НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет101/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   264
2004 жылғы Парламент сайлауы: 
саяси сана сыналған сәт
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің үшінші шақырылымы-
ның сайлауы 2004 жылдың 19 қыркүйегінде және 3 қазанында дауыс бе-
рудің аралас жүйесі бойынша өтті (бір мандатты 67 округтің 22-сінде қайта 
сайлаулар болды).
Электоралды процесс елдегі саяси жүйенің либералдануы аясында жүрді. 
Бұл, әсіресе 2002 жылдың шілдесінде «Саяси партиялар туралы» жаңа заң 
қабылданғаннан кейін және «Қазақстан Республикасындағы сайлаулар тура-
лы» Конституциялық заңға енгізілген өзгерістерден соң (2004 жылдың сәуірі) 
партиялардың көптеп құрыла бастауынан байқалды. Бұдан бөлек Парламент 
сайлауының тұңғыш рет қолайлы экономикалық конъюнктура жағдайында 
және елдің ІЖӨ тұрақты өсімі кезінде өткенін атап көрсеткен жөн.
Мұның бәрі партиялық-саяси ландшафтың сапалық тұрғыдан өзгеруі-
не ықпал етті, түрлі саяси күштердің пайда болуы да сондықтан еді. Сай-
лау науқаны басталмай жатып, жаңа партиялар құрылып үлгерді, олардың 
белсенділігі бұл кезеңде едәуір арта түсті.
Сайлауға дайындық барысында саяси процесс қай бағытта дамуы мүм-
кін екенін болжауға тырысқан сарапшылар мен саясаткерлердің әбігерінен 
электоралды ажиотаж да туындады.
Парламент сайлауына 12 саяси партия қатысты, оның ішінде төртеуі – 
екі блок құрамында бірлесе әрекет етті. Аграрлық және Азаматтық партия-
лар ЕАИО блогын құрса (Еңбекшілердің аграрлық-индустриалық одағы), 
Қазақстанның Коммунистік партиясы мен «Қазақстанның демократиялық 
таңдауы» партиясы – «Коммунистердің оппозициялық халықтық одағы мен 
ҚДТ» атты блокқа бірікті. Орташа есеппен алғанда, бір депутаттық орыннан 
он үміткер дәмелі болды.


198
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
2004 жылғы сайлауалды науқан кезінде тұңғыш рет дауыс берудің ав-
томаттандырылған жүйесі қолданылды, оның көмегімен өз үміткерлеріне 
353 мың сайлаушы (18 процент) дауыс берді. Осы жылы енгізілген тағы бір 
жаңалық: телевизиялық дебаттар өткізіле бастады. 
Дауыс беру қорытындысы бойынша, бір мандатты аумақтық округтер-
ден 67 депутат сайланды, тағы 10 депутат партиялық тізім негізінде өтті. 
Партиялық орындардың жетеуін «Отан» республикалық саяси партиясы 
алды, «Асар», «Ақ жол» және ЕАИО блогы бір-бір орынға ие болды.
Парламент орынтағына барып жайғасқан депутаттардың 59-ын саяси 
партиялар ұсынған: «Отан» республикалық саяси партиясы – 42, ЕАИО 
блогы – 11, «Асар» республикалық партиясы – 4, «Ақ жол» демократиялық 
партиясы – 1, Қазақстанның демократиялық партиясы – 1 депутат. Өзін-өзі 
ұсынып, сайлау нәтижесінде парламент құрамына енгендердің саны – 18.
Парламент сайлауының жеңімпазы Мәжілістегі депутат орындарының 
67 процентін иеленген «Отан» республикалық саяси партиясы болды. 
Оның ізін ала ЕАИО блогы (14,5 процент) мен «Асар» партиясы орналасты 
(5,2 процент). Мәжіліс төрағасы болып Орал Мұхамеджанов сайланды.
Сайлау науқаны басталардан сәл ғана бұрын, «Отан» партиясының VII 
съезінде сөйлеген сөзімде, мен «Қазақстан қоғамы саяси кемелдік сынағы-
ның алдында тұр» деп атап көрсеткен едім. 2004 жылғы Парламент сай-
лауының қорытындысы Қазақстан халқының бұл сыннан сүрінбей өткенін 
аңғартқандай болды.
2004 жылдың 29 желтоқсанында Астананың сол жағалауында бой көтер-
ген Қазақстан Республикасы Парламентінің жаңа ғимаратында Мәжілістің 
алғашқы отырысы өтті. Бұл қазақстандық парламентаризмнің жаңа сапа-
лық деңгейге көтерілгенін көрсетті.
1995 жылы жалпыхалықтық референдум бойынша қабылданған Консти-
туцияның арқасында тарихымызда тұңғыш рет әлемдік тәжірибеде өзінің 
аса жоғары тиімділігін дәлелдеген қос палаталы Парламент жүйесі жүзеге 
асырылды. Енді, арада жиырма жылдай уақыт өткен кезде, қос палаталы 
кәсіби Парламент заң шығару қызметін атқаратын жоғары өкілетті орган 
ретінде уақыт сынына төтеп берді деп нық сеніммен айта аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет