НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Қазақстан мен Еуропаның алпауыт елдері



Pdf көрінісі
бет175/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   264
Қазақстан мен Еуропаның алпауыт елдері: 
қарым-қатынастың кеңеюі
Жаңа ғасырдың бірінші онжылдығында жоғары деңгейдегі Қазақстан 
– Британ саяси диалогы белсенді дами берді. Ұлыбританияға 2000 және 
2006 жылдары екі сапар жасадым.
2000 жылдың қарашасында мен премьер-министр Т. Блэрмен маңызды 
келіссөздер жүргіздім, британ үкіметінің мүшелерімен және BAE Systems 
сияқты ірі компаниялар басшыларымен кездестім. Қазақстан – Британ уни-
верситетін құру жөніндегі меморандумға қол қойылды.
2006 жылдың қарашасында Ұлыбританияға екінші рет сапар жасадым. 
ІІ Елизавета ханшайыммен, премьер-министр Т. Блэрмен кездестім. «Еуро-
па Қазақстанмен стратегиялық әріптес ретінде жаңа сапалық қатынастар 
бастауға тиіс. Мен Ұлыбританияның Қазақстанның алдыңғы қатарлы серік-
тесі болғанын қалаймын», – деді Т. Блэр.
2000-шы жылдары Қазақстанға Ұлыбританияның сауда және инвести-
ция жөніндегі арнайы өкілі Эндрю ханзада бірнеше рет келді.
Қазақстан – Германия қарым-қатынастары да жемісті дами берді. Біз 
жоғары деңгейде жиі байланыс ұстап отырдық. 2000-шы жылдары мен 
Германия Федеративтік Республикасына төрт рет – 2001, 2004, 2007, 2009 
жылдары сапарладым.
2001 жылдың қазан айындағы келіссөздеріміздің басты тақырыбы – 
экономикалық ынтымақтастық болды. ГФР канцлері Г.Шредер германия-
лық кәсіпкерлерді Қазақстан экономикасының ашықтығы қызықтыратынын 


322
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
айтты. Мен германиялық әріптестерді өзара әрекеттестікті бұрынғыдан да 
жоғары сапалық деңгейге көтеруге шақырдым. 
2003 жылдың желтоқсанында Германия канцлерінің Қазақстанға са-
пары өтті. Екіжақты қатынастарды дамытудағы еңбегі үшін Г.Шредер Қа-
зақстанның жоғары мемлекеттік марапатымен – «Алтын Қыран» орденімен 
марапатталды. 
Германия Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығына кандидатурасын қолдады. 
Ал Қазақстан Германияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты мүше болуға 
талпынысын қолдайтынын мәлімдеді. 
2004 жылдың сәуір айында Германияға тағы сапар жасадым. Канцлер 
Г.Шредермен бірге – біз аса ірі Халықаралық Ганновер көрмесіндегі Қа-
зақстан экономикасының күндерін аштық. 
2007 жылдың қаңтарындағы келесі сапарым барысында мен жаңа канц-
лер А.Меркельмен және Бундестаг төрағасы Н.Ламмертпен, сондай-ақ 
неміс бизнес-қоғамдастығының ықпалды өкілдерімен кездестім.
2007 жылы Германия ЕО кеңесі төрағасының орнын иеленді. Сон-
дықтан неміс сыртқы саясатының Орталық Азия өңіріне қызығушылығы 
арта түскені түсінікті еді. «Еуропалық одақ және Орталық Азия: жаңа әріп-
тестік стратегиясы» құжатын қабылдауға Германия зор еңбек сіңірді. 
2009 жылдың ақпан айында А.Меркельмен бірге Германияда Қазақстан 
жылын аштық. 2011 жылға дейінгі кезеңді инновациялық-инвестициялық 
әріптестік жөніндегі бірлескен мәлімдемеге қол қойылды. 
2010 жыл Қазақстандағы Германия жылы болып жарияланды. Осы 
жылдың шілдесінде канцлер Астанаға бірінші рет сапарлап келді. Біздің 
келіссөздеріміз өзара түсіністік рухта өтті. Жалпы сомасы 2 миллиард еу-
роға келісімдер жасалды. Сауда-экономикалық қатынастарды үйлестіру 
мақсатында біз Қазақстан–Германия бизнес кеңесін құруға келістік. Қа-
зақстан-Германия бизнес-форумына жүзден аса неміс фирмасының өкіл-
дері қатысты. 
Біздің Г. Шредер және А. Меркельмен жақсы қарым-қатынасымыз 
Қазақстан мен Германия Федеративтік Республикасының екіжақты 
ынтымақтастығын жаңа сапалы деңгейге көтерді. 
Қазақстан мен Францияның ынтымақтастығы қарқынды дамыды. Екі ел 
арасында ерекше саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынас қа-
лыптасты. Мен 2000-шы жылдардың өзінде бұл елге бес рет – 2000, 2003, 
2008, 2010 және 2011 жылдары сапарладым. 
2000 жылдың маусым айында мен Франция президенті Ж.Ширакпен, 
премьер-министр Л.Жоспенмен және ірі француз компанияларының бас-
шыларымен келіссөздер жүргіздім. 2003 жылдың маусымында жұмыс са-


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
323
парымен тағы да Францияға барып, Ж.Ширакпен екіжақты сауда-экономи-
калық ынтымақтастық жағдайын талқыладық.
2007 жылдың мамыр айында Н.Саркози Француз Республикасының 
президенті болып сайланды. Менің 2008 жылдың 10–11 шілдесінде Фран-
цияға барған сапарым қазақ-француз қатынасының кезеңдік оқиғасы бол-
ды. Осы сапарда екі ел арасындағы мемлекетаралық өзара әрекеттестіктің кең 
ауқымын қамтитын стратегиялық әріптестік туралы шартқа қол қойылды. 
Франция Қазақстанмен стратегиялық қарым-қатынас орнатқан Еуропа-
дағы алғашқы мемлекет болды. Шарт Қазақстан Франция үшін еуразиялық 
кеңістікте басым мәнге ие екенін көрсетті. Маған Францияның жоғары мем-
лекеттік марапаты – Құрметті легионның Үлкен кресті ордені табысталды. 
2009 жылдың қазан айында Франция президенті Н. Саркози Қазақстанға 
сапармен келді. Біз Отан қорғаушылардың Мәңгілік алауына гүл шоқтарын 
қойдық. Н. Саркози «Қазақстанға досы ретінде келгенін» айтты. Осы кезде-
суде Франция президенті Қазақстанның жоғары дәрежелі – «Алтын Қыран» 
орденімен марапатталды. 
Француз президентінің осы сапарында «Ескене-Құрық» мұнай құбы-
ры құрылысын қаржыландыру туралы келісімге келдік. Бұл мұнай құбы-
ры мұнайды Қашаған мен Теңізден Құрық пен Каспий терминалдарына, 
одан әрі Бакуге жеткізеді. Мен «бұл Қазақстан мұнайын тасымалдау жүйе-
сінің негізгі артериясы болып саналатын аса маңызды жоба» екенін айт-
тым. Сондай-ақ жалпы құны 4 миллиард еуроны қамтитын іскерлік келісім-
шартқа қол қойылды. 
2010 жылдың қазанында Парижге жасаған сапарымда атом энергиясын 
бейбіт амалдарға қолдану жөніндегі және Қазақстанда тікұшақ пен элек-
тровоз шығару туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды және 2 мил-
лиард доллар көлеміндегі келісімшарт бекітілді. 
Франция президенті ЕҚЫҰ саммитін Астанада өткізу идеясын да алғашқы-
лардың бірі болып қолдады. Біздің Н. Саркозимен саяси және жеке сеніміміздің 
арқасында Қазақстан мен Франция ынтымақтастығы сәтті дамыды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет