НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет79/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   264
Жоғары мектеп: өзгерістер уақыты 
Жоғары білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер болды. Бұл нағыз өз-
герістердің – жоғары оқу орындарын жаңғырту және олардың мазмұнын 
жаңарту кезеңі еді. 
1996 жылы үшжүзден астам мамандықты қамтитын Жоғары білім беру-
дің жаңа жіктеуіші бекітілді.
Жоғары оқу орындарын біріктіру мен қайта құру қарқынды жүргізілді. 
Жаңа факультеттер мен кафедралардың құрылуы жалғаса берді. Жоғары 
оқу орындарының ғылыми институттармен, колледждермен, гимназия-
лармен, нақты өндіріспен ынтымақтастығы дамыды. 
Халықаралық байланыстар нығайып, ынтымақтастық туралы келісім-
шарттар жасалды. Сол жылдары Жоғары мектептің халықаралық ғылым 
академиясының рөлі елеулі болды. Жоғары оқу орындарында оқу 
жоспарларына және бағдарламаларына тәжірибелер жүргізілді. Білім 
беру үдерісінің әртүрлі – блоктық, рейтингтік, модульдік, кредиттік ны-
сандары қолданылды. 
Бакалавриаттың енгізілуімен бесжылдықтан төртжылдық оқытуға көшу 
жүзеге асырылды. Жоғары оқу орындарының арасында талапкерлер үшін, 
магистратура, аспирантура, диссертациялық кеңестерді ашу үшін бәсеке-
лестік басталды. 
1990-шы жылдардың екінші жартысындағы жоғары мектеп, сол кездегі 
қиыншылықтарға қарамастан, үздіксіз бастамашылық, шығармашылық із-
деністе болды. Жоғары оқу орындарының, факультеттердің, кафедралар-
дың ғылыми-білім беру қызметі жаңа деңгейге көтерілді.
Мен Мемлекет басшысы ретінде жоғары мектепте оң үдерістерді ын-
таландыруға бар күш-жігерімді жұмсадым. Сонымен бірге, елімізге халық-
аралық стандарттарға барынша жақын озық университеттердің керектігіне 
еш шүбәм болған жоқ. 
Мемлекеттік жоғары оқу орындарымен қатар, жекеменшік оқу орын-
дары пайда болды. Егер 1995 жылы мемлекеттік емес жоғары оқу орында-
ры жалпы жоғары оқу орындары санының 30 проценті болса, 1998 жылы 
олардың үлесі 53 процент болып үлгерді. Халықаралық үлгілерге бағыт-
талған жаңа университеттер ашылды. 1996 жылы Алматыда (Қаскелең) 
С. Демирел атындағы жеке мәртебесі бар университет ашылды. 1999 жылы 
жеке бастама бойынша Алматыда Қазақстан-Неміс университеті ашылды. 
Сонымен қатар, мамандандырылған академиялар ашылды. Алматыда 
СІМ дипломатиялық академиясы (1996 жылы) құрылды, Ақмола облысын-
да Салық полициясы академиясы (1999 жыл) жұмыс істей бастады. 


158
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
1998 жылы Алматыда Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебінің 
және Біліктілікті арттыру институтының базасында Қазақстан Республикасы 
Президентіне қарасты Мемлекеттік қызмет академиясы құрылды. Кейіннен 
Мемлекеттік қызмет академиясы мен Дипломатиялық академия Астанаға 
көшірілді.
1998 жылы жоғары оқу орындарында 250 мың студент оқыды (33 про-
центі – қазақ тілінде және 67 проценті – орыс тілінде оқытатын топтарда), 
соның ішінде мемлекеттік бюджет есебінен – 164 мың адам білім алды. 
Жоғары оқу орындарына түсу конкурсы жоғары болып қала берді. Бұның 
өзі жоғары білімнің артықшылығын дәлелдей түсті.
Алайда көптеген білім ордалары, әсіресе жекеменшік жоғары оқу орын-
дары тек жекелеген мамандық иелерін – «экономист», «заңгер» дайындау-
ды жүзеге асырды. Бұл арада елдің нақты қажеттіліктері ескерілмеді.
Көптеген жекеменшік жоғары оқу орындары нормативтік талаптарға сай 
келмеді. Атағы жер жаратын кейбір мемлекеттік емес жоғары оқу орында-
рының жағдайлары, кадрлары, кітапхана қоры болған жоқ. Нәтижесінде 
жоғары оқу орындарына қойылатын жалпы талаптарға жауап бере алмай-
тын кейбір жекеменшік жоғары оқу орындарының лицензиялары қайта-
рып алынды.
1999 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыс негізінде білім беру грант-
тары мен кредиттері конкурстық жолмен ұсынылатын студенттер контин-
генті қалыптаса бастады. Бірыңғай тестілеуді жүргізу үшін Республикалық 
тестілеу орталығы құрылды. 
Байқау әр мамандық бойынша, тұтастай алғанда ел бойынша жүргізілді, 
бұл болашақ студенттің мамандықты ғана емес, нақты жоғары оқу орнын 
да таңдауына жол ашты. 1999 жылы 52 мемлекеттік жоғары оқу орнына 
жаңа ережелер бойынша 7 мыңнан астам талапкер түсті. 
Сол кезде Қазақстан жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім 
берудің үш деңгейлі жүйесіне көшті: бакалавриат, магистратура және док-
торантура. Бұл ретте аспирантура мен докторантурада ғылыми кадрларды 
дайындау бұрынғы жүйе бойынша жүргізіліп отырды. 
Білім беру саласындағы қарқынды реформа Қазақстанның жоғары білім 
беруді үйлесімге келтірудің еуропалық үдерісі – Болонья процесіне қо-
сылуына алғышарттар туғызды.
Осылайша, қазақстандық жоғары білім беру жүйесі бәсекеге қабілеттілікті 
арттыруға және мамандар даярлауды жас мемлекеттің нақты экономикалық 
қажеттіліктеріне бейімдеуді бұрынғыдан да жақсартуға бағыт алды. 
Бұл кезең, бір жағынан, осы саланы түпкілікті либералдандыру (білім 
беру жүйесінің мемлекет иелігінен алынуы), екінші жағынан, білім берудің 


ҰЛЫ БЕТБҰРЫС. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
159
барлық сатысында оқыту сапасын жақсарту, отандық жоғары оқу орында-
рын әлемдік стандарттарға қарай «тарту» сияқты ерекшеліктермен сипат-
талады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет