НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Бас қала – бақорда: Астананың ХХІ ғасырдағы миссиясы



Pdf көрінісі
бет99/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   264
Бас қала – бақорда: Астананың ХХІ ғасырдағы миссиясы
Жаңа астана елдің кешегісін келешегімен біріктірді. Қазақстанның қақ 
ортасынан орын тепкен қала – арғы ата-бабаларымыздың орындалған 
арманы, ал Ұлы Дала – оның басты әлеуеті еді. Мен мұны бүгінгі Астана 
тек қиялымда ғана өмір сүрген сонау 1990-шы жылдары-ақ ұғынған бола-
тынмын. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа шындығын мен «Еуразия жүрегінде» 
деген әдемі метафора арқылы сипаттауға тырыстым.
Астана арқылы біз жаңа Қазақстанды жер-жаһанға таныттық. Алайда бұл 
қаланы біз, ең алдымен, өзіміз үшін, өз Отанымыз үшін жаңадан ашқандай 
болып отырмыз. Астана құрылысы бұл кезеңде бүкіл посткеңестік кеңістік-
тегі ең ауқымды мегажобаға айналып, еліміздің әлеуетін әлемге әйгіледі. 
Бүгінде Астана – Қазақстанның жаңа тарихының жүрегі. Астананы мысалға 
ала отырып, тұтас мемлекетіміздің даму барысын бажайлауға болады.
ХХІ ғасырда Астана Орталық Азияның саяси өмірінде маңызды орын 
алатын қалаға айналды, оның аймақтағы процестерге әсер-ықпалы барған 
сайын күшейе түсуде.
2010 жылдың 1–2 желтоқсанында Астанада өткен ЕҚЫҰ саммитінде, сол 
кезде осы ұйымның төрағасы міндетін атқарған мемлекетіміз Еуразиядағы 
қауіпсіздік пен ынтымақтастыққа орай маңызды бастамалар көтеріп, кей-
ін сол жаңа саясаттың белсенді жақтаушысына айналды. Мен саммитте 
сөйлеген сөзімде «Бүгін Еуразияның жүрегінде, байырғы қазақ жерінде 
мыңжылдықтар бойы адамзат тарихын жасаған ұлы халықтардың үнқаты-
суы басталды, – дей келе, – алып Еуразия құрлығын сенім, дәстүр, ашықтық 
және төзімділік сынды жалпы құндылықтарға негізделген ортақ кеңістікке 


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
195
айналдыру – өз қолымызда. Біздің саммиттің тарихи маңызы мен атқарар 
жүгі де осында деп білемін» деп сөзімді түйіндеген едім.
Қазақстанның жаңа елордасы – Астана тек алға ұмтылуды көздейтін-
мемлекет туралы идеяны айшықтай түседі, бірегей қазақстандық жолды 
сипаттайды, Қазақстанның болашаққа ұмтылысын бейнелейді.
Қазір Астана көз алдымда көркейіп, өсіп-өркендеп келе жатқан уақыт-
та, мен оның дәл осылай құлпыра құбылатын күні қашан туатынын ар-
мандаған сәтімді еске аламын. Астана Шығыс пен Батыстың ұлы рухани 
құндылықтарын бойына сіңірген асқақ мәдениеттің ордасы болатын күнді 
аңсағаным жиі ойыма оралады. Біз Қазақстанды армандар ақиқатқа айна-
латын ел еттік.


196
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет