НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет17/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   264
Тәуелсіздік жолында
1999 жылы 25 қазанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР-інің 
мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылдап, республика консти-
туциясының және оның заңдарының пәрменділігін мәлімдеді. Қазақстан 
– халықаралық құқық субъектісі, ал Қазақстан халқы – мемлекеттік биліктің 
бірден-бір қайнар көзі деп жарияланды.
Шынтуайтына келгенде, декларация құқықтық емес, саяси құжат болды. 
Оның ережелерінің ешқандай заңдық күші болған жоқ. Қазақстанның еге-
мендігіне тек конституциялық акт ғана заңды негіз бола алатын еді. Десе 
де, декларацияның баға жетпес символдық мәні бар болатын, ол бізге 
тәуелсіздікке бастайтын жолды ашып берді.
Мен Қазақстанның дербестікке жетуін мақсат ете отырып, шешімқорлық
пен көзсіздіктің арасындағы айырманы айқын түсіндім және кеңестік эко-
номиканың құрылымын жақсы білгендіктен, КСРО-дан бөлінуге асықпадым 
әрі одақтас республикалар арасында ондаған жылдар бойы қалыптасқан 
экономикалық байланысты бірден үзу жоспарына қарсы әрекет жасадым.
Энергожүйелер, темір және автомобиль жолдарының тораптары, алып
Одақтың әр қиырындағы бір-біріне тәуелді кәсіпорындар – осының бәрінің 
кеңес үкіметі жылдарында өзара байланғаны соншалық, олардың қатына-
сын бірден үзудің зардабы орасан болар еді. Оның үстіне бірде-бір рес-
публика қысқа мерзімнің ішінде өзінің әскери қауіпсіздігі мәселесін шеше 
алмайтын. Бұл жағдай оларды сыртқы қатерлердің алдында дәрменсіз 
ететін. Оны айтпағанда, біртұтас елдің әртүрлі республикасында тұратын 
жақын туысқандар мен достар мемлекеттік шекараның екі жағында қалуға 
мүлдем әзір емес еді.
Жаңа Одақтық келісімнің жобасын қолдағанда мен осындай дәйектерді 
басшылыққа алдым. Жоба қабылданған жағдайда, КСРО – Тәуелсіз Мем-
лекеттер Одағы (ТМО) болып қайта құрылар еді. Бұрынғы кеңестік респуб-
ликалар экономикалық дербестікке қол жеткізіп, өздерінің саяси өкілет-
тілігін айтарлықтай кеңейтетін, ал жалпыодақтық орталық бірыңғай сыртқы 
саясат пен ортақ қауіпсіздікке жауап беретін еді.
1991 жылы басталып, жұмысы бірнеше айға созылған Одақтық келісім 
жобасы жаңа тарихқа Ново-Огарево процесі деген атаумен енді (Ново- 
Огаревода КСРО президентінің Мәскеу түбіндегі резиденциясы орна-
ласқан). 1991 жылы 29 шілдеде біз РСФСР президенті Борис Ельцинмен 
және КСРО президенті Михаил Горбачевпен кездесіп, ТМО-ны құру тура-
лы келісімге 20 тамызда қол қоюға шешім қабылдадық. Бірақ ол орындалған 
жоқ. Келісілген құжатқа қол қоюға бір күн қалғанда кеңестік басшылар-


31
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
дан, оның ішінде елдің вице-президентінен, премьер-министр мен күштік 
құрылым басшыларынан құрылған төңкерісшілер жаңа әділетті келісімнің 
жасалуына қарсылық көрсетіп, мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды. Олар 
Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитет (ТЖМК) құрып, Қырымда 
демалып жатқан Михаил Горбачевті сырқат деген жалған желеумен билік-
тен заңсыз шеттетті.
Сол күні мен Қазақстан азаматтарына үндеу жолдап, сабыр сақтауға, 
төзімділік танытуға шақырдым. Мәскеудегі билікті заңсыз басып алған
төңкерісшілердің елеулі қысымына қарамастан, мен отандастарымды Қа-
зақстан аумағында төтенше жағдай енгізілмейтініне берік түрде сендірдім.
1991 жылы 20 тамызда Мәскеу мен Ленинградтың көшелеріне ондаған 
мың адам қарсылық көрсетуге шықты, танктердің жолына баррикадалар 
құру басталды. Елдегі ахуал барынша ушыға түсті. Бүлікті бастаған ымыра-
ластардың саяси таяздығы азаматтық текетірестер мен бұрын-соңды бол-
маған ауқымдағы қантөгіске бастауы мүмкін болатын. Оған жол беруге әсте 
болмайтын еді. Мен төңкерісшілердің басшыларымен телефон арқылы 
сөйлесіп, олардың әрекеттерін республиканың атынан ашық сынға алдым 
және қантөгіске жол бермеуді қатаң түрде талап еттім. 
Бүлікшілер қайта құру жылдарының қиындықтарынан қажыған қоғам 
үнсіз келісе салады деп үміттенді және соншалықты бұқаралық сипат-
тағы қарсылықты күтпеді. 21 тамыз күні төңкерісшілер тізе бүкті. Михаил 
Горбачев Мәскеуге оралды. Төңкеріс жасау әрекеті жүзеге аспады. Одақтық 
келісімге қол қойылмауы және тамыз бүлігі орталық биліктің қоғам алдын-
дағы беделін түбегейлі жойды. Кеңестер Одағының мемлекеттік-саяси 
тұрғыдан күйреуі процесі ушығып, күшейе түсті.
1991 жылдың екінші жартысында орталық билік мүлдем дәрменсіз 
жағдайда болды. Бұл жағдайда маған Қазақстан тағдырының жауапкер-
шілігін өз мойныма алуға және бірнеше принципті стратегиялық шешім-
дер қабылдауға тура келді. Мен алдымен, өз Жарлығыммен кеңестік 
әскери күш-қуаттың тірегі саналатын, әлемдегі аса ірі Семей ядролық 
сынақ полигонын жаптым. Егемен Қазақстанның тұңғыш мемлекеттік ак-
тісі бүкіл планетаға біздің еліміздің ядролық қатерден азат, бейбіт өмірге 
ұмтылысын паш етті.
Сол күндері мен «Қазақ КСР Қауіпсіздік Кеңесін құру туралы», «Одаққа 
бағынышты мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды Қазақ КСР үкіметінің 
басқаруына көшіру туралы», «Қазақ КСР-нің алтын қоры мен алмаз қорын 
құру туралы», «Қазақ КСР-інің сыртқы экономикалық қызметінің дербестігін 
қамтамасыз ету туралы» бірқатар тұғырлы Жарлықтарға қол қойдым.


32
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Қазақстандықтар осынау саяси құжаттарды зор ықыласпен қабыл алды. 
Сол күндерде бізді қаншалықты қиын болса да жағдайды түбегейлі өз-
гертіп, қиындықтарды жеңе алатынымызға риясыз сенім біріктірді. Күллі 
әлемнің көз алдында өзінің жарқын болашағына сенімі нық жаңа мемле-
кет құрылды, тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің 1991 жылы 2 қа-
занда Байқоңыр ғарыш айлағынан кеңестік-австриялық экипаж құрамында 
ғарышқа самғауы осы сенімнің символына айналды. «Союз ТМ-13» ғарыш 
кемесінің көк жүзіне аттануы Қазақстан үшін жалпыұлттық оқиғаға айналды 
әрі кеңестік космонавтика тарихына нүкте қойды. Адамзатты ғарыш көгіне 
алғашқы болып аттандырған елдің тарихы осыдан екі ай өткеннен кейін 
біржола аяқталды. 
1991 жылы 8 желтоқсанда Беловежье орманында Ресей, Украина мен 
Беларусь президенттері Кеңес Одағының өмір сүруін тоқтату туралы 
келісімге қол қойды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет