НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет240/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   265
9. 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ
 
АЙҚЫН
 
ЖӘНЕ
 
МЫЗҒЫМАС
 
БАСЫМДЫҚТАРЫ
 
СЫРТҚЫ
 
САЯСАТ
 
ЖӘНЕ
 
ЖАҺАНДЫҚ
 
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
 
Сыртқы және ішкі саясаттың тұтастығы 
Қ
азақстан Республикасының сыртқы саясатын бағыттай және айқындай 
отыра, 2010-шы жылдары да мен қалыптасқан мемлекеттің сыртқы және 
ішкі саясатының арасында тығыз әрі ажырамастай өзара байланыс бар екенін 
жүйелі түрде сараладым. Сыртқы саясаттағы бейбітшілік пен татулық идеясын 
алға ұстауымыз – бұл бағыттың ішкі саясатта да салтанат құруының көрінісі. 
2012 жылы желтоқсан айында «Халықаралық жағдай мен геосаяси орта 
динамикалы түрде өзгеріп отырады, бұл өзгеріс ұдайы жағымды деп айту 
қиын», – деп атап өттім. Демек, ұжымдық қауіпсіздіктің рөлі арта түседі. 
Мұндай одақтастыққа Қазақстан Республикасы белсенді түрде қатысады. 
Бұл, ең алдымен – Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропа Қауіпсіздік және ынты-
мақтастық ұйымы, НАТО, Ұжымдық қауіпсіздік келісім ұйымы, Шанхай ын-
тымақтастық ұйымы және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары 
жөніндегі келісім ұйымы. 
Жаһандық жағдайдың күрделене түсетіні алдын ала зерделене отырып, 
«Қазақстан-2050» стратегиясында: «Ұлттық мүдделерді, елдің халықаралық 
беделін арттыруды және ұлттық, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығай-
туды қамтамасыз етуге бағытталған алдын ала белсенді, кешенді және тең-
герімді сыртқы саясат жүргізілетін болады», – деп айқындалды. 
Мемлекетіміздің сырты саясаттағы қызметі бір ғана басты мақсатқа бағын-
дырылған, ол – елдің дамуы және Қазақстан халықтарының әл-ауқатының 
жақсаруы. Осыған сәйкес, мен жаңа жағдайға орай, «Қазақстанның сыртқы 
саясаты ішкі саясат тәрізді жаңғыртылуы тиіс», – деген мақсат ұстандым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет