Солтүстік-шығыс Каспийдің биоәртүрлілігі



жүктеу 106.56 Kb.

Дата18.01.2017
өлшемі106.56 Kb.

Солтүстік-шығыс Каспийдің биоәртүрлілігі

Кіріспе

ауытқуы, теңіздегі су деңгейінің ұзақ уақытта өзгеруі, 

судың  қысқа  мезгілде  көтерілуі  мен  қайтуы,  су  лай-

лығының және тұнбаның жылжуының жоғары деңгейі, 

қыс мезгіліндегі мұздың қатуы және мұз жылжуының 

әсерімен теңіз түбінің тазалануы жатады.

Осындай құбылмалы ауа райы осы жерде тұратын жә-

не  жұмыс  істейтін  адамдар  үшін  қиыншылықтарды 

туғызады.  Бұл,  оған  қоса,  жердің  құрлықтағы  және 

теңіздегі  флора  мен  фаунасы  үнемі  өзгеріп  тұратын 

физикалық жағдайлардан туындайтын сыртқы әсердің 

жоғары деңгейіне бейімделгендігін білдіреді.

Бұл кітапша Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігі-

нде  орналасқан  көмірсутек  кен  орындарын  игеріп 

жатырған және 1997 жылғы Солтүстік Каспий бойын-

ша Өнімді бөлісу туралы келісімде белгіленген консор-

циумның атынан шығарылды. 

Лицензиялық алаң жоғалып бара жатырған бірнеше 

түрлерін  қоса  алғандағы  жануарлары  мен  өсімдік-

терінің халықаралық маңыздылығымен танымал, био-

әртүрлілігі мол аймақта орналасқан.

Солтүстік Каспий теңізінің қатты құбылмалы ауа рай-

лық жағдайларына қатаң маусымдық температураның 


2

8

5



6

9

Мазмұны



Кіріспе

Каспий теңізі

Биоәртүрлілік

Солтүстік Каспий жобасы

Қоршаған ортаға қатысты жауапкершілік 

Теңіздегі қоршаған ортаға қатысты зерттеулер 

Құрлықтағы қоршаған ортаға қатысты зерттеулер 

Сезімтал аймақтар картасы 1999 – 2010



Биоәртүрлілікті басқару

Каспий итбалығы

Құстарды бақылау

Бекіре


Жағалау аймақты басқару бойынша біріктірілген негізгі жоспар

 

Жер сілкіністері

Мұра болған түйткілдер: қараусыз қалған ұңғымалар

12

14



Ресей

Қазақстан

Түркіменстан

Әзiрбайжан

Иран

5

4

Солтүстік Каспий

Орталық Капий

Оңтүстік Каспий



5

4

Каспий теңізі

Каспий теңізі дүниежүзіндегі ең үлкен жабық су бассейні болып 

табылады.

Иран, Ресей, Қазақстан, Түркменстан және Әзірбайжан елдерімен 

шекараласатын  Каспий  теңізін  су  тереңдіктеріне  қарай  үш 

бөліктен  тұратын  аймақтарға  бөлуге  болады:  терең  Оңтүстік 

бөлігі,  тереңдігі  орташа  Ортаңғы  Каспий  және  таяз  Солтүстік 

Каспий.

Солтүстік  Каспий  жалпы  теңіз  бетінің  төрттен  бір  бөлігін  алып 



жатыр, алайда тереңдігі шамамен 3-6 метр таяз болғандықтан, бұл 

жерде жалпы теңіз су көлемінің бір пайыздан азы орналасқан.

Каспий теңізінің ортаңғы аймағындағы орташа су тереңдігі 190 

метрді  құрайды,  ал  оңтүстік  аймағы  ең  терең  болып  саналады 

және судың тереңдігі 1 000 метрден астам болып келеді.

Каспий  теңізі  ағынсыз  бассейнде  орналасқан  (оның  шығатын 

ағысы жоқ). Каспий теңізіне 130-дан астам өзен ағып құйылады, 

солардың  қатарында  Еділ  өзені  мен  Жайық  өзені  де  бар.  Еділ 

өзені  Еуропадағы  ең  үлкен  өзен  болып  табылады  (3  700  км), 

оған Еуропаның құрлық  аймағының 20%-інен су ағады және ол 

Каспий теңізіне келетін тұщы судың 80% қамтамасыз етеді.

Су  құрамындағы  тұздың  аздығы,  таяз  су  және  субарктикалық 

температураның нәтижесінде Каспий теңізінің солтүстік аймағы 

қыста қатады. Бұл аймақта қатты жел тұрып, үлкен төмпешіктерге 

құрай алатын жылжымалы мұздар қалыптасады.

Каспий  теңізі  аумағының  климаты  әр  алуан  болып  келеді: 

Солтүстік Каспийдегі Еділ және Жайық өзендерінің бассейндері, 

шығыстағы  Қазақстан  және  Түркменстанның  кең  шөлді  және 

ыстық  құрғақ  жазық  даласы  және  оңтүстік  батыстағы  ылғал 

Кавказ Эльбрус таулары. 

Соңғы жылдары Каспий теңізінің аймақтарында жауын-шашын-

ның айырмашылығы байқалады. Соңғы ғасырда Ресейдегі жауын 

-шашын  көлемі  көбейген  болса,  Түркменстан  және  Иранның 

жағалаулары  сияқты  онсыз  да  құрғақ  жерлер  одан  да  құрғап 

кетті. 

Ғалымдар байқағандай, Каспий теңізіндегі су деңгейі өзгермелі 



болып келеді. Ауытқудың себебі әлі де толық анық болмаса да, 

соңғы өзгерістер сейсмикалық белсенділіктің нәтижесінде болуы 

мүмкін деген болжам айтылды.

Каспий теңізі: сандар мен деректер

• Ұзындығы: 1 200 км

• Орташа ені: 280 км

• Су бетінің ауданы: 393 000 км2 

• Жағалау сызығы: 5 360 км

• Тұз мөлшері: 1-2% (көптеген мұхиаттарға қарағанда 

   біршама төмен)



7

6

түстік Каспий аймағында екі негізгі шалшықтанған жер бар: 

Еділ мен Жайық өзендерінің сағалары, олар көшпелі құстар 

мен  эндемиялық  балық  түрлерінің  мекендеу  орны  болып 

табылады.

Каспий теңізі көптеген бірегей түрлердің үйі болып табылады, 

соның ішінде Каспий итбалығы мен сирек кездесетін қортпа 

балық бар.

Каспий теңізінің маңындағы шөлейтті жағалауларда ақбөкен 

сияқты сирек жануар ғасырлар бойы қалыптасқан бағытпен 

көшіп жүреді. Бұл жерлерді мекендейтін жыртқыш түрлерге 

қасқыр жатады.

Биоәртүрлілік

Каспий теңізі мен оның айналасы биологиялық әртүрлілікке 

мол. Бірегей экожүйе мен мекендеу орындарының қосындысы 

көптеген эндемиялық түрлердің өмірін қамтамасыз етеді және 

олардың көбісі қорғау астында немесе жоғалып бара жатыр. 

Атап  айтқанда  олардың  194-і  Қазақстан  Республикасының 

Қызыл кітабына, Қазақстанда сирек кездесетін және жоғалып 

бара  жатқан  жануарлар  мен  өсімдіктер  түрлерін  тіркейтін 

тізімге енгізілген.

Каспий теңізінің бірегей су ортасының биоәртүрлілігі дүние-

жүзілік  мұхиттардан  миллион  жылдары  бойы  оқшаулану-

дың және теңіз тұз деңгейінің төмендігінің нәтижесінде пай-

да  болған  және  бұл  жерде  тұщы  суда  және  ащы  суда  өмір 

сүретін түрлер эволюция жолымен бірте-бірте дамыған. Сол-



Флора мен фауна 

(ҚР 


Қызыл кітабындағы түрлер):

• Өсімдіктер: 229 (54)

• Сүтқоректілер: 125 (41)

• Рептилиялар: 20 (9)

• Құс: 466 (63)

• Балық: 133 (27)



7

6

Мол  биоәртүрлілігіне  қоса  Каспий  теңізі  дүниежүзіндегі  ең 

үлкен  бірнеше  мұнай  және  газ  кен  орындарының  үстінде 

жатыр. 

Солтүстік  Каспий  бойынша  Өнімді  бөлісу  туралы  келісім 



(СКӨБК) Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы ауданы 

5 600 шаршы километрді құрайтын жерде мұнай мен газды 

барлау және өндіру жұмыстарының негізі болып табылады. 

Қазіргі уақытта игеріліп жатқан алпауыт Қашаған кен орнынан 

бөлек  келісімшарттық  аймақтағы  бағаланып  жатқан  басқа 

ашылымдарға Қаламқас-теңіз, Ақтоты және Қайраң кеніштері 

кіреді.

Еңбек қауіпсіздігіне қатысты, техникалық, логистикалық және 



экологиялық  қиындықтар  Қазақстандағы  бұл  алғашқы  теңіз 

жобасын  әлемдік  ең  ірі  энергетикалық  компаниялардан 

тұратын корсорциуммен атқарылып жатқан осы уақытқа дейін 

дүниежүзінде  атқарылған  ең  ірі  және  күрделі  өнеркәсіптік 

жобалардың қатарына жатқызады.

9

8

Солтүстік Каспий жобасы

Батыс Ескене

Атырау


Қашаған

Қайран


Ақтоты

Қаламқас


Мердігерлік телімнің 

блоктары


9

8

«Норт  Каспиан  Оперейтинг  Компани»  (НКОК)  компаниясы 

СКӨБК бойынша оператор болып табылады және белгілі бір 

игеру  және  өндіру  жұмыстарын  орындауды  тағайындалған 

агент-компанияларға тапсырған.

«НКОК»  компаниясы  және  оның  агент-компаниялары  қор-

шаған  ортаға  қатысты  жауапкершілік  ең  маңызды  мәселе 

деп  санайды.  Консорциум  өз  операцияларын  Қазақстан 

Республикасының  заңдарына  және  қабылданған  халық-

аралық  нормативтер  мен  стандартарға  сәйкес  орындауға 

міндеттенеді.

Консорциум  өзінің  қоршаған  ортаны  қорғау  бойынша  іс-

шараларын  Қоршаған  ортаны  қорғау  министрлігімен  жыл 

сайын  бекітілетін  Қоршаған  ортаны  қорғау  жұмыстарының 

жоспарына негізделіп жүзеге асырады.

1993  жылы  Консорциум  құрылғаннан  бері  теңізде  және 

құрлықта  қоршаған  ортаны  қорғау  бойынша  бірнеше 

ауқымды бағдарламалар жүзеге асырылды. Бұлардың ішіне 

Каспий теңізі аумағындағы негізгі зерттеу бағдарламаларына 

қаржы  көздерін  қамтамасыз  етуге  арналған  Биоәртүрлілікті 

зерттеу бағдарламасы; Атырау облысында ауа сапасын бақы-

лау  стансаларын  салу;  жыл  сайынғы  топырақ  зерттеулері; 

жыл  сайынғы  құстар  мен  итбалықтар  санының  зерттеулері; 

және  бүкіл  Солтүтсік  Каспий  теңізін  қамтитын  сезімталдық 

картасын шығару жобалары кіреді.

Теңіздегі  және  құрлықтағы  нысандардың,  магистральдық 

құбырлардың  және  құр-лық  экспорттық  құбыр  желілерінің 

жұмыстарын  қамтитын  Консорциум  операцияларының 

қоршаған ортаға әсерін бағалау үшін Қазақстанның бірқатар 

компаниялары  жұмыл-дырылған  болатын.  Бұл  іс-шаралар 

операциялар атқарылуы тиіс экожүйенің картасын белгілеп, 

қоршаған ортаға әсерді барынша азайту үшін қабылданатын 

ең  жақсы  шешімдерді  анықтайды.  Теріс  әсерді  азайту  іс-

шараларының  тиімділігін  қадағалау  үшін  әсерді  бағалау 

жұмыстары  игеру  жұмыстарын  атқару  кезінде  және 

атқарылғаннан кейін жүргізіледі.

Консорциум басымдылықтарының бірі – су, ауа және жерге 

қатысты тастандыларды қоршаған ортаға зиян келтірмейтін 

түрде  басқару.  Бұрғылау  жұмысы  барысында  бұрғыланып 

алынатын түйіртпек көлемі, Каспий теңізіне мүлдем еш нәрсе 

тастамау  саясатына  сәйкес,  түгелдей  Баутин  базасындағы 

бұрғыланып алынған түйіртпектер мен мұнай құрамдас суды 

тазартуға арналған құрлық нысанына тасымалданады, ал ол 

жерде  бұрғылау  ерітіндісін  әзірлеуге  қолданылған  мұнай 

ажыратып алынып, қайта қолданылады. Каспий теңізіне еш 

нәрсе тасталынбайды және компания газды алауда күнделікті 

жақпай саясатын ұстанып келеді. 

Қоршаған ортаға қатысты жауапкершілік



Теңіз суын бақылау:

• Сынамаларды алған орындар: 1 160 

• Химиялық анализдер: 52 304 

• Ұзақ мерзімді бақылау нүктелері: 12

Шөгінділерді бақылау:

• Сынамаларды алған орындар: 1 056 

• Химиялық анализдер: 162 475 

• Ұзақ мерзімді бақылау нүктелері: 18

Теңіздегі қоршаған ортаға қатысты 

зерттеулер 

1993 жыл мен 2010 жыл аралығында консорциум 36 бөлек 

теңіздегі  қоршаған  ортаны  бақылау  зерттеулерін  жүргізді. 

Зерттеулер 900 жеке тұрған теңіздегі орындарда жүргізілді.

Зерттеу кезінде жиналған деректер су сапасы (тұз мөлшері, 

нәрлі  заттар,  металлдар),  су  түбіндегі  шөгінділер  сапасы 

(металлдар, жалпы көмірсутектер көлемі) және биологиялық 

деректерді (микроағзалар, фитопланктондар, зоопланктондар) 

қамтыды. 

2003  және  2010  жылдар  арасында  жүргізілген  зерттеулер 

бақылау  жүргізілген  жерлерде  теңіз  суының  сапасы  салыс-

тырмалы  түрде  қайшылықсыз  болды.  Дегенмен,  ғалымдар 

пестицидтардың өте аз мөлшерде бар екенін байқады және 

олар  елеулі  шаруашылық  жұмыстары  жүргізілетін  Еділ  мен 

Жайық өзендерінен келеді деп түсіндірілді. 

Зерттеулер  Каспий  теңізінің  барлық  солтүстік  бөлігіндегі 

шөгінділердің сапасы «жақсыдан» «өте жақсыға» дейін көр-

сеткіштермен бағаланып, жақсы екенін көрсетті.

11

10


Құрлықтағы қоршаған ортаға қатысты 

зерттеулер 

2001 және 2010 жылдар аралығында Консорциум құрлықтағы 

қоршаған ортаны бақылауға арналған 30 дара зерттеу жұмысын 

жүргізген болатын. 

Каспий  құрлығындағы  мұнай  өндіру  операцияларының  үлкен 

тарихы бар, ол 1890 жылдан басталады, сондықтан құрлықтағы 

зерттеулер  тарихи  операцияларды/деректерді  және  мұнай 

және газ кен орындарының маңында қазіргі атқарылып жатқан 

жұмыстарды да қамтиды. 

Топырақ  зерттеулерінің  негізгі  параметрлері  ауыр  металдар 

мен  органикалық  заттар  болды.  Зерттеу  нәтижелері  топырақ 

сапасының 2005 жылдан бері жалпы жақсарғанын көрсетеді. 

Жер  асты  суларын  зерттеудің  нәтижесінде  ғалымдар  ауыр 

металдар мен органикалық затарға қоса химиялық-физикалық 

касиеттерді және нәрлі заттардың концентрациясын да бақы-

лайды. Аймақтағы жер асты судың сапасы 2005 жылдан 2010 

жылға дейін негізінен судағы тұз мөлшеріне байланысты нашар 

болып саналып келді.

Сезімтал аймақтар картасы 

1999 – 2010

Консорциум  1993  жылдан  бері  жиналған  қоршаған  орта 

бойынша деректерді географиялық ақпараттық жүйеге қосыл-

ған орталық дерекқорда сақтап келеді.

Бұл жүйе жаттығулар мен әр түрлі ғылыми талдаулар түрлерінің 

картасын жасауға мүмкіндік береді. Жиналған ақпарат Каспий 

теңізінің  бүкіл  солтүстік-шығыс  бөлігін  қамтитын  Сезімтал 

аймақтар картасына енгізіледі.

Карта консорциум операциялары үшін жағалау аймақты тиім-

ді басқару мақсатында қолданылады және қажет болған кезде 

оны  жергілікті  және  өңірлік  игеру  саясатымен  біріктіруге 

болады.


11

10

Жер асты суларын бақылау: 

• Сынамаларды алған орындар: 78 

• Химиялық анализдер: 5 419 

• Ұзақ мерзімді бақылау нүктелері: 15 

Топырақты бақылау: 

• Сынамаларды алған орындар: 326 

• Химиялық анализдер: 30 061 

• Ұзақ мерзімді бақылау нүктелері: 25


Биоәртүрлілікті басқару

Консорциум Каспий теңізінің биоресурстарына әсерін шектеу 

үшін  осы  салада  өз  білімін  арттыру  жұмыстарын  жүргізіп 

жатыр. 


Компанияның  жылдық  Қоршаған  ортаны  қорғау  жоспары  әр 

түрлі жобаларлы белгілейді. Олардың ішіне мыналар кіреді:

Каспий теңізі көптеген құстардың көшу бағыттарында орналас-

қан және олардың көбісі Сібір-Азия өңірлерінен. 

Күзде  құстар  Каспий  теңізінің  солтүстік-шығыс  пен  солтүстік 

жағалауларында шоғырланады. Бірте-бірте олар батыс жағалау-

дың  бойымен  оңтүстікке  қарай  жылжиды.  Жайық  және  Жем 

өзендері де маңызды көшу жолдары болып табылады. Көктем 

кезінде көшу жолдары кері бағытта өзгереді.

Көшу  кезінде  құстар  жағалау  қамыстарында  тоқтап,  сонда 

қоректенеді.  Аққулар,  қаздар,  үйректер,  балшықшылар  және 

басқа да су және батпақ құстары да осы өңірде ұялап көбейеді. 

Осы жағалаулық аймақ өте сезімтал болып табылады.

Қазақстанда Каспий теңізінің жағалауында немесе жағалаулық 

аймақта  өмір  сүретін  құс  түрінің  31  Қызыл  кітапқа  енгізілген. 

Қызғылт  бірқазан,  бұйра  бірқазан  және  аққұйрық  субүркіт 

сияқты олардың көбісі су және жағалаулық экожүйелерде өмір 

сүреді.


2000 жылдан бастап консорциум құстардың қыстауын, маусым-

дық  көшуін  және  ұялау  мекендерін  жақсы  түсіну  мақсатында 

Маңғыстау  және  Атырау  облыстарындағы  құс  түрлеріне  жыл 

сайынғы бақылау жүргізіп келеді.  

2000 және 2009 жылдар аралығында «Аджип ҚКО» компаниясы 

ұңғымаларды сынау жұмыстары кезінде құстарды бақылау үшін 

31 дара зерттеу жұмысын жүргізді.

Каспий  итбалығы  Каспий  теңізіндегі  жалғыз  теңіз  сүтқоректі 

жануар болып табылады және оны тек қана осы аймақта кездес-

тіруге болады. 2008 жылы Халықаралық табиғатты сақтау одағы 

оны «сезімтал» жануардан «жоғалып бара жатырған» жануарға 

ауыстырып,  Қауіп  төніп  тұрған  түрлердің  қызыл  кітабына  ен-

гізді.

Каспий итбалықтары көптеген кішкентай балықтармен қорек-



тенеді. Қыс мезгілінде олар Солтүстік Каспийге көбею үшін кө-

шіп, олардың күшіктері мұз үстінде туылады. 

XX  ғасырдың  басында  итбалықтардың  жалпы  саны  шамамен 

бір миллионнан асқан. 1980 жылдардың соңында олардың са-

ны екі есе азайды, ал 2005 жылғы зерттеулер шамамен 111 000 

итбалық қалғандығын көрсетті.

2005  жылдан  бастап  Консорциум  Каспий  итбалықтары  тура-

лы деректерді молайтуға арналған жыл сайынғы ғылыми бағ-

дарламаларды жүргізуге қолдау көрсетіп келеді. 

2010 жылғы жұмыс туылған күшіктер санын және итбалықтардың 

таралу орындарын анықтауға бағытталған жылдық алты итба-

лықты  зерттеуді  қамтыды.  Ересек  және  жас  итбалықтардың 

жылжуын тіркеу үшін спутниктік бақылау қолданылды. 

Уақыт  өткен  сайын  итбалықтар  саны  мен  олардың  таралуы 

туралы  құнды  ақпаратты  қамтамасыз  етумен  қатар  (олардың 

санына тигізетін әлеуетті әсерді барынша азайту үшін қолдануға 

болатын  ақпарат),  бұл  зерттеулер  олардың  санының  өзгеру 

заңдылықтарын көрсетеді.

2009 жылы консорциум Атырау қаласында Каспий итбалығына 

арналған халықаралық ғылыми симпозиум ұйымдастырды. Бұл 

іс-шараның мақсаты Каспий итбалықтарына төніп тұрған қауіп-

қатерлерге және олардың алдын алуға кешенді ғылыми шолу 

жасау.

Симпозиум  осындай  іс-шаралардың  алғашқысы  болды  және 



Қазақстаннан және жер-жерден сарапшы ғалымдарды жинады. 

Қоршаған  ортаны  сақтау  мамандары  итбалықтар  санының 

азаюын көптеген факторлардың әсер етуімен түсіндірді. Олар-

дың ішіндегі негізгілері ол соңғы ғасырда коммерциялық мақ-

сатта  аулау,  мекендеу  орындарының  азаюы  немесе  жоғалуы, 

балықшылардың байқаусыз өлтіру, ауға іліну және балық қор-

ының  азаюы.  Басқа  факторларға  қайталанып  тұратын  ауру-

лар,  шаруашылық  және  ауыр  өнеркәсіптің  себебінен  ластану 

жатады. 

Қысқы мезгілде көбею орындарынан мұз жарғыш кеменің өтуі 

итбалық  анасы  мен  күшіктері  арасындағы  байланысты  бұзуы 

мүмкін. Консорциуммен атқарылып жатқан кері әсерді азайту 

шараларына мыналар кіреді: әрбір кемеге дайындықтан өткен 

13

12

итбалық бақылаушыларын тағайындау; түнгі сапарлар кезінде 

инфрақызыл дүрбілерді қолдану; оларды айналып өту үшін кө-

бею орындарын спутникпен анықтау. 

Итбалық күшіктерін табиғатта кездесетін жыртқыштар да (кө-

бінесе қасқырлар мен субүркіттер) аңдып аулайды.



Каспий итбалығы

Құстарды бақылау

13

12

Бекіре

Дүниежүзі бойынша бекіре тұқымдастардың 25 түрі бар, негізі-

нен олар Қара теңіз, Азов теңізі, Байкал көлі, Миссисипи өзені 

және Каспий теңізінде кездеседі.

Каспий  теңізін  олардың  бес  түрі  мекендейді:  қортпа,  орыс 

бекіресі,  парсы  бекіреcі,  кәдімгі  бекіре  және  шоқыр.  Халық-

аралық табиғатты сақтау одағы оларды жоғалып бара жатқан 

түрлердің қатарына жатқызған. 

Арқан  балық  секілді,  бекіре  тұқымдас  балықтардың  барлығы 

тұщы суда көбейеді. Кура (1950 жылдары) және Еділ (1960 жыл-

дары) өзендерінде салынған үлкен дамбалар табиғи уылдырық 

шашатын  жерлердің  90%-ына  жолды  бөгеп  тастады.  Осының 

нәтижесінде көп ұзамай балық саны азайып кетті. 

Жайық  өзені  қазіргі  уақытта  дамбалары  жоқ  жалғыз  өзен 

болғандықтан, бекірелердің көбейюіне қолайлы болып қалады. 

Қортпа әдетте өзен сағасынан 500 ден 800 километрге дейінгі 

аралықта  көбейеді.  Ұрықтандырылған  соң  уылдырықшалар 

өте кішкентай бекірелерге айналады және бірнеше айдан соң 

өсе бастағасын олар өзен сағасына қарай жылжып, ол жерде 

қоректеніп  одан  да  үлкен  болып  өседі.  Біраз  уақыт  өткеннен 

кейін олар теңіздегі жағалау суларына шығады. Ересек бекіре 

уылдырық шашатын жасқа жету үшін 7 ден 20 жылға дейін уақыт 

қажет.  Осы  уақыт  ішінде  олар  жылы  жазғы  мезгілде  Каспий 

теңізінің  солтүстік  бөлігінде  қалады,  ал  суық  қысқы  мезгілде 

оңтүстікке қарай кетеді.

Каспий теңізінде балықты шамадан тыс аулау және заңсыз аулау 

бекіре  санының  азаюына  қатты  әсер  етті.  XIX  ғасырдан  бері 

бекіре  олардың  уылдырығы  үшін  кеңінен  ауланып  келді.  Осы 

қауіптің алдын алу мақсатында Жоғалып бара жатқан түрлерді 

халықаралық саудаға салу бойынша конвенциясы және АҚШ-

тың Балық және жабайы табиғат қызметі Каспий теңізінен шы-

ғатын уылдырықты импорттауға тыйым салды.

2011  жылы  Консорциум  балықтардың  жағдайын  бағалау 

үшін,  әсіресе  Еділ  және  Жайық  өзендеріндегі  бекіренің 

уылдырық  шашатын  жерлерін,  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының 

Даму  Бағдарламасы  (UNDP)  және  КаспЭко,  ҚР  және  Ресей 

Федерациясының  уылдырық  шашатын  орындарды  зерттеу 

бойынша  жұмыс  топтарымен,  жергілікті  және  халықаралық 

мамандармен бірге жаңа жобаны бастады. Жобаның мақсаты 

техникалық мүмкіндікпен және экономикалық тиімділікпен қа-

тар  жағдайды  қалпына  келтіру  үшін  басымдылық  әрекеттерді 

анықтау болып табылады.



Жағалау аймақты басқару бойынша 

біріктірілген негізгі жоспар (ЖАББНЖ)

Ұлттық  және  халықаралық  ғылыми  сарапшылармен  және  ұй-

ымдармен  бірге  I  кезеңнің  агент-компаниясы  «Аджип  ҚКО» 

қазақстандық  Солтүстік  Каспий  теңізінің  жағалау  аймағы  үшін 

негізгі басқару жоспарын жасады.

Еуропа  одағы  және  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  дүниежүзі 

бойынша жағалауды басқару жөніндегі агенттіктерімен бекітіл-

ген басшылықтарды қабылдаған негізгі жоспардың мақсаты ол 

экономикалық  қажеттіліктерді  әлеуметтік  және  экологиялық 

тұрақты дамумен біріктіру болып табылады және ол аймақтың 

Ұзақ мерзімді стратегиялық қажеттіліктерін жүйелі түрде түсіну-

дің алғышарты ретінде танылады.

Негізгі  жоспар  Солтүстік  Каспийде  жүргізілетін  ауқымды  эко-

логиялық  бақылау  жұмыстарына  негізделген.  Оның  негізгі 

мақсаттарына мыналар жатады:

• экологиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселелердің    

   бастапқы деректерін жасау (“бастапқы” сценарий)

• жағалау аймақтардың қысқа және ұзақ мерзімді болашақ    

   сценарийлерін жасау  

• экологиялық маңыздылықты бағалау 

• биоәртүрлілікті қорғауға арналған басшылықтарды жасау 

Жоспар  тұрақты  даму  принциптері  және  қоршаған  ортаны 

қорғау  шараларының  маңыздылығы  туралы  хабардарлықты 

арттырады.

15

14

БҰҰ-ның Қоршаған ортаны қорғау 

бағдарламасының тобынан қабылданған 

хат:


“Негізгі жоспарды дайындау бағытында атқарылған ауқымды 

жұмыстар үшін өз алғысымызды білдіреміз. Жылдар бойы жи-

налған деректер мен ақпарат көлемі және оларды жоспарда 

талдаған,  ұйымдастырған  және  көрсеткен  әдістеріңіз  әсерлі 

түрде берілген. 

Негізгі  жоспардың  дамуына  қолдау  көрсету  арқылы  «Аджип 

ҚКО»  компаниясы  өзінің  өңірдегі  рөлінен  мұнай  және  газ 

операцияларынан тыс басқа да іс-шаралар күтілетінін... және 

өңірдің қоршаған ортасын қорғау жұмыстарына компания өз 

үлесін қосу мақсатын көздейтінін айқын көрсетеді .”

Фриц  Шлингеманн,  Тегеран  конвенциясының  аралық  хат-

шысы 


Парвин Фаршчи, КаспЭко жобасы 

Каспий итбалықтарының халықаралық 

зерттеулері

“…Каспий  итбалықтарының  азаюының  негізгі себебі мұнайды 

барлау операцияларына қатысты емес, қысқы мезгілде кеменің 

жүзуі Каспий итбалықтарының көбеюіне елеусіз әсер етуі мүм-

кін.” 

Каспий итбалықтарының халықаралық зерттеулері 



15

14

Жер сілкіністері

Каспий  өңіріндегі  жер  сілкіністер  Араб  плитасына  жататын 

және  Солтүстік  Каспий  плитаның  астына  кетіп  бара  жатқан 

Оңтүстік Каспий плитасының шөгуіне тікелей байланысты.

Каспий  өңіріндегі  тарихи  сейсмикалық  белсенділік  көбінесе 

оңтүстік және ортаңғы бөліктерінде және екі плита түйісетін 

Апшерон түбегінің аймағында шоғырланған.

Каспий  теңізінің  солтүстік  бөлігі  тектоникалық  тұрақты  және 

жер  бетіндегі  сейсмикалық  белсенділігі  төмен  аймақ  болып 

саналады.

Дегенмен, консорциум жер сілкінісінің тәуекелі туралы хабар-

дар және өз нысандарын тәуекелдерді іс жүзінде мүмкін дең-

гейге  дейін  азайту  мақсатымен  жобалаған  және  қауіпсіздік 

бағдарламалары үшін қажетті қаржы көлемі бойынша шешім 

қабылдауға  арналған  халықаралық  қабылданған  негіздерді 

бекіткен.

Мұра болған түйткілдер: қараусыз қалған 

ұңғымалар

Каспий теңізіндегі мұнай барлау тарихы XIX ғасырдың соңынан 

басталады, сондықтан кейбір түйткілдердің бұрыннан бүгінге 

дейін ілесіп келе жатқаны заңды.

Есептеулер  әр  түрлі  болғанымен,  Каспий  теңізінің  жағалау 

аймағында  шамамен  1  500  жойылған  ұңғымалар  бар  деп 

есептеледі.  Ескі  ұңғымалардың  басым  көпшілігі  Каспий  су 

деңгейінің  көтерілуіне  байланысты  су  астында  қалған.  Бұл 

ұңғымалардың  қазіргі  күйі  белгісіз  және  олардың  кейбіреуі 

жылыстауы мүмкін деген күдік бар.

Консорциум  осы  ескі  нысандардың  мәселесін  шешу  мақса-

тында  атқарылып  жатқан  үкіметтің  қазіргі  әрекеттеріне  өз 

алғысын білдіреді.

“1994-2006 жылғы СШ Каспий теңізіндегі 

зерттеулерден”

Құстар – оң әсер 

“«Аджип  ҚКО»  компаниясының  операциялары  СШ  Каспий 

теңізінің  құс  фаунасына  әсер  етпеген  және  тіпті  оң  әсерін 

тигізген.”



ҚР Ғылым және білім беру министрлігінің Зоология институты, 

Алматы қаласы   

Балықтар – бейтарапты әсер

“«Аджип  ҚКО»  компаниясы  жұмыс  жасайтын  жерлердегі 

балықтың  қазіргі  жағдайы  қанағаттандырарлық  деп  санауға 

болады.”


«Қазэкожоба», Алматы қаласы 

Су асты шөгінділері – бейтарапты әсер

“Күнделікті,  апатсыз  операциялар  кезінде  елеулі  өзгерістер 

күтілмейді.”

Микробиология  және  вирология  институты,  ҚР  Төтенше 

жағдайлар министрлігі, Алматы қаласы 

Фитопланктон – бейтарапты әсер

“Геофизикалық  зерттеулердің  әр  түрлі  кезеңдерінде,  барлау, 

бағалау бұрғылау жұмыстары, инфрақұрылым нысандарының 

құрылысы  кезінде  фитопланктондардың  құрылымына,  түріне 

және көбею қасиетіне тиетін кері әсер анықталмаған.”

Балық өнеркәсібінің зерттеу және өндірістік орталығы ЖШС, 

ҚазАгроИнновация АҚ, Алматы қаласы


www.ncoc.kz 

Қазақстанда әрлендіріліп, басып шығарылды.






©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал