НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Жаңа жаһандық ахуал: 2015 жылғы Жолдау



Pdf көрінісі
бет184/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   264
Жаңа жаһандық ахуал: 2015 жылғы Жолдау
2014–2015 жылдары мен жедел қарқын алған жаһандық және аймақтық 
үдерістердің динамикасын мұқият бақыладым және оның Қазақстанға ти-
гізуі мүмкін ықпалына болжам жасадым.
2015 жылы тамызда Үкімет мұнайдың әр баррелі бағасының 20–30 дол-
ларға дейін төмендеуі жағдайындағы іс-әрекет нұсқаларын қарастырды. 
Бұл алдын-ала қамдану өзін ақтады: 2015 жылдың екінші жартысында 
мұнай бағасының құлдырай түсуіне қарамастан, дер кезінде қолданылған 
шаралар өнім өндіруді төмендетпеуге мүмкіндік берді. 
2015 жылы 30 қарашада «Қазақстан – жаңа жаһандық ахуалда» атты 
Жолдау халық назарына ұсынылды. Әлемнің тез өзгеруде екендігі – оның 
негізгі тезисі болды. Жаңа сын-қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өр-
біген жаһандық ахуал біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемдік экономи-
каның өсу қарқыны баяулады, нарық тұрақты емес, мұнайдан түсетін аса 
жоғары табыс жоқ, әлемде сенім азайып келеді. Жаңа жаһандық ахуалдағы 
әлемнің дамуы – әлемдік және аймақтық күш орталықтарының қатал бәсе-
келестік жағдайында өтетін болады. 
Сондықтан да жаңа жаһандық ахуалдағы барлық сын-қатерлерге біз 
үш қарапайым, бірақ маңызды ұғымға – өсім, реформа, дамуға негізделген, 
дағдарысқа қарсы өз стратегиямызды қарсы қойдық. Өсім – экономиканың 
қажетті қарқынмен өсуі. Реформалар – ең терең өзгерістер. Даму – қоғам-
ның барлық салаларын үздіксіз жаңғырту.
Жаңа ахуалда жаһандық дағдарысқа тек әртараптандырылған эконо-
мика ғана қарсы тұра алады. Демек, теңге бағамының еркін айналымы 
жағдайындағы қаржы саласын тұрақтандыру үшін, бәсекелестікті ынталан-
дыру үшін дағдарысқа қарсы кешенді және құрылымдық өзгерістерді жүзе-
ге асырып, белсенді инвестициялық саясатқа көшу керек.
Егер бұл мәселелер шешілсе, 2020-шы жылдардың ортасына қарай біз 
жыл сайынғы экономикалық өсімді 5 проценттік деңгейге, өңдеуші өнер-
кәсіп экспортын екі есеге (жылына 30 миллиард долларға дейін), инвести-
цияның өсімін жыл сайын 10 миллиард долларға өсіре отырып, 100 милли-
ард долларға дейін жеткіземіз, 660 мың жаңа жұмыс орнын құрып, еңбек 
өнімділігін екі есе арттырамыз. 
Экономикалық тәуекелдерге қарамастан, мемлекет белсенді әлеумет-
тік саясатты жүргізумен келді. 2016 жылдың қаңтарынан бастап білім беру, 
денсаулық сақтау қызметкерлерінің еңбекақысы 29 процентке дейін, зей-
нетақы 40 процентке дейін өсті, ортақ зейнетақы индексацияланды. Сон-


350
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
дай-ақ 2016 жылы мүгедектігі мен асыраушысынан айырылуға байланысты 
әлеуметтік жәрдемақылар, шәкіртақылар 25 процентке өсті.
Мен барлық алға қойылған міндеттер мен жоспарланған қадамдар-
дың нақты қаржыландырумен қамтамасыз етілуін қатаң талап еттім. Бас-
ты талабым: осы қаражатты тиімді пайдалану – Үкіметтің басты міндеті 
және жауапкершілігі. Осыған сәйкес, дағдарысқа қарсы бағдарламаны 
қаржыландыруға аса қомақты сома – 7,2 триллион теңге бөлінді. 
Дегенмен жауапкершілікті сол кезде бәрі де сезінді. Бізді алда ауыр жұ-
мыстар күтіп тұрғанына дайын едім. Алайда біз келешекке үмітпен қара-
дық, келе жатқан күрделі кезең біз үшін еңсеру кезеңі болатынын білдік, 
жаңа жаһандық дағдарысты міндетті түрде жеңеміз деп сендік.


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
351


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет