НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет135/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   265
Қаржы жүйесін тұрақтандыру
2008 жылдың қарашасында, әлемдік дағдарыстың қызған шағында Қа-
зақстанның қаржы жүйесін құтқару үшін Екінші деңгейлі банктердің күй-
зелісті активтерінің мемлекеттік қоры құрылды.
Бизнесті несиелеуді жалғастырып, салымшылардың сенімін ақтап, олар-
дың қаражатының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуді жалғастыру керек 


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
247
болды. Осы мақсатта жеке тұлғалар үшін кепілдендірілген салым сомасы 5 
миллион теңгеге ұлғайтылды.
Дегенмен бұл да жеткіліксіз болып шықты. Қаржы коллапсы болуы мүм-
кін екенін ескертіп, мемлекет өз қаражатымен жүйе құрушы банктерге енді.
Дағдарысқа қарсы жоспарды жүзеге асыруда мемлекеттік көмекті нақты 
секторға жеткізу жөнінен мәселе туындады. Банктер шағын және орта биз-
неске несиені өте жоғары мөлшерлемеде – 25 процентпен беруге көшті. 
Мен бұған жол бермеу керек деп есептедім. Нәтижесінде Үкімет банк мөл-
шерлемелерінің деңгейін өзі реттей бастады.
Қазақстан қаржы жүйесінің құтқарылғаны анықталғанда, кей банктер 
мемлекеттің есебінен өздерінің «жарамсыз активтері» мен қарыздарынан 
құтылғысы келді. Бірақ мен бұл жолы да ондай талпыныстарды мүлде қа-
был алмадым. Бұған қоса, қаржы-қаражат қымқыру бойынша алаяқтық 
әрекеттер анықтала бастады. Нәтижесінде мемлекет төтенше шара қолда-
нуға мәжбүр болды: 2009 жылдың ақпанында Үкімет «Самұрық-Қазына» 
холдингі арқылы көптеген салымшылары бар, төлем қабілеті жоқ бірқатар 
банктер акцияларының бақылау пакетін сатып алды. Банктердің бұрынғы 
басшылығын жұмысынан босатты. Мен дағдарысты уақыттың заңдары 
бойынша бәрінен де қатаң сұраныс болуы керек екенін атап көрсеттім.
Банк қарыздарын қайта құрылымдау жөніндегі келіссөздер, шиеленісті 
болып, тым ұзаққа созылды, қалай болғанда да Премьер-Министр 
К. Мәсімовтің келіссөз командасы күрделі жағдайдағы банктердің сыртқы 
қарыздарын үкімет кепілінсіз қайта құрылымдаудың орайын келтірді.
2008 жылғы әлемдік дағдарыс жағдайында жүздеген ел өз валютасын 
ырықтандыруды іске асырды. Теңге бағамын бұрынғыша қолдап ұстап 
тұру алтын қорын сарқуға алып келетін еді, ал бұл, өз кезегінде, мемлекет 
тұрақтылығына қатер төндірді. 
Үкіметке ұлттық экономикаға барынша тиімділік әкелетін бағдарды ұста-
нуға, валюталық алыпсатарлықтан сақтануға тура келді және ол қазақстан-
дықтар үшін ауырлық түсірмейтін. 
Есепшілердің көрсетуінше, елде теңгені 25 процент көлемінде ырықтан-
дыру қажет болды, 2009 жылдың ақпанында дәл солай жасалды. Бұл – 
экономикадағы теріс үрдісті тоқтатуға мүмкіндік берген аса маңызды қа-
дамның бірі болды. Нәтижесінде өнеркәсіптік өндірісті қалыпты жағдайда 
ұстап тұруға, сыртқы және ішкі нарықта оның бәсекелестік қабілетін көте-
руге жағдай туғызды. Осының бәрі дағдарысқа қарсы кешенді шаралар-
дың қарқын алуына алғышарттар жасады. 2009 жылдың шілдесінде-ақ Қа-
зақстанда экономикалық өсімнің алғашқы белгілері көріне бастады.


248
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет