НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет100/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   264
3. МЕМЛЕКЕТТІ НЫҒАЙТАТЫН 
РЕФОРМАЛАР
САЯСИ ПРОЦЕСТЕР МЕН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ 
ЖЕТІЛДІРУ
Халық аманаты: «Тұңғыш Президент туралы» 
Конституциялық заң
П
арламент өз құқығын пайдалана отырып 2000 жылдың 20 шілдесінде 
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» 
Конституциялық заңды қабылдады. Заң «жаңа тәуелсіз Қазақстан мемле-
кетінің негізін қалаушы, Қазақстан халқының көшбасшысы, оның бірлігін, 
Конституцияны, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықта-
рын қорғауды қамтамасыз еткен Елбасы ретінде Қазақстан Республикасы 
Тұңғыш Президентінің саяси және құқықтық жағдайын анықтайды». Тұңғыш 
Президентке, оның бірегей тарихи миссиясына орай, Қазақстан халқына 
және мемлекеттік органдарға міндетті түрде қарастырылуға тиіс бастама-
лар жолдауға, Парламент алдында, Үкімет отырыстарында сөз сөйлеуге, 
Қазақстан халықтары Ассамблеясын басқаруға, Конституциялық кеңес пен 
Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына енуге өмірлік құқық берілген. Қалыптасқан 
әлемдік тәжірибеге сәйкес, заң Тұңғыш Президенттің қорын, кітапханасын 
және архивін құруды белгілейді.
Депутаттардың халық арасында қолдау тапқан бұл шешімі мен үшін 
өте әсерлі болды. Жас мемлекеттің басшысы лауазымына тағайындалған 
алғашқы күннен бастап мен бәріміздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республи-
касының іргесін бекіту ісіне бүтіндей беріле кірістім. Егемен және Тәуелсіз 
Қазақстан – мен үшін жай әншейін абстрактілі ұғымдар емес. Бұл – менің 
бүкіл өмірім, қала берді, тағдырым да. Бұл заңды мен өзіме сеніп тапсы-
рылған орындағы атқарған қызметіме қазақстандықтардың берген жоғары 
бағасы деп қабылдадым.
Халықтың мұндай сенімі – ел тағдырын, өз болашағын маған сеніп 
тапсырған отандастарымның алдындағы қосымша жауапкершілік деп білдім.
Тұңғыш Президент туралы заң мен үшін, ең алдымен, мемлекетіміздің 
ішкі және сыртқы саясатындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, Тәуелсіздік 


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
197
жылдары қол жеткізген табыстарымыз бен құндылықтарымызды сақтап, да-
мыта түсуді аманаттайды.
Аталған заңның құрғақ құжаттық тұжырымдамасынан ауытқи келе, мен 
өзіме үлкен сенім көрсеткен, демеген, бірге өткен жолымызда кезек ал-
масқан қуаныш пен қайғыны қатар бөліскен отандастарыма шын жүректен 
шыққан адами ризашылығымды білдіргім келеді. Бұдан кейін де Отанымыз-
дың мүддесін қорғау үшін бар күш-жігерімді жұмсап, мемлекеттігіміздің ір-
гесін нығайту, еліміздің барлық тұрғындарының тұрмыс деңгейін жақсарту 
ісіне беріле қызмет ететін боламын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет