НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Денсаулық сақтау реформасы: ел мүддесі



Pdf көрінісі
бет127/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   265
Денсаулық сақтау реформасы: ел мүддесі
Халықтың денсаулығы, медицинаны қолдау және саламатты өмір сал-
тына ынталандыру – Қазақстан үшін қашанда аса маңызды басымдықтар-
дың қатарына кіретін. 1998 жылы «Халықтың денсаулығы» мемлекеттік 
бағдарламасы жасалды: алайда тек 2001 жылдан бастап қана едәуір түзеле 
түскен қаржылық ахуал денсаулық сақтау саласының шығындарын көбей-
туді бастауға мүмкіндік берді. Содан бері бұл процесс үзілген емес.
2001 жылдың 30 желтоқсанында мен келесі – 2002 жылды Денсаулық 
жылы деп жарияладым. Бұл Қазақстан медицинасындағы сапалы оң өз-
герістердің басы болды.
Денсаулық сақтау жүйесін реформалау төрт бағыт бойынша жүргізіл-
ді. Біріншісі – сырқаттың алдын алу және халықтың денсаулығын жақсарту. 
2002 жылы елімізде бірінші рет азаматтар жаппай скринингтік тексеруден 
өткізілді, соның нәтижесінде бізде әйелдер мен балалардың денсаулығын 
қорғау, жүрек-қан тамырлары және онкологиялық аурулардың алдын алу 
мәселелеріне айрықша көңіл аудару қажет екені анықталды. Қазақстан 
ТМД елдері арасында жаңа туған сәбилерге гепатитке қарсы вакциналау-
ды бірінші болып ендірді. 2005 жылдан бастап дәрігерлер 18 жасқа дейінгі 
балалардың және бала туатын жастағы әйелдердің денсаулығын жоспар-
лы түрде тексереді.
Реформалаудың екінші бағыты – денсаулық сақтау саласын басқарудың 
жаңа үлгісін жасау болды. Сонымен қатар әр азаматқа тегін көрсетілетін 


236
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
медициналық қызметтердің жеткілікті жиынтығы ұсынылды. Мемлекеттік 
емес секторды дамытуға назар аударылды. 2008 жылы 1,9 мың мемлекет-
тік емханаға 800 жеке емханадан келетін-ді, жалпы алғанда осы саладағы 
жеке сектордың үлесі – 30 процентті құрады.
Үшінші бағыт – инновациялық әдістемелерді енгізу және алдыңғы қа-
тарлы емдеу орталықтарын құру. Енді Қазақстанда бірінші рет бүйрек ал-
мастырып салуға, жұлынды трансплантациялауға, эндопротез жасауға 
мүмкіндік туды.
Төртінші бағыт халықты фармацевтикалық дәрі-дәрмектермен қамта-
масыз ету жүйесін қамтыды. Маңызды әлеуметтік мәнге ие сала ретінде 
фармацевтика дәрі-дәрмектік заттардың өндірісін ұлғайту, сол арқылы ішкі 
нарықты қамтамасыз ету үшін қажетті қолайлы ахуалға ғана емес, сонымен 
бірге сапалық жағынан тиімді реттеу ісіне де мұқтаж еді.
Онжылдықтың орта шенінде Денсаулық сақтау саласын реформалау 
мен дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 
жасалды. Облыстарда 50-ден астам алғашқы медициналық-санитарлық 
көмек орталықтары құрылды, 7 орталық аудандық аурухана, 44 денсаулық 
сақтау нысаны салынды.
Реформа жүргізу заңдық негіздемені талап ететіні белгілі. Сондықтан 
2009 жылдың желтоқсанында «Халықтың денсаулығы және денсаулық 
сақтау жүйесі туралы» кодекс қабылданды. Мұның өзі ұлттық медицина-
ның мәртебесін биіктетіп, оның экономиканың шектес тармақтарымен ғана 
емес, мемлекеттік институттармен де өзара толыққанды әрекеттесе ала-
тын, әбден қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық сала деңгейіне жеткенін 
аңғартқан жайт еді. 
2010 жылдан бастап Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі ен-
гізіле бастады. Ол емделушінің ауруханаға жатар кезде дәрігер мен ме-
дициналық ұйымды өзі таңдай алуын, сондай-ақ қаржыландыруды емдеу 
нәтижелеріне қарай айқындауын көздейді.
Денсаулық сақтау жүйесін мемлекеттік қаржыландыру да ұлғайды 
– 2002 жылғы ІЖӨ-нің 1,9 процентінен 2010 жылғы 3,2 процентке дейін. 
Озық медициналық технологиялар өңірлерге де жете бастады. 2000-шы 
жылдардың соңына қарай Қазақстанның барлық облыстарында жүрекке 
техникалық жағынан аса күрделі операциялар жүргізілді.
Осылайша, денсаулық сақтау саласындағы үдемелі мемлекеттік саясат 
қысқа мерзім ішінде медициналық қызметтер нарығы мен азаматтардың 
денсаулығын қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыра алды.


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
237


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет