НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет192/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   264
Конституциялық реформа: 
мемлекеттік билікті жаңғырту 
Конституциялық түзетулерді талқылауға 2 миллионға жуық адам қа-
тысты. Бірқатар баптар өте қызу пікірталас туғызды. Жұмыс тобына Кон-
ституция баптарының үштен екісіне 6 мың ұсыныс келіп түсті. 
2017 жылы 3 наурызда Парламент палаталарының бірлескен отыры-
сына қатысып, конституциялық түзетулерді талқылау нәтижелерін баянда-
дым: халық өз сөзін айтты, осылайша мемлекеттік билікті жаңғыртуға қол-
дау білдірді. 
2007 жылғы реформамен салыстырғанда бұл – саяси жаңғырудың 
барынша күрделі кезеңі. Біріншіден, жаңа заң Парламенттің мемлекет-
тік істердегі және Үкіметті жасақтаудағы рөлін барынша күшейтті. Екінші-
ден, Парламентке экономиканы басқару өкілеттілігі берілген соң, оның 
дербестігі артты. Үшіншіден, құқық қорғау және сот жүйесінің конститу-
циялық негізі жаңғыртылды. Төртіншіден, конституциялық бақылау жүй-
есі нығайды. Бесіншіден, басқару формасының тәуелсіздігіне, біртұтас-
тығына, аймақтық тұтастығына конституциялық кепілдік берілді. 
Жаңа Конституцияда алғаш рет Парламенттің «заң шығарушы билік-
ті» (49 бап) жүзеге асыратыны тұжырымдалды. Осылайша, президенттің 
құзырынан заңдар, заң күші бар жарлықтар шығару алынып тасталды, 


364
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Үкімет пен Премьер-министрдің актілерінің күшін жою және тоқтату 
құқығы жойылды. 
Конституциялық реформаның бүкілхалықтық талқылауы кезінде-ақ 
қоғамда Президенттің бірқатар өкілеттіктерінің Парламент пен Үкіметке 
берілуі президенттік биліктің әлсіреуіне әкеп соқпай ма деген қауіп болды. 
Дағдарыстан шығуды, елдің сенімді түрде дамуын президенттік билікпен 
байланыстыратын халық арасында түрлі пікірлер айтыла бастады. Бұл 
көңіл күйді біле отырып: «Мазасызданудың еш негізі жоқ, басқарудың пре-
зиденттік формасы сақталады», – деп сендіруді жөн көрдім. 
Конституциядағы өзгерістер тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан және 
өзін толығымен ақтаған күшті мемлекеттік вертикальды әлсіреткен жоқ. 
Билік тармақтары дербестігінің артуы, жауапкершілік пен кесіп-пішілген 
теңгерім мемлекеттік вертикальдың «діңін» одан әрі бекіте түсті. Сонымен 
қатар, Парламент өкілеттілігінің кеңеюі – саяси партиялардың жаңа мүм-
кіндігін молайта түсті. 
2017 жылдың 6 наурызында Парламент Қазақстан Республикасы Кон-
ституциясының 19-бабының 26 түзетуін қабылдады, ал 10 наурызда «Қа-
зақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар 
енгізу туралы» заңға қол қойдым. Жаңа өзгерістердің арқасында саяси 
жүйе демократияландырудың биік белестеріне көтеріледі. Сонымен бір-
ге, Қазақстан Республикасының негізгі іргетасы – басқарудың президенттік 
формасы болып қала береді. Билік барынша теңгерімді, икемді және тиімді 
бола түседі. 
Халықаралық құрылымдар, соның ішінде, Еуропа кеңесінің Венеция 
комиссиясы Қазақстандағы конституциялық реформаны жоғары баға-
лап, мемлекеттің либералдану үдерісіндегі және елдің саяси дамуындағы 
маңызды қадам деп атады. 
Осының бәрі 2017 жылдың қаңтар-наурыз айларында саяси жаңғы-
рудың қазақстандық моделінің жүзеге асқанын, сөйтіп менің 2017 жылғы 
қаңтардағы Жолдауымда белгіленген экономикалық және технологиялық 
жаңғырулардың одан әрі дамуына қажетті шарттар жасалғанын білдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет