НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Дене шынықтыру мен бұқаралық спорттың дамуы



Pdf көрінісі
бет160/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   264
Дене шынықтыру мен бұқаралық спорттың дамуы
Дене шынықтыру мен спорттың дамуы ұлт капиталын қалыптастыруда 
қашанда маңызды рөл атқарып келді. Осы кітаптың алдыңғы беттерінде 
атап өткенімдей, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ Қазақстанда осы 
мақсатқа көп күш жұмылдырылды.
Дене шынықтыру мен спорттың дамуына экономика мен әлеумет-
тік-тұрмыстық деңгейдің жоғарылауы айтарлықтай әсер етті.
2001 жылы Дене шынықтыру мен спорттың 2005 жылға дейінгі мем-
лекеттік бағдарламасы қабылданды. Саламатты өмір салтын қалыптасты-
ру жолындағы ерекше ұмтылысын мемлекет екі бағытқа шоғырландырды. 
Біріншісі – дене шынықтыруды дамыту, бұқаралық спорт шараларының са-
нын арттыру және спорттық нысандарды көбейту. Екіншісі – шылымқор-
лық, ішімдік пен есірткіні шектен тыс қолдану сияқты қатерлі мінез-құлық 
факторларымен күрес.
Дене шынықтырумен, спортпен тұрақты айналысатын қазақстандықтар-
дың саны көбейе түсті. 2001 жылы 1,4 миллион адам спортты серік етсе, 
2005 жылы 2 миллионға жетті. 
Астана, Атырау, Қарағанды, Орал, Қостанай, Шымкент, Павлодар, Өскемен 
қалаларында жаңа спорт сарайлары мен спорт кешендері пайдалануға беріл-
ді. Облыс орталықтарындағы футбол стадиондары күрделі жөндеуден өтті. 
2000-шы жылдардың орта шенінен бастап салалық спартакиадаларды, 
оқушылар спартакиадасы мен студенттер жарысын өткізу дәстүрі қайта 
жаңғырды. Балалар мен жасөспірімдер, дене шынықтыру-сауықтыру және 
кәсіпқой клубтар мыңдап жұмыс істей бастады. Мектеп бағдарламасына 
дене шынықтыру сабағының үшінші сағаты, жоғары оқу орындары мен 
колледждерде аптасына төрт сағаттық сабақтар енгізілді. 
Оқушылар арасында жазғы және қысқы спорт түрлерінен спартакиада, 
студенттік универсиада, футболдан, хоккейден, шаңғы тебуден және басқа 
да спорт түрлерінен бұқаралық жарыстар ұйымдастыру ісі қайта жолға 
қойылды. Спорт мектептері қалпына келтірілді. 
2004 жылы мен күнтізбеге Спорт күнін енгіздім. Ол тамыз айының үшін-
ші жексенбісінде атап өтіліп келеді. 
Дене шынықтыру және спорт инфрақұрылымдарының жай-күйі ұдайы 
мемлекет назарында болуға тиіс еді. Осыған орай, 2006 жылы Туризм және 
спорт министрлігі құрылып, 2007 жылдан бастап 2011 жылға дейінгі Дене 
шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге аса 
бастады.


290
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Спорт нысандарының саны 32 мыңға жетті. Олимпиялық даярлық және 
олимпиялық ізбасарлар орталықтарының ашылуы спортты дамытуға елеу-
лі үлес қосты.
Бүкіл ел аумағында спорт және дене шынықтыру жарыстарының саны 
артты. Белсенді отандастарымыз Спорт күніне енді жанкүйер емес, қатысушы 
ретінде жиналатын болды. Бұл күні жүгіруден, ұлттық ойындардан, футболдан, 
бокстан, баскетболдан, дзюдодан, самбодан жарыстар ұйым дастырылды.
2010 жылы бірінші рет ауыл спорты ойындары өткізілді. Сол жылы 
23 мамырда бүкіл Қазақстан бойынша «Олимпиялық жүгіру күні» бастау 
алды. Әр жас деңгейі үшін жеке қашықтықтар белгіленді. Ең негізгісі – 
2400 метрлік «Президент милі». Отбасыларға арналған 1000 метрлік 
қашықтық та болды.
Ұлттық спортпен айналысатын қазақстандықтар саны да күн санап ар-
тып келеді. Осы спорт түрлерінен көптеген республикалық және халық-
аралық жарыстар өткізілді. 
2000 жылдардың екінші жартысында дене шынықтырумен айналы-
сатындар саны өсе берді. 2011 жылы олардың саны 3 миллионнан асты. 
Бұл – еліміздегі барлық тұрғынның 20 проценті. Осының бәрі қазақстан-
дықтардың саламатты өмір салтын ұстануды басымдық ретінде қарастыра 
бастағанының оң үрдісі екені сөзсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет