Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті математика, физика және информатика институты ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ Интерактивтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана тырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету. Информативтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру. Перциптивтi – қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру. Экспрессивтi – эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту. Қарым-қатынас формалары: Тікелей қарым-қатынас - табиғи бетпе-бет,сөздік және бейсөздік (ым, қимыл) құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық контакт, кері байланыс бір мезгілде өтеді. Бұл - адамдардың бір-бірімен қатынас жасау тарихындағы бірінші формасы. Жанама қарым-қатынас —қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын, не кешіктіретін жазу және техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялык контакт. Хат жазу, кітап шығару, радиодан сейлеу т.с. адами қарым-қатынасды күрделеңдіріп жіберді. Тұлғааралық қарым-қатынас - екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактлары. Тұлғааралық қарым-қатынастың белгілері: қатысушылардың психологиялық жақындығы, бір-бірінің ерекшеліктерін білуі, бірігіп күйзелуі, өзара түсінушілігі, ортақ қызметтестігі. Қарым-қатынастың түрлері Маскiлi қарым-қатынастар– бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi, iске деген қызығушылығы ескерiледi. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады. Маникулятивтiк қарым-қатынас – сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас. Коммуникациялық жүйе – бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу. Қарым-қатынастың кедергілері Коммуникативті кедергілер-ақпараттың механикалық үзілуі және осыдан оның мағынасының жоғалтуы; берілетін ақпарат анық еместігі, бұның нәтижесінде берілетін ойдың мағынасы жоғалады. фонетикалық түсінбеушілік ол ең алдымен қатысушылар әртүрлі тілде және диалектерде сөйлеген кезде пада болады. Түсінбеудің логикалы тосқауылы. Ол коммуникатормен ұсынылатын логикалық пайымдау рецепиент үшін өте қиын немесе оған дұрыс емес болып көрінеді, дәләлдеу мәнеріне қайшылық тудырады. Қарым-қатынастағы тосқауыл-бұл коммуникатор мен рецепиент қарым-қатынасының барысында туындайтын , таза психологиялық феномен. Психологиялық тосқауыл - бұл адамның өз қалауын орындауға немесе белсенді позицияны алуға мүмкіндік бермейтін нақты жағдайы.