НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет189/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   264
Ұлт жоспарын жүйелі орындау
2016 жылы 24 наурызда өткен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің 
бюро мәжілісінде сөз сөйлеп, жаңа шақырылымның депутаттарын – пар-
тиядағы серіктестерімді өздеріне көрсетілген сенімді ақтауға шақырдым, 
Ұлт жоспарын жүзеге асыру үшін олар ерекше жауапкершілік арқалайтын-
дарын да еске салдым.
Келесі күні алтыншы шақырылған Парламенттің бірінші сессиясы ашыл-
ды. Онда депутаттар бір жылға жетпейтін уақыт аралығында Бес институ-
ционалдық реформа шеңберінде қандай жұмыстар атқарылғанын талқы-
лады. 
Сессияда мен 2016 жылдың қаңтарынан бастап, Қазақстан 59 заңмен 
және 400-ден аса заңға тәуелді актілермен қамтамасыз етілген жаңа 
құқықтық және институционалдық ортада өмір сүруде екенін атап өттім. 
Кешегі күні тек жоспар болғандар бүгін шындыққа айналды – халық қалау-
лыларына қарата айтқан сөзім осы болды. 
Мемлекеттік аппараттың реформасы оны жаңа жағдайда жұмыс 
істеуге алып келді және өзекті мәселелерді шешуге дайындады. Мемле-
кеттік қызметтің мансаптық моделі мен кадрларды іріктеудің үш сатылы 
жүйесі сапалы өзгерістердің тетігіне айналды, бұлар жаңа аппараттық 
шешімдер форматында көрініс тапты, ал мемлекеттік қызметшілерді 
ұдайы аттестаттаудан өткізіп отыру олардың тиімділігін бақылады. 
Сот және құқық тәртібі жүйесі ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестендірілді 
және бұл оның құрылымына өзгерістер әкелді: жергілікті полиция қызметі, 
сондай-ақ жаңа инстанция – сот шешімдеріне шағым түсіру үшін Сот қазы-
лары пайда болды. 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
359
Экономика және еңбек қатынастары саласындағы заңнама отандық 
бизнеске қолайлы жағдай тудырды. «Бизнесті жеңіл жүргізу» рейтин-
гінде Қазақстан 189 елдің арасында 41-орынды, ал еңбек нарығының 
тиімділігі бойынша 140 елдің ішінде 18-орынды иеленді. Инвестициялық 
белсенділік артты, шетелдік инвесторларға «даңғыл жол» ашылды.
Қазақстандық бірегейліктің беки түсуі де маңызды болды. Қазақстан 
халқы Ассамблеясы алғаш рет азаматтық өкілдіктің қоғамдық қызметі, жаңа 
әлеуметтік лифт және қайырымдылық қоғамдастығы ретінде жұмыс істей 
бастады. ҚХА-да әлеуметтік-тұрмыстық негіздегі дау-жанжалдардың алдын 
алуы үшін медиацияның инклюзивті жүйесі құрылды.
Шаралардың арнайы кешені мемлекеттік институттардың ашықтығын 
арттыра түсті, қатаң есеп беру қағидаттарын енгізді. Бүкілхалықтық 
бақылаушы органдар ретінде қоғамдық кеңестер құрылды, мемлекеттік 
құрылымдар жетекшілерінің, әкімдердің және ұлттық жоғары оқу орын-
дары ректорларының атқарылған жұмыс туралы жыл сайынғы есеп беруі 
міндеттелді. Елді мекендердегі заңды тұлғалардан жерге және көлік құрал-
дарына салық жинау қызметі жергілікті өзін-өзі басқару деңгейінде берілді. 
«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы «бір терезе» қағидаты бой-
ынша ХҚО базасында жұмысқа кірісуге дайындала бастады.
Осы оң өзгерістер Ұлт жоспары қоғамдық келісім мен тұрақтылықты 
нығайтуға, жаңа жаһандық ахуалда Қазақстан экономикасын дамытуға жұ-
мыс істеуде, бұл бізді жүзжылдықтағы басты мақсатымызға – отыз көш-
басшы елдің қатарынан табылуға жақындатады, біздің қоғамымызды күшті, 
лайықты және сенімді етеді деп 2016 жылдың наурызында қорытынды жа-
сауыма негіз болды.
Бес реформаның әрқайсысын жүзеге асыру менің жеке бақылауымда 
болады. 2017 жылдың 25 тамызында Жаңғыру бойынша ұлттық комиссия-
ның қызметіне байланысты жиналыс өтті, онда мен Ұлт жоспарының аса 
маңызды аспектілеріне назар аударттым және биліктің барлық тармақтары 
алдына нақты тапсырмалар қойдым.


360
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет