НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Қазақстан Республикасының Конституциясы



Pdf көрінісі
бет25/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   264
Қазақстан Республикасының Конституциясы 
1995 жылғы жаңа Конституция туралы мәселе көтерілген сәуір рефе-
рендумынан соң мен халықпен тікелей және ашық әңгімеге кірістім және
1995 жылдың 30 сәуіріндегі Үндеуімде елге не үшін жаңа Конституция 


46
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
керектігі және оның Қазақстанның бүгіні мен болашағы үшін қажеттілі-
гі қандай екені туралы өз көзқарасымды халыққа жете түсіндірдім. Әділет 
минист рі Н.Шәйкеновтің басшылығымен арнаулы жұмыс тобы құрылды. 
Оның жұмысын тікелей өз бақылауыма алдым. 
Сарапшылармен бірге кейде күніне 12–14 сағат Конституция бапта-
рымен жұмыс істегеніміз есімде. 
Менің өзіме де әлемнің әртүрлі елдерінің конституциялық құрылымы, 
билік тармақтарының өзара қатынасы, саяси партиялардың жұмысы, адам 
құқығына, жекеменшікке берілетін кепілдік және т.б. мәселелер жөніндегі 
көптеген әдебиеттерді қарап шығуға тура келді. 
Мен жұмыс тобының алдына әлдекімнің конституциясын құр көшіре 
салмай, керісінше басқа елдердің тәжірибесін талдау негізінде біздің 
еліміздің талаптарына барынша жауап бере алатын Негізгі Заң жобасын 
дайындау міндетін жүктедім. Сондықтан Конституцияның барлық ереже-
лерінен біздің ерекше қазақстандық қолтаңбамыз, біздің халқымыздың 
өресі мен дәстүрлеріне және болашақтағы перспективасына сәйкесетін өз 
болмысымыз байқалып тұрады.
1995 жылдың 22 мамырында Қазақстан Республикасы Конституциясы-
ның жобасын қарау және заң тұрғысында бағалау үшін ол арнайы құрылған 
консультативтік кеңеске жіберілді, ал 30 маусымда жалпыхалықтық талқы-
лауға шығарылды. 
Қазақстандықтар, өздеріне билікпен бір деңгейде елдің ең маңызды 
құжатын жасауға қатысу сеніп тапсырылғанын түсіне отырып, мәселеге ай-
рықша жауапкершілікпен қарады. Бір айға созылған талқылау барысында 
олар 30 мыңға жуық ескертулер мен ұсыныстар енгізді. Солар ескеріліп, 
Конституция мәтініне 1100 түзету енгізілді. 
1995 жылдың 30 тамызында жалпыхалықтық референдум өткізілді. Ре-
ферендумға ел азаматтарының 81,1 проценті қатысса оның 90 процент-
ке жуығы жаңа Конституцияны мақұлдап дауыс берді. Осылайша мемле-
кеттік құрылыс сенімді саяси-құқықтық негізге ие болды. Конституцияға 
сәйкес, тәуелсіз Қазақстан демократияшыл, зайырлы, унитарлы, әлеумет-
тік-құқықтық мемлекет, президенттік республика деп жарияланды.
Президент ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын нақтылайтын 
ең жоғары лауазымды тұлға, халық пен биліктің бірлігінің, Конституцияның 
мызғымастығының, адам мен азаматтардың құқығы мен еркіндігінің кепі лі 
болып табылады. Жоғары заң шығарушы орган – Сенаттан (жоғары пала-
та) және Мәжілістен (төменгі палата) тұратын Парламент. 


47
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
Әр облыстан және республикалық маңызы бар әр қаладан, сондай-ақ 
мемлекеттің астанасынан жоғарғы палатаға екі сенатор сайланады. 7 се-
наторды Президент тағайындайды. Мәжілістің 67 депутаты бір мандатты 
аймақтық округтер бойынша сайланады.
Үкіметті Президент құрады, ол Президентке өз қызметі туралы жауап 
береді және Парламентке есеп береді. Үкіметті Парламенттің мақұлда-
уымен Президент тағайындайтын Премьер-Министр басқарады. 
Республиканың Жоғары сот органы – жалпы юрисдикциядағы соттар-
дың қызметін бақылайтын және сот практикасындағы кез келген мәселені 
түсіндіретін Жоғарғы сот. Жоғарғы сот мүшелерін Президенттің ұсынысы 
бойынша Сенат сайлайды, жергілікті судьяларды Президент тағайындайды. 
Менің талабым бойынша жаңа Конституцияның соңғы мәтініне қоғам-
дық келісім, саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігі жолындағы эконо-
микалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік өмірдегі барынша 
маңызды мәселелерді демократиялық тәсілдермен шешу сияқты Қазақстан 
Республикасының базалық принциптері қосылды. 
1995 жылдың 1 қыркүйегіндегі референдум қорытындысы бойынша өт-
кізілген баспасөз мәслихатында мен барлық қазақстандықтарды біздің жас 
та тәуелсіз мемлекетіміздің өміріндегі тарихи оқиғамен құттықтадым. 
Журналистердің бірі біздің 1991–1995 жылдар аралығында жинаған 
тәжірибеміздің қысқа қорытындысын көрсетуді өтінді. Жауап ретінде мен 
саясаткер жұмысын картоп емес, алма өсірушінің өз жемісін күтуімен са-
лыстырдым: «Картопты көктемде сеуіп, күзде өнімін жинайсың, ал алма-
дан өнім алу үшін бес-алты жыл уақыт керек. Өткен жылдарда бізге бәрін 
қалай жылдам жүзеге асыру керектігін үйреткен ешкім болмады әрі пост-
кеңестік дәуірде оны ешкім де жылдам жасай алған жоқ. Алайда біз ең 
басты құндылық – Отанымыздағы тыныштықты сақтай алдық. Қазақстан 
Республикасында қантөгіс болған жоқ. Біз өз қаржымызға өзіміз ие болып, 
экономикамызды өзіміз басқардық. Бақуатты өмір сүру үшін қай жаққа бет 
бұру керегін де білеміз. Осы уақытта біз бүкіл әлемнің сеніміне ие бол-
дық». Мен журналистке осылай жауап бердім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет