НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Жаһандық технологиялық өзгерістер



Pdf көрінісі
бет193/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   264
Жаһандық технологиялық өзгерістер
2014–2016 жылдардағы әлемдік шикізат нарығындағы бағаның құлды-
рауы, жалпы жаһандық тұрақсыздықтың өсуі және жаңа экономикалық 
ахуалға көшу – осының бәрі әлемнің жылдам өзгеріп жатқанының және 
бұның үдемелі сипатта екенінің белгісі еді. 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
365
Осы сын-қатерлерді ескере отырып, 2017 жылдың 31 қаңтарында ха-
лыққа жасаған Жолдауымда әлемде болып жатқан күрделі құрылымдық 
және технологиялық өзгерістер біздің еліміз үшін өнімділікті арттыру жо-
лында кедергі келтіріп, әжептәуір шығынға да ұшыратуы мүмкін екенін 
ерекше атап өттім. Ақыр аяғында, Қазақстан экономикасының бәсекелестік 
қабілетін әлсіретуі мүмкін екенін де баса ескерттім.
Әлем Төртінші өнеркәсіптік революцияны да бастан кешуде. Ком-
пьютерлік технологиялардың барлық жерде таралуы, автоматтандыру 
мен роботтандыру, жасанды ақыл-ойдың дамуы – тұтастай салалардың 
жойылып кетуіне және олардың мүлдем жаңа түрлерінің жасалуына 
алып келуі мүмкін. Жаңа технологиялық революцияның негізі – эконо-
миканы сандық жүйеге көшіру, зауыттық үдерістерге «киберфизикалық 
жүйені» енгізу және жаһандық өнеркәсіптік желілердің дамуы. Герма-
ния, Қытай, АҚШ, Оңтүстік Корея сияқты дамыған елдер әлден-ақ жаңа 
интернет-инфрақұрылымдарға және жаһандық технологиялық стан-
дарттарға ірі қаржы көздерін құя бастады. Жаңа қаржы-технологиялық 
платформалар (Bitcoin криптовалютасы, Blockchain технологиясы) пай-
да болды, бұлар қаржы әлемін тұтастай өзгертуге талпынуда. 
Барлық осы инновациялық үдерістер әлемдік экономикада тың мүм-
кіндіктерге жол ашуда, алайда сонымен бірге жаңа, біз үшін тосын қиын-
дықтар да туғызуда. Жаңа технологиялық ахуал кезіндегі экономиканың 
өсуі жұмыспен қамтуды қысқарту арқылы жүргізіледі. Ірі аймақтарды қамти-
тын геоэкономикалық бәсекелестік күшейеді, көлемді интеграциялық және 
инфрақұрылымдық жобаларға кедергі келтіреді. Жаһандық және ұлттық 
өнеркәсіптік киберқауіпсіздік мәселесі күрделенеді. 
Бұл – уақытша дағдарыс емес, жаңа жаһандық ахуалды қалыптастыра-
тын жаңа трендтер екенін бағамдаудың мәні зор. 
Дамыған елдер төртінші өнеркәсіптік революцияға көшіп жатқан 
жағдайда Қазақстанның кенжелеп қалуы – біздің еліміздің әлемдік эко-
номикаға дендей енуін тежеп, отандық өнімнің тұтыну нарығын жоғалтуға 
әкеліп соғуы мүмкін. Жаңа ахуал Қазақстанға тосын оқиға болмас үшін мен 
жаһандық трендтерді сараптан өткізуді тапсырдым. Осылайша, біздің ел 
төртінші өнеркәсіп революциясына назар аударып қана қомай, өзгеріске 
ұшырап жатқан әлемге бейімделу стратегиясын да жасады. 
Жаһандық өзгерістердің жүріп жатқанынан хабардар бола отырып, 
мен әлемге жаңа экономикалық модель қажет екенін түсіндім. Сол себепті, 
2017 жылдың маусым айында өткен Х Астана экономикалық форумында 
мен осы мәселені көтердім. 


366
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Біріншіден, бүгінгі таңда халықаралық күн тәртібіне елдердің байлығын 
өлшейтін және олардың азаматтарының әл-ауқатын таразылайтын көрсет-
кіштер есебінің жаңа тәсілдері туралы мәселені қою керек. Біз жиі қолда-
натын көрсеткіш – ішкі жалпы өнім көрсеткішінің бірқатар кемшіліктері бар. 
ІЖӨ экономикалық қызметтің ұзақ мерзімді сипатын көрсете алмайды. Ол 
қоршаған ортадағы, соның ішінде табиғи ресурстардың тозуынан туын-
дайтын шығындарды көрсетпейді. Бұдан өзге, ол қандай да бір елдің өмір 
сапасының деңгейін де айқындай алмайды. Әрбір адамға шаққандағы ІЖӨ 
азаматтардың нақты тұрмыс деңгейін анықтамайды, олардың табыстары 
бойынша бір-бірінен алшақтығын көрсетпейді. Дәстүрлі ІЖӨ экономика-
лық гүлденудің жалған түсінігін қалыптастырады. 
Менің ойымша, «жасыл ІЖӨ» негізінде әлемдік қоғамдастық Адами 
даму индексі, ЭЫДҰ-ның үздік өмірі сияқты көрсеткіштерді қолдануда ІЖӨ 
есебінің жаңартылған тәсілін қабылдай алады. Ол елдің теңгерімді дамуын-
дағы қажеттілікті дұрыс көрсетуі тиіс.
Екіншіден, әлемдік қаржы архитектурасын трансформациялау қажеттігі 
пісіп-жетілді. Халықаралық есеп-төлем бірлігін енгізу мәселесін қарасты-
рудың мезгілі жетті. Ол әлемді валюталық соғыстар мен алыпсатарлықтан 
құтқаруға мүмкіндік береді, сауда қатынастарындағы кемшіліктерді бол-
дырмай, нарықтағы баға мөлшерінің құбылуын төмендетеді. 
Валюта тұтынушылардың билігіндегі эмиссияның қарапайым және 
ашық тетігіне ие болуы тиіс. Цифрландыру мен блокчейн сияқты техно-
логиялардың дамуын ескере отырып, жаңа есептік бірлік криптовалюта 
түрінде құрылуы мүмкін. Оның негізі абстрактілі сенім емес, нақты актив-
термен қамсыздандырылуы маңызды. Бұл валюта да демократиялы сипат-
та, яғни бүкіл әлем тұтынушыларының қолданысында болуы тиіс. Сондықтан 
да біздер G-Global-ды ұсындық, тек қана G-20 емес, мемлекеттердің басым 
көпшілігі осы маңызды жобаға қатыса алатындай жағдай қажет. Жаһандық ва-
лютаны ендіру орталық банктер пулдарын, мәселен, арнайы құрылған БҰҰ ко-
митетінде құру жолы арқылы мүмкін бола алады. Оның эмиссиясында барлық 
елдердің теңқұқықты және әділ өкілдіктері болуы тиіс. Мен жаһандық өлшем-
дегі жаңа экономикалық модельдің перспективасын тап осылайша көремін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет