НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Ғылым: тығырықтан шығу жолын іздеу



Pdf көрінісі
бет80/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   264
Ғылым: тығырықтан шығу жолын іздеу
1990-шы жылдардың екінші жартысындағы экономикалық қиындықтар 
мен бюджеттің мүмкіндігі шектеулі болуына қарамастан, мемлекет отан-
дық ғылымға қолдау көрсетуге, оны дағдарыстан алып шығып, жаңа дең-
гейге көтеруге ұмтылды. Менің 1996 жылдың наурызында қабылдаған 
Жарлығыммен Ғылым академиясы, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдар 
академиясы мен Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі Үкіметтің 
құрамындағы орталық атқарушы органға: Ғылым министрлігіне – Ғылым 
академиясына бірікті. 
Сол жылдың мамыр айында Алматыда жетекші ғалымдар, министр-
ліктер, ірі компаниялар мен өңір басшыларының қатысуымен, ғылы-
ми-техникалық даму мәселелері бойынша кеңейтілген республикалық 
кеңес өтті. 
Ғалымдардың пікірінше, жаңа нарықтық жағдайларға ең сай келгені – 
ғылымды қаржыландырудың бағдарламалық-нысаналы әдісі болды. Бюд-
жет ақшасынан үміткер жобалар халықаралық ғылыми қоғамдастықтағы 
көпшілік мақұлдаған нысандар бойынша мемлекеттік сараптамадан өт-
кізіле бастады. Сонымен бірге, ғылыми талдамаларды басқа елдерге сату 
және халықаралық гранттар сияқты басқа да сыртқы қаржыландыру көз-
дері болды. 1996 жылы, осылайша, ғылым саласына 12 миллион доллардай 
қосымша қаржы тартылды.
1996 жылдың маусым айында республикалық Ғылым академиясы өзінің 
50 жылдығын атап өтті. Осы жағдайға байланысты өткен салтанатты жиын-
да сөйлеген сөзімде, мен «ғылым саласында болған өзгерістердің Ака-
демияға үлкен жауапкершілік артатынын – оны батыл ойлар генераторы 
болып, инновациялық жобаларды әзірлеуде жетекші рөл ойнауға міндет-
тейтінін» ерекше атап өттім.
Өкінішке қарай, Академия бұл міндеттерді орындай алмады және көп 
ұзамай барлық ғылыми саланы қайта ұйымдастыру керектігі белгілі бол-
ды. 1999 жылы академиялық институттардың барлығы Ғылым және жаңа 
технологиялар министрлігінің қол астында қалып, Ғылым академиясының 
құрамынан шығарылды. Академияның өзі ғалымдардың қоғамдық бір-
лестігі болып қайта құрылды. 


160
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Жалпы алғанда, 1990-шы жылдардың соңында қазақстандық ғылым аса 
қанағаттанғысыз жағдайда болып қала берді. 1998 жылға қарай ғылыми 
мекемелердің штаттары үш есе дерлік, республикалық бюджеттің ғылыми 
талдамаларға жұмсалған шығындары алты еседен астам қысқарды. Осыған 
байланысты қазақстандық ғалымдар патенттейтін өнертабыстар, сондай-ақ 
олардың, әсіресе шетелдік басылымдардағы ғылыми жарияланымдары-
ның саны күрт азайды.
Ғылыми ұйымдардың саны 350-ге дейін өскеніне, сонымен бірге, бес 
Ұлттық ғылыми орталықтың құрылғанына қарамастан, ғылым саласындағы 
жағдай сол кезеңде айтарлықтай өзгерген жоқ.
Дәл осы кезеңде ғылыми жүйені сол уақыттың экономикалық талапта-
рына сәйкес жаңғырту жүргізілді. Ғылымды жүйелі дамыту мен оны тиісті 
нормативтік, кадрлық, инфрақұрылымдық және қаржылық тұрғыда қамта-
масыз ету үшін база құрылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет