ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
325
Астанада жалғасқан келіссөздер барысында мен түрік инвесторла-
рының нақты жобаларын қамтитын бірлескен экономикалық бағдарлама
әзірлеуді ұсындым. Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттерінің Кеден
одағы қосымша мүмкіндік туындататынын да айтып өттім.
2010 жылы біздің кездесуіміз Астанада – Астана күні мерекесінде
(6 шілдеде), ЕҚЫҰ саммитінде (1–2 желтоқсанда) және Ыстанбұлда – III
АӨСШК саммитінде (маусым), Түркітілдес мемлекеттер басшыларының
Х саммитінде (қыркүйекте) жалғасты. 2011 жылдың қазан айында Қа-
зақстанда бірлескен экономикалық аймақтар құру жөніндегі меморан-
думға қол қойылды.
Түркияда қазақ халқының тарихи тұлғаларына – Абылай ханға, Қабан-
бай батырға, Абайға, Мағжан Жұмабайұлына, Мұхтар Әуезовке ескерт-
кіштер қойылды.
2009 жылы Астанада, Есіл өзенінің жағасында Түрік Республикасы-
ның негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрік ескерткішінің ашылуы да Қа-
зақстан Республикасының достық қадамы болды.
Достарыңызбен бөлісу: