238
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
жоқ. Өлкенің адамдары мен экономикасына төнген қауіп барған сайын кү-
шейе берді. Осының бәрін түсінген мен бұдан әрі күтудің керегі жоқ деп
шештім. Бастысы – құтқару мүмкін нәрсені құтқарып қалу еді.
2000-шы жылдардың басында Сырдария өзенінің суағарын реттеу және
Аралдың солтүстік бөлігін сақтау жөніндегі жоба ұсынылды. Оның басты
түйіні – теңіздің солтүстік бөлігін оның құрып бара жатқан басқа бөлігінен
бөліп тастайтын, отыз шақырымға созылған Көкарал бөгетін салу еді.
2001 жылы Үкімет осы жобаны бірлесе қаржыландыру туралы
Бүкіләлемдік банкке ұсыныс жасады. Ұсыныс қабылданды: Бүкіләлемдік
банк 64 миллион доллар бөлді, ал 21 миллион доллар біздің республи-
калық бюджеттен алынды. 2005 жылдың тамызында бөгет толық салынып
бітті. Келесі жылы-ақ Кіші Арал жобада белгіленген межеге дейін толды.
Теңіз суы оның құрғақ түбінің 870 шаршы шақырымын жапты, бұл Арал
маңындағы экологиялық ахуалды жақсарта түсті. Судың минералдануы ай-
тарлықтай азайды, ондағы балық қорын қайта қалпына келтіру үшін бұл
өте маңызды еді. Сол кезде басталған өнеркәсіптік негізде балық аулау
көлемі біртіндеп артып келеді.
Жүзеге асқан жобаның арқасында Арал жағалауында қайтадан қарба-
лас өмір басталды. Арал теңізінің түбегейлі жойылып кетуіне жол берген
жоқпыз.
Достарыңызбен бөлісу: