрмыс-тіршілігін
білуге құмартқан ата-ана, туыс-бауырдың бейнесін де сөз
етіп кетеді.
«Иншалла, қазаққа да болар теңдік» деп көсемсөзші-
ақын келешектен күдер үзбей, елінің, ұлтының болашағы
бар екенін, жарқын екенін айтып, публицистикалық өлеңін
үлкен рухта, зор сеніммен аяқтайды.
248
Достарыңызбен бөлісу: |