Нұрсұлтан Назарбаев экономикадағы өзгерістерді халыққа дұрыстап


Болашақта теңге нығаятына сенуге бола ма?



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата03.03.2017
өлшемі0,88 Mb.
#6961
1   2   3

Болашақта теңге нығаятына сенуге бола ма?

Елімізде  валютаға  қатысты  сұраныс  пен  ұсыныс  теңесіп,  орташа  бір  деңгейге 

келді.  Енді  күн  сайын  курстың  бірнеше  теңгеге  секіруі  болмайды.  Өйткені  бірнеше 

факторлардың әсерінен кейін теңге бағамы тұрақтанып, өзінің позициясын бекіте түсті.

Бұл  жайында  Астанадағы 

Орталық 

коммуникациялар 

қызметінде  өткен  брифингте 

Ұлттық  банк  төрағасы  Данияр 

Ақышев мәлімдеді.

– Қазіргі уақытта валютаға де-

ген  ұсыныс  пен  сұраныс  теңесті. 

Енді  валютаны  алып-сатарлар 

азаятын  болады,  –  дейді  бас  бан-

кир  Ақышев.  –  Валютаны  ай-

ырбастап,  курс  арқылы  пайда 

табу  мүмкін  болмайды.  Теңгенің 

тұрақтануына  мұнай  бағасының 

өзгеруі  мен  көрші  елдердегі 

экономикалық жағдайлар әсер етіп 

отыр.  5  қарашадан  бастап  Ұлттық 

банк  қаржы  нарығына  өзінің 

қатысуын  тоқтатты.  Біз  валютаға 

деген  сұраныс  пен  ұсыныстың 

өзара  теңгерім  табуына  кедергі 

келтірмей,  мүмкіндік  бердік.  Бұл 

еліміздің  алтын-валюта  қорының 

сақталып  қалуына  және  отандық 

өндірістің  бәсекеге  қабілеттілігін 

шыңдауға  жол  ашады.  Біз  бұл 

саясатты  ары  қарай  да  жүргізе 

береміз.  Тек  қаржы  нарығында 

заңсыздықтар мен тұрақсыздықтар 

тумауын қатаң қадағалаймыз. Енді 

Ұлттық  банк  қалыптасқан  валю-

та  тұрақтылығын  сақтап  қалуға 

күш  салуда.  Мемлекет  басшы-

сы  осы  мәселе  бойынша  жұмыс 

атқаруға тапсырма берген болатын. 

Бұл  тапсырмаларды  орындауға 

бар  мүмкіндікті  пайдаланамыз. 

Сондықтан да бүгінде ақша-кредит 

саясатын  бір  қалыпқа  келтіруді 

қолға  алдық.  Бұл  жұмыстар 

жалғаса беретін болады.

Енді  елдің  қолында  20  мың 

теңгелік жаңа купюра пайда бола-

ды.  Ұлттық  банк  төрағасы  соңғы 

кездері  ел  арасына  жайылып  кет-

кен қауесетті жоққа шығармай, ра-

сында да ол мәселенің талқыланып 

жатқанын  жеткізді.  Осыған  орай 

таяу уақытта арнайы мәлімдеме де 

жасалады. 

Банк төрағасына брифингте ең 

көп  қойылатын  сауалға  байланы-

сты Д.Ақышев депозиттік салымды 

бәрібір де теңгемен ұстау керектігін 

ескертті.  Өйткені  алда  ұлттық  ва-

лютаны  тұрақтандыру  мен  қатар 

нығайту  және  сатулар  мен  өзге  де 

алымдарды  тек  теңгемен  жүргізу 

жайы қарастырылады.

«Бұл  тек  қана  мәмілелерге 

ғана  емес,  сонымен  бірге  баға 

құрылымдауға, баға көрсетулерге де 

қатысты.  Біз  Қазақстанда  тұрамыз 

және  біздегі  баға  теңгемен  болуы 

тиіс. Меніңше, бұл дұрыс құбылыс 

әрі  оған  азаматтарымыз  қарсы  бо-

лады  деп  ойламаймын.  Ары  қарай 

экономиканы  долларсыздандыру 

саясатын  жалғастыра  береміз.  Ол 

үшін біз экономикалық ынталанды-

ру  тетіктерін  қолдануға  дайынбыз. 

Яғни  шетелдік  валютаға  қарағанда 

теңгемен  сақтау  тартымдылығын 

артты ратын  тетіктер  бар.  Енді 

осы  тетіктерді  іске  қосуға  және 

мүмкіншілігінше оны жақын арада 

жүзеге  асыруға  кірісеміз.  Елбасы 

ҚР  Ұлттық  банкіне  теңгеге  деген 

сенімін  қайта  орнықтыру  тапсыр-

масын  берді.  Біздің  пікірімізше, 

бірінші  кезекте  қазір  мемлекеттік 

ақша-несиелік  саясатын  жүргізетін 

институт  ретінде  ҚР  Ұлттық 

банкіне сенімді қалпына келтіруден 

басталуы  керек.  Сәйкесінше,  біз 

бұқаралық  ақпарат  құралдары 

көмегімен  біздің  қоғамға,  халыққа 

атқарып 

жатқан 


шараларды 

жеткізе  алатындығымызға  сенім 

артып  отырмыз,  сондай-ақ  ин-

фляцияны  реттеу  бойынша,  теңге 

төлемпаздығын реттеу тұрғысында, 

айырбастау  бағамы  жағдайы  бой-

ынша тиісті түсіндіру жұмыстарын 

жүргізуге  дайынбыз»,  –  дейді 

Ұлттық банк төрағасы.

Данияр 


Ақышев 

қоғамда 


күрт 

өскен 


инфляцияға 

қатысты  да  өз  ойын  білдірді. 

Бағаны  тұрақтандыру  Ұлттық 

банктің  басым  бағыты  болып 

саналатындығын  айтқан  ол,  ин-

фляцияны  төмен  деңгейде  ұстап 

тұруға  барымызды  саламыз  деп 

отыр. Мәселен, 2015 жылдың 10 ай-

ында инфляция 8,2 пайызға жетті. 

Негізі,  үстіміздегі  жылдың  тамыз 

айына дейін құнсызданудың төмен 

қалпы  сақталып  тұрды.  Кейіннен 

теңге  құнсыздана  бастаған  кезде 

ол да өсе түскен. Әсіресе, қыркүйек 

пен  қазан  айлары  инфляция  күрт 

көтеріліп  кетті.  Негізі,  биылғы 

жылдың соңына дейін құнсыздану 

6-8 пайыз көлемінде күтілген. 2016 

жылы осы деңгей сақталады деген 

жоспар бар.



№12(153), желтоқсан 2015

www.nap.kz



Билік жақын арада нан бағасын көтеруге рұқсат бермесе, біз қызметімізді тоқтатуға 

мәжбүр боламыз. Бұл туралы Атырау қаласында жұмыс жасайтын 11 шағын наубай-

хана иелері мәлімдеді. Наубайшылар Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасында өткен 

Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес отырысының барысында көп жылдан 

бері қордаланып қалған түйткілдерін жеткізді.

бәріне  аян,  –  деп  атады  Талғат 

Қосжанов.

Наубайхана  иесінің  айтуын-

ша,  доллар  бағамының  өсуі  де 

әсерін  тигізбей  қоймады,  себебі 

барлық  жабдықтары  шетелде 

шығарылған. Талғат Қосжановтың 

өзі қосалқы бөлшектер бағасының 

қымбаттап  кетуі  себебінен  6 

нан  пісіретін  пештің  2-і  тоқтап 

тұрғанын атады.

Басқа наубайшылар шағымдары 

да  осыған  саяды.  Бизнестің 

тиімсіздігі салдарынан өндірістерін 

кеңейту  үшін  олардың  ешқайсысы 

да банктен кредит ала алмайды.

Дотациялық 

ұн 

сапасы-


на 

қатысты 


наубайшылар 

наразылықтары  да  жетіп  жатыр. 

Олардың  айтуынша,  пісірілетін 

нанның  сапасын  көтеру  үшін, 

коммерциялық  нанды  сатып  алып, 

оны  дотациялықпен  араластыруға 

мәжбүр  болып  жүр  екен.  Сонымен 

бірге олар дотациялық ұнды жеткізу 

мерзімінің 

үнемі 


кешіктіріле 

беретінін хабарлады.

«2007  жылдан  бері  барлық 

коммуналдық тарифтер өсіп келеді, 

нан пісіруге қажет азық-түлік бағасы 

өсті, дотациялық ұн бағасының өзі 

де 50% пайызға жуық өскен. Бұлай 

жалғаса  беруі  мүмкін  емес.  Егер 

нан  бағасын  көтермейтін  болсақ, 

жабылуымызға  тура  келеді»,  –  деп 

қорытты сөзін наубайхана иесі.

Сонымен  қатар,  Кәсіпкерлер 

құқығын  қорғау  жөніндегі  кеңес 

барысында  анықталғандай,  қазірде 

Атырау  облысы  бойынша  Табиғи 

монополияларды 

реттеу 

және 


бәсекелестікті  қорғау  жөніндегі 

комитет  департаменті  жоғарыда 

аталған  бірқатар  наубайханалар 

иелеріне  қатысты  нанның  сату 

бағасын  5  теңгеге  қысқа  мерзімге 

көтрегені  үшін  бәсекеге  қарсы 

іс-қимыл  дерегі  бойынша  тергеу 

бастаған.  

Аталмыш 

департамент 

басшысының  орынбасары  Болат 

Сүлеғалиев  түсіндіріп  өткендей, 

тергеуді  бастауға  монополияға 

қарсы  органның  өзі  анықтаған 

деректер  мен  нан  бағасының 

көтерілгені 

жайлы 

БАҚ-та 


жарияланған  ақпараттар  себеп 

болған.  «Мақсатымыз  сіздерді  жа-

залау емес, әрекеттеріңіздің заңсыз 

екенін  дәлелдеу»,  -  деп  сендірді 

мемлекеттік орган өкілі.

Алайда  Кәсіпкерлер  құқығын 

қорғау  жөніндегі  кеңес  мүшелері 

мемлекеттік  органның  мұндай 

әрекетін бизнеске әкімшілік қысым 

көрсету ретінде қарастырады.

«Сіздер  мониторинг  жүргізуге 

тиіссіздер. 

Неліктен 

тер-


геу 

жүргізесіздер, 

адамдарды 

қорқытудың  қажеті  қанша?  Атал-

мыш мәселені облыс мәслихатының 

тұрақты  комиссиясы  отырысында 

жеткізетін боламын. Онда құзырлы 

тұлғалар  қатысады.  Бұны  бизне-

ске қысым көрсету деп есептеймін. 

Олар  әлеуметтік  маңызы  бар 

өнім  –  нан  өндіреді,  жұмыс  орын-

дарымен  қамтамасыз  етіп  отыр, 

өз  күштерімен  жұмыс  жасайды, 

ешқайсысы да «Бизнестің жол кар-

тасы»  бойынша  кредит  алмаған, 

осының  бәрін  ескеруіміз  қажет», 

–  деп  атады  Кәсіпкерлер  құқығын 

қорғау  жөніндегі  кеңес  төрағасы, 

облыстық мәслихат депутаты Әлия 

Бекқожиева. 

–  Тергеу  жүргізер  алдын-

да  сәйкес  бұйрық  шығуға  тиіс. 

Бұйрықты 

ұсындыңыздар. 

Аталмыш  бұйрыққа  ірі  нан 

өндірушілер де, ұсақ өндірушілер 

де  бірге  енгізілген  болып  шықты. 

Бұл  дұрыс  па?  Кез-келген  тер-

геу  бұйырақ  болған  жағдайда 

прокуратураның  Құқықтық  және 

әлеуметтік  ақпарат  орталығында 

тіркеледі.  Бізге  мұндай  ақпарат 

ұсынылған  жоқ.  Бұл  монополияға 

қарсы  комитеттің  шағын  бизне-

ске  қатысты  мұндай  «пысықтық» 

танытып отырған тәжірибеміздегі 

алғашқы  оқиғасы,  ірі  монополи-

стерге  қатысты  мұны  байқамаған 

едік.  Тағы  бір  қызықты  тұс  – 

әкімдік  оларды  шақырған  бет-

те,  департаментіңізде  мәселелер 

туындай  қалады.  Бұл  ақпаратты 

қарапайым 

талдау 


жолы-

мен  алуыңызға  болады.  Заңға 

сәйкес  мониторинг  жүргізуге 

құқылысыз. 

Жүргізіңіз, 

оған 


қарсы  емеспіз.  Неліктен  бірден 

тергеу жасалуы керек? – деді Аты-

рау  облысы  Кәсіпкерлер  палата-

сы  директорының  орынбасары 

Сәрсенбай Жолдыбаев.

Оның  ойынша,  кәсіпкерлерді 

дамыту 

үшін 


нан 

бағасын 


еркіндікке  жіберу  қажет.  Сондай-

ақ  әкімдікпен  бірге  халықтың 

әлеуметтік  әлсіз  топтары  үшін 

нады  қолжетімді  бағамен  сата-

тын  мамандандырылған  дүкендер 

ашу  туралы  мәселені  шешу 

қажет.  Сонымен  қатар  аталмыш 

дүкендерге 

қолжетімді 

нанды 


жеткізуге  өндірушілерден  кететін 

шығындардың  орнын  толтыру 

тетігін дайындап шығу керек.

Ао  әкімдік  өкілдеріне  рес-

ми  хат  жолданса  да,  отырысқа 

келмепті.  Талқылау  қорытындысы 

бойынша 

Кеңестің 

барлық 

мүшелері  өндірушілердің  нанға 



деген  нарықтық  бағаны  орнату 

қажеттігі  туралы  және  субсиди-

ялаудан  бас  тартуы  жайлы  та-

лаптары  негізді  болып  табылады 

деген  ойға келді. Осыған орай об-

лыс  басшылығының  атына  сәйкес 

хат  жолдауға  шешім  қабылданды. 

Сондай-ақ  Кәсіпкерлер  палатасы-

на  монополияға  қарсы  органның 

бірқатар  наубайханалар  иелеріне 

қатысты 

тергеу 


жүргізуінің 

заңдылығына  құқықтық  сарапта-

ма  жүргізуді  және  қажет  болған 

жағдайда  кәсіпкерлердің  заңды 

мүдделерін  қорғауды  тапсыруға 

шешім қабылданды.

Даудың  басы  жергілікті  билік 

реттейтін  «әлеуметтік»  нанның 

бағасы  болған.  11  наубайхана 

атынан  олардың  ресми  мүддесін 

танытушы  ретінде  сөз  алған 

кәсіпкер  Талғат  Қосжановтың 

айтуынша,  Атырау  облысында 

нанды  сату  бағасын  соңғы  рет 

35  теңгеден  40  теңгеге  көтеруді 

әкімдік  2007  жылы  белгілеген 

болатын.  Бір  жыл  өткен  соң  мем-

лекет  тарапынан  наубайшыларға 

дотациялық ұн беріле бастады. Ол 

кезде аталмыш ұнның бір келісінің 

бағасы  47  теңгені  құраған  еді. 

Сондай-ақ  наубайшыларға  нанды 

дүкендерге  бір  бөлкесі  үшін  40 

теңгеден жіберуге тиіс деген шарт 

қойылады.

–  Ол  кезде  ұн  бізге  облысқа 

жеткізіліп  тұрды.  Оны  «КамАЗ» 

автомашинасымен 

вокзалдан 

наубайханаға  дейін  тасымалдауға 

кететін  шығындар  көліктің  бір 

бірлігі үшін 12 мың теңгені құрады. 

Қазір  дотациялық  ұнды  көршілес 

Батыс  Қазақстан  облысынан  бір 

келісі  үшін  51  теңгеден  сатып 

алып,  өзіміз  жеткіземіз.  Енді  та-

сымалдау  көліктің  бір  бірлігі  үшін 

150  мың  теңгеге  өсіп  кетті,  яғни 

ұн  бізге  бір  келісі  үшін  63  теңге 

бағамен  келеді.  Төртінші  тоқсанда 

Оралда  дотациялық  ұнның  бағасы 

60  теңгеге  өсті.  Сонда  әкімдік 

өкілдері,  ұнды  67  теңгеден  сатып 

алатын болсақ, жеткізу мәселелерін 

өз  мойындарына  алатындарын 

айтқан  еді.  Егер  коммуналдық 

қызметтер  тарифтері  2007-2008 

жылдардағыдай болса, бұл талапты 

орындар едік. Аталмыш қызметтер 

бағасының  еселеп  өсіп  кеткені 



Алматының бизнес қауымдастығы биліктен көмек сұрады

Кәсіпкерлер  бизнесті  тексеруге  5  жылға  мораторий  жариялануын 

сұрайды.  Өңір  бизнесмендері  Алматы  Кәсіпкерлер  палатасы  өңірлік 

кеңесінің кезекті отырысында осындай ұсыныс тастады. 

Кәсіпкерлер  атап  өткендей,  дағдарыс 

барлық  дерлік  қызмет  салаларын  ауыр 

тиген. Кәсіпорындардың жүктелу деңгейі 

30%-ға жетер-жетпес, сауда ең қарапайым 

есептеулермен 

60% 

құлдыраған. 



Мемлекеттік қолдаусыз жағдайдан шығар 

жол  табу  мүмкін  емес.  ЕАЭО  бойынша 

бәсекелестердің  қысымы  қазірдің  сезіле 

бастағанын  кәсіпкерлер  жайып  салды. 

ДСҰ-ға  кіретін  уақыт  болса  таяп  қалды. 

Күн  өткен  сайын  шағын  кәсіпкерлікпен 

айналысушылар 

әлсіреп, 

қолдауды 

қажетсінуде.

– Субсидиялау мәселесі де, мемлекеттік 

сатып  алулар  көлемі  мен  басқа  да  сатып 

алулар  көлемін  арттыру  мәселелері  алда 

тұр.  Оның  үстіне,  қаржыгерлердің  валю-

та  бағамы  төңірегіндегі  ахуалды  шешуін 

сұрау қажет, – деп «Белкамит» БК АҚ бас 

директоры Павел Беклемишев ойын ортаға 

салды.  «Корпоративтік табыс салығы бой-

ынша  аванстық  төлемдер  жайлы  үлкен 

сауалым  бар.  Шын  мәнісінде,  біз  мем-

лекетке  аванс  беріп  отырмыз.  Аталмыш 

анархизациялық  саясат  негізгі  қорлар 

құнының  ұлғаюына,  салық  жүктемесінің 

өсуіне  ұласады»,  –  деп  хабарлады 

Қазақстанның 

Тамақ 


кәсіпорындары 

одағының  президенті  Анатолий  Попе-

люшко.

Ерлан  Стамбековтың  ойынша,  ҚҚС 



төңірегіндегі  мәселені  шешіп  ала-

тын  кез  келді.  «Қосылған  құн  салығын 

паразиттік  салық  деп  санаймын,  оны 

мүлдем  алып  тастау  керек.  Жаңа  салық 

реформасының  табалдырығында  тұрмыз, 

және  де  оның  біздің  қатысуымызсыз, 

бизнестің  пікірінсіз  талқылануына  әрі 

қабылдануына  жол  бермеуіміз  керек», 

–  деп  есептейді  кәсіпкер,  Өңірлік  Кеңес 

мүшесі Ерлан Стамбеков.

«Тұран  экспресс»  компаниясының 

бас директоры Роман Ботабековті бәрінен 

бұрын  мемлекеттік  органдар  тарапынан 

болатын қаптаған тексерулерді сөз етті.

– Қазір онсыз да оңай тиіп жүрген жоқ. 

Дағдарыста бюджетті толықтыру бойынша 

негізгі  жүктеме  бизнестің  иығына  түседі. 

Биліктен  тексерістерге  5  жыл  мораторий 

жариялануын  сұрайық!,  –  деп  ұсынды  ол 

Өңірлік кеңес мүшелеріне.

Алматы Кәсіпкерлер палатасы өңірлік 

кеңесі  отырысының  қорытындылары 

бойынша  толғақты  түйткілдерді  шешу 

жөніндегі  ұсыныстар  «Атамекен»  ҰКП 

Орталық  аппаратының  қарауына  жолда-

нады.


Дағдарыс  кезінде  барлық  ауыртпалық 

шағын  және  орта  бизнес  өкілдерінің 

мойнына 

түсетіні 

жасырын 

емес. 


Сондықтан осындай қиын кезеңде мемле-

кет  кәсіпкерлерге  салықтық  жеңілдіктер 

ұсынып,  олардың  дағдарыс  жағдайында 

қиналмай  жұмыс  істеуіне  мүмкіндік 

туғызуы  керек-ақ.  Осы  тұрғыдан  алғанда 

Алматы  кәсіпкерлерінің  биліктен  көмек 

сұрауы  өте  орынды.  Бұған  қоғам  болып 

қолдау білдіруіміз керек.



№12(153), декабрь 2015

www.nap.kz



Жемқорлыққа  қарсы  жойқын  соғыс  ашылады  Елімізде 

жемқорлықпен  күрес  «дағдарысқа  қарсы  шараға»  теңелді!  Өйткені 

жемқорлардың  жымқыруынан  «құтқарылған»  миллиардтаған  ел 

қаржысы мемлекет пен халыққа игілік әкелер шараларға арна тартып, 

экономиканың үлкен күйзеліске ұрынбауына қосымша ықпал етеді.

Бұл  талап  сақталмаған  жағдайда  заң 

жобасы бойынша лауазымды тұлғаларға 10 

айлық есептік көрсеткіш (20 мың теңгедей) 

мөлшерінде  айыппұл  салынады  және 

«әкімшілік жауаптылығы көзделеді».



Конверттерді ашуға бәрі 

қатысады

Адал  өнім  жеткізушілердің  жігерін  жа-

сытатын  жемқорлардың  тағы  бір  «жойқын» 

қаруы – әртүрлі сылтаумен конверттерді ашу 

рәсіміне  олардың  өкілдерін  жібермеу  болса 

керек.  Мысалға,  «рұқсат  беру  бюросы»  ол 

адамдарға ғимаратқа кіруге жол ашатын тілдей 

рұқсат қағазды бермей тастайды. Нәтижесінде, 

бәсекелестері  «жеңімпаз»  компанияның 

қандай  артықшылығы  арқасында  алға 

озғанын  біле  алмай  пұшайман  болады.  Бұл 

бағытта қандай шара қолданылмақ?

–  Сатып  алуға  қатысушыларға  енді 

өтінімдер  ашылғаннан  кейін  бәсекелесінің 

құжаттарын  қарауға  ұлықсат  етіледі.  Бұл 

өзара бақылауды қамтамасыз етеді әрі нақты 

бір  өнім  жеткізушінің  таңдалу  себептерін 

бағалауға мүмкіндік береді, – деп түсіндірді 

министр.

Сатып алу қорытындыларын даулаудың 

тиімді  тетіктерін  белгілеу  мақсатында 

Қазақстанда алда «шағымды қарау кезеңінде 

шарт  жасасуды  он  күнге  тоқтата  тұру» 

тәжірибесі  енгізіледі.  Қазіргі  кезде  тіпті 

дау-жанжал  жүріп  жатса  да,  меморган  мен 

«жеңімпаз»  жеткізуші  шарт  жасаса  береді. 

«Бұл  жосықсыз  тапсырыс  берушілерге, 

жемқорларға  заңнаманы  бұза  отырып, 

өздері көздеген сатып алуды жүзеге асыруға 

жол ашады»,  – деді Б.Сұлтанов. 

Арамқол 

тапсырыс 

берушілер 

пайдаға  жарататын  тағы  бір  схема  –  са-

тып  алу  байқауында  адал  жеңіске  жеткен 

компанияның  өнімін  қабылдамай  тастап, 

орнына  жаңа  байқау  жариялауға  саяды. 

Бұған тосқауыл бола ма? 

– Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілген 

қызметтерді  қабылдаудан  негізсіз  бас  тар-

ту  және  уақтылы  төлем  жасамау  мәселелері 

шешіледі.  Осы  мақсатта  заң  жобасында 

біріншіден,  өнім  жеткізушіге  толық  төлеу 

үшін  30  күннен  аспайтын  мерзім  белгіленді. 

Екіншіден,  орындалған  жұмыстардың  және 

көрсетілген 

қызметтердің 

электрондық 

шот-фактураларының  электронды  актілері 

қолданылатын болады, – деді Қаржы министрі. 



Тендерді кеш өткізуге тосқауыл 

қойылады

Тағы  бір  жаңалық  бар.  Кейде  жауап-

ты  тұлғалар  бюджеттің  бекітілмегеніне 

қарайлап,  сатып  алуларды  тым  кеш 

өткізеді  де,  өнім  жеткізушіге  оның  та-

лаптарын  өз  мерзімінде  орындау  қиынға 

соғады.  Осының  кесірінен,  ақыр  соңында 

«бәріне жеткізуші айыпты» деп табылып, 

оның  атақ-абыройына,  беделіне  нұқсан 

келеді. 


–  Мемлекеттік  сатып  алулардың 

уақтылы өткізілмеу проблемалары заң жоба-

сында «алдын ала жылдық сатып алу жоспа-

ры»  институтын  енгізу  арқылы  шешіледі. 

Атап  айтқанда,  тапсырыс  берушілерге 

мемлекеттік сатып алуды бюджет бекітілмес 

бұрын,  бюджеттік  комиссиясының  оң 

қорытындысы  негізінде-ақ  жүргізе  беруге 

рұқсат етіледі. Ұсынылып отырған шаралар 

бюджет  қаражаттарының  игерілмеу  про-

блемаларын  шешеді,  сондай-ақ  сатып  алу 

процесін қысқартады, – деді министр.

Жалпы, жаңа заң бұдан басқа да бұрын-

соңды  болмаған  жаңашылдықтарды  ала 

келмек.  Мәселен,  Қазақстанда  сатып  алу-

дың  жаңа  тәсілі  –  «алдын  ала  біліктілік 

іріктеу арқылы конкурс» енгізіледі. Ол нені 

білдіреді?  Қаржы  министрлігінің  түсінді-

руін ше,  «компаниялардан  әр  конкурсқа 

құжаттарды  тапсыру  талап  етілмейді  және 

өнім  жеткізушінің  біліктілігі  бір  рет  қана 

іріктеледі».

Жаңа заң жемқорлыққа жиі ықпал ететін 

«бір көзден сатып алу» үлесін төмендетпек. 

Нақтырақ айтқанда, мұндай сатып алуларға 

негіздемелер саны қазіргі 68-ден 54-ке дейін 

қысқартылады. Бұдан бөлек, «бір көзден са-

тып  алу»  тәсілін  қолдануға  рұқсат  беретін 

талаптар қатаңдатылды. 

Осындай  сатып  алулар  бойынша  шарт-

тар  енді  электрондық  түрде  жасалынады. 

Бұл ретте «тапсырыс беруші таңдалған өнім 

берушіні  және  жасалған  шарттың  бағасын 

көрсете  отырып,  есеп  беруге  міндетті». 

Бұл  ақпарат  сатып  алулар  жөніндегі 

мемлекеттік веб-порталға орналастырылып, 

жұртшылыққа жария етіледі.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, осы 

заң  жобасы  бюджеттен  мемлекеттік  сатып 

алуларға  бөлінетін  қаражаттардың  4  трил-

лион теңгеден астамын қамтитын болады.

Электронды форматта шарт 

жасау маңызы

Осы  орайда  Қасым-Жомарт  Тоқаевтың 

төрағалығымен  өткен  кешегі  жалпы  оты-

рыстарында  сенаторлар  «Мемлекеттік  са-

тып  алу  туралы»  заң  жобасын  бірден  екі 

оқылымда  қабылдады.  Ұлт  жоспарының 

56-қадамын  іске  асыратын,  әрі  Жаңғырту 

жөніндегі  ұлттық  комиссияның  шешімімен 

әзірленген  бұл  заң  енді  Елбасының  қол 

қоюына жолданады.

Құжатты  Қаржы  министрі  Бақыт 

Сұлтанов қорғады. Негізгі жаңалықтарын да 

өзі түсіндіре кетті:

– Аса көтеріңкі бағалар бойынша бюджетті 

жоспарлау проблемасын «тек қана электрондық 

форматта  шарттар  жасау»  арқылы  шешу 

ұсынылады. Осы шара сатып алынатын тауар-

лар  бойынша  толық  ақпарат  қалыптастыруға 

және  олардың  орташа  сатып  алу  бағаларын 

анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, тапсы-

рыс берушілердің бюджеттері прайс-парақтар 

негізінде емес, веб-порталда жасалған орташа 

сатып алу бағалары негізінде қалыптасады, – 

деді министр. 

Кейбір  жемқор  шенеуніктер  тен-

дер  талаптарын  нақты  бір  жеткізушінің 

ерекшеліктеріне  ыңғайлап,  құрады.  Келер 

жылдан  бастап  бұған  тосқауыл  қойылмақ. 

«Техникалық спецификацияларды таңдаулы 

өнім  жеткізушілерге  сай  дайындауға 

жол  бермеу  мақсатында  осы  заң  жоба-

сы  «конкурстық  құжаттаманы  алдын  ала 

талқылау»  институтын  (тетігін)  енгізеді. 

Осы  шара  өнім  өндірушілерге  техникалық 

ерекшеліктермен  және  талаптармен  алдын 

ала танысуға және олар бойынша тапсырыс 

беруші органға ескертпелерін айтып, негізсіз 

талаптарды  жою  жөнінде  өтініш  жасауға 

мүмкіндік береді», – деді Б.Сұлтанов.

Қолы  да,  ниеті  де  таза  емес  лауазымды 

тұлғалар қолданатын тағы бір коррупциялық 

схема «жеңуі мүмкін басқа әлеуетті компани-

яларды тендерге жібермеуді» қарастырады. 

Бұл  ретте  ол  компаниялардың  конкурстық 

өтініштері  негізсіз,  еш  түсіндірусіз  кері 

қайтарылып жатады. Бұл түйткілді мәселені 

шешу үшін заң жобасы бойынша бұдан бы-

лай  тапсырыс  беруші  мекеме  құжаттарды 

негізсіз  қайтармауға,  егер  қайтарса,  соған 

салмақты  негіз  болған  себептерді  «толық 

және нақты сипаттауға» міндеттеледі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет