НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет252/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   265
G-GLOBAL қағидалары
Тәуелсіздік жылдарында егемен Қазақстан әлемге жаһандық қоғамдас-
тықты үйлесімдірек әрі әділетті ете түсетін ойластырылған шешімдерді 


468
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
ұсынумен келеді. Осындай ұстанымдардың бірі – 2012 жылы негізделген 
G-GLOBAL жобасы.
Алғаш рет жоба ұстанымдары 2012 жылғы 23 мамырда өткен V Астана 
экономикалық форумында тұжырымдалды. Әлемнің таңдаулы іскер 
топтарының алдында сөз сөйлеп, мен әділетті әлем құрылысының 
маңызды негіздерін қадап айттым. Бірінші – «эволюция, революция 
емес». Адамзат саяси революциялар лимитін өткен ғасырда-ақ тауысып 
қойған. Сондықтан реформалар жолы – ХХІ ғасырдағы прогреске 
бастайтын бірден-бір соқпақ. Екінші – әділдік, теңдік және ортақ мәмілеге 
келу. XXI ғасырда елдерді «ұлы және қосалқы, жетекші және жетектегі» 
деп бөлу ескірген. Мемлекеттер теңдігін негіздейтін жаңа әділетті әлемдік 
саясат қажет. Үшінші – «жаһандық толеранттылық пен сенім». Мемлекеттер 
арасындағы қарым-қатынас, геосаяси салмаққа қарамастан, толерантты 
болуы тиіс. Жаһандық сенім болмайынша, келісілген шешімдерге қол 
жеткізу мүмкін емес. Төртінші – «жаһандық транспаренттік». G-GLOBAL 
әлемі – бұл транспарентті қауымдастық, мұнда ешқандай қосарлы 
стандарттар болмауы тиіс. Бесінші – «конструктивті көпқырлылық». Тап 
осындай шиеленіссіз көпқырлылық жаһандық сын-қатерлерден өтіп, ХХІ 
ғасырдағы адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыз ете алады.
G-20 форматының қазірдің өзінде жеткіліксіз болып отырғандығына 
мен кәміл сенімдімін. Жаһандық диалогтың шоғырланған тетіктері қажет. 
G-GLOBAL форматы осындай тетік бола алады. Ал бұған қажетті комму-
никативті алаң – Астана экономикалық форумы. Жаңа жобаның қағидат-
тары әлем тәртібінің бүкіл архитектурасын бойлап, БҰҰ мен халықарлық 
құқықтың негізгі құжаттарында бекітілуі тиіс.
2012 жылдың 24 мамырында мен АЭФ-қа қатысушы мәртебелі эконо-
мист ғалымдардың тобымен кездестім. Олардың арасында Нобель сый-
лығының лауреаттары – Роберт Манделл, Эдвард Прескотт, Джон Нэш
Эрик Маскин, Роберт Ауманн, Финн Кидланд, Кристофер Писсаридес, 
Мюррей Гелл-Манн, Ада Цонат, Ричард Джон Робертс, Кэрри Бенкс Мул-
лис болды. Әлемге аты мәшһүр ғалымдар қазақстандық идеяға қолдау біл-
дірді. Ал бір аптадан соң, Астанада 30 мамыр күні G-GLOBAL-дың руха-
ни-өнегелі аспектілері өзге беделді халықаралық форум – Әлемдік және 
дәстүрлі дін көшбасшыларының IV съезіне қатысушылар арасында қызу 
талқыға түсті. Рухани көшбасшылар – Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы 
Кирилл, Дүниежүзілік Ислам Лигасының Бас хатшысы Абдалла бен Абдель 
Мухсин ат-Турки, католик кардиналы Джованни Лайоло, Израильдің Бас 
Ашкеназ Раввині Иона Мецгер және көптеген өзге де дін басшылары Қа-
зақстанның күш-жігеріне қолдау білдірді. 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
469
Жаһандық тұрақсыздықтың жалғасуы және 2010-шы жылдардың орта-
сына қарай халықаралық жағдайлардың күрт шиеленісуі G-GLOBAL қағи-
даттарының маңыздылығына көз жеткізді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет