НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Каспий – құқықтық мәртебесін анықтау қадамдары



Pdf көрінісі
бет163/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   264
Каспий – құқықтық мәртебесін анықтау қадамдары
Мен Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау бойынша бестарап-
тық келіссөздердің жемісті жүргізілуін Қазақстан дипломатиясының тағы 
бір табысы деп санаймын. Қазақстан, Ресей, Әзербай жан, Түрікменстан 
және Иран сияқты Каспий айналасындағы барлық ел үшін бұл теңіз ерек-
ше стратегиялық, экономикалық және әскери-саяси маңызға ие. 
Каспийде көмірсутегі шикізатының аса бай қоры бар. 1990 жылдары 
Қазақстан мен Ресей арасында жүргізілген келіссөздер ең әуелі Каспийдің 
солтүстік-шығысындағы Теңіз бен Қашаған кен орындарына қатысты еді. 
Келіссөздер нәтижесінде Каспий маңының мұнайлы-газды аймағының не-
гізгі, яғни шамамен үштен екі бөлігі біздің елімізге тиесілі болды. 
2001 жылдың 29 қарашасында Қазақстан Республикасы мен Әзербай-
жан Республикасы арасында Каспий теңізі түбін бөлу туралы келісімге қол 
қойылды (2003 жылдың шілдесінде күшіне енді). Сондай-ақ 2003 жылдың 
14 мамырында Қазақстан, Әзербайжан, Ресей арасында Каспий теңізінің 
түбіндегі шектесетін бөліктер туралы келісім жасалады (2004 жылдың 
7 қаңтарында күшіне енді).
2003 жылдың 4 қарашасында Тегеранда (Иран) Каспий маңындағы бес 
елдің өкілдері Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау және биологиялық 
ресурстарын пайдалану жөніндегі негіздемелік конвенцияға қол қойды. 
Құжат 2006 жылдың тамыз айында заңды күшіне енді. 


296
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
2006 жылы мен өңірдегі жаңа сын-қатерлерді қамти алатын Каспийдегі 
тұрақтылық пакті идеясын ұсындым. Жобада «Каспий теңізі тек бейбіт мақ-
сатта ғана пайдаланылуы тиіс» деп көрсетілді. Дәл осы көзқарас Каспий 
маңы елдері үшін өте қолайлы болды.
2007 жылдың қазан айында Тегеранда өткен Екінші Каспий саммиті 
қорытындысында бес ел декларацияға қол қойып, Каспий теңізін «бей-
бітшілік теңізі» деп жариялады. 2010 жылдың қарашасында Бакуде өткен 
Үшінші Каспий саммитінде Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ын-
тымақтастық туралы келісім жасалды.
Саммите сөйлеген сөзімде мен Қазақстан тарапы жағалаудағы барлық 
елдер үшін бәтуалы және өзара тиімді негізде Каспийдің құқықтық мәрте-
бесі мәселесін тез арада реттеуді қолдайтынын атап өттім. Біздің ұсынысы-
мызбен арнайы әлеуметтік жұмыс тобының жиналысы жылына бес ретке 
дейін өтіп тұратын болды. 
2010-шы жылдары Каспий теңізінен өтетін мемлекеттік шекаралар мәсе-
лесі Каспий маңы мемлекеттері үшін бұрынғысынша өзекті еді. Бес мемле-
кет Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындау, теңіздегі аумақтарды 
белгілеу мәселесін реттеу және оның ресурстарын игеруді ретке келтіру 
туралы Конвенция қабылдауға тиіс болды. 
Жағалау елдерінің ұстанымдарын жақындастырудағы және өзара тең 
құқықты негізде ұзақ мерзімді мүдделерді қамтамасыз етудегі біздің сын-
дарлы жүрісіміз Каспийдің құқықтық мәртебесіндегі күрделі мәселелерді 
оңтайлы шешуге ықпал етті. Қазіргі геоэкономикалық перспективалар 
және дәстүрлі қуат көздерін пайдаланудың жалпы әлемдік өсу үдерісі 
жағдайында әлемдік қоғамдастықтағы Каспий өңірінің геосаяси маңызы 
әлі ұзақ уақыт арта бермек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет