236
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
медициналық қызметтердің жеткілікті жиынтығы ұсынылды.
Мемлекеттік
емес секторды дамытуға назар аударылды. 2008 жылы 1,9 мың мемлекет-
тік емханаға 800 жеке емханадан келетін-ді, жалпы алғанда осы саладағы
жеке сектордың үлесі – 30 процентті құрады.
Үшінші бағыт – инновациялық әдістемелерді енгізу және алдыңғы қа-
тарлы емдеу орталықтарын құру. Енді Қазақстанда бірінші рет бүйрек ал-
мастырып салуға, жұлынды трансплантациялауға,
эндопротез жасауға
мүмкіндік туды.
Төртінші бағыт халықты фармацевтикалық дәрі-дәрмектермен қамта-
масыз ету жүйесін қамтыды. Маңызды әлеуметтік мәнге ие сала ретінде
фармацевтика дәрі-дәрмектік заттардың өндірісін ұлғайту, сол арқылы ішкі
нарықты қамтамасыз ету үшін қажетті қолайлы ахуалға ғана емес, сонымен
бірге сапалық жағынан тиімді реттеу ісіне де мұқтаж еді.
Онжылдықтың орта шенінде Денсаулық
сақтау саласын реформалау
мен дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
жасалды. Облыстарда 50-ден астам алғашқы медициналық-санитарлық
көмек орталықтары құрылды, 7 орталық аудандық аурухана, 44 денсаулық
сақтау нысаны салынды.
Реформа жүргізу заңдық негіздемені талап ететіні белгілі.
Сондықтан
2009 жылдың желтоқсанында «Халықтың денсаулығы және денсаулық
сақтау жүйесі туралы» кодекс қабылданды. Мұның өзі ұлттық медицина-
ның мәртебесін биіктетіп, оның экономиканың шектес тармақтарымен ғана
емес, мемлекеттік институттармен де өзара
толыққанды әрекеттесе ала-
тын, әбден қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық сала деңгейіне жеткенін
аңғартқан жайт еді.
2010 жылдан бастап Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі ен-
гізіле бастады. Ол емделушінің ауруханаға
жатар кезде дәрігер мен ме-
дициналық ұйымды өзі таңдай алуын, сондай-ақ қаржыландыруды емдеу
нәтижелеріне қарай айқындауын көздейді.
Денсаулық сақтау жүйесін мемлекеттік қаржыландыру да ұлғайды
– 2002 жылғы ІЖӨ-нің 1,9 процентінен 2010 жылғы 3,2 процентке дейін.
Озық медициналық технологиялар өңірлерге де жете бастады. 2000-шы
жылдардың соңына қарай Қазақстанның барлық облыстарында жүрекке
техникалық жағынан аса күрделі операциялар жүргізілді.
Осылайша, денсаулық сақтау саласындағы үдемелі мемлекеттік саясат
қысқа мерзім ішінде медициналық қызметтер нарығы мен азаматтардың
денсаулығын қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыра алды.