НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Мәдениет пен тіл: әр алуандықтан – біртұтастыққа



Pdf көрінісі
бет81/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   264
Мәдениет пен тіл: әр алуандықтан – біртұтастыққа 
Мемлекеттің мәдени саясаты 1996 жылдың желтоқсанында «Мәдениет 
туралы» заң қабылданған соң, бірізді жүйеге түсті. Бұл құжат республика-
ның барлық этностарына мәдени құндылықтарды жасап, тарату, сондай-ақ 
өзінің тарихи және мәдени мұрасын қорғау үшін тең құқықтар мен мүмкін-
діктер берді. 
Мен үшін маңыздысы: 1990-шы жылдардың екінші жартысында қоғамы-
мыздағы барша қазақстандықтар бір экономикалық немесе саяси кеңістік-
те ғана емес, сонымен бірге, бір ғана мәдени кеңістікте тұрғанын терең 
түсіне бастады. Біз – кеңес дәуірінен кейінгі адамдар ғана емес, сондай-ақ 
жаңа мәдени қауымдастықты құрушылармыз.
Сонымен қатар, жалпыұлттық бірлік үшін Қазақстанның барлық этноста-
рының қазақ мәдениетін танып-білуі ерекше маңызды. Қазақтың тамыры 
терең бай мәдени дәстүрі Қазақстандағы басқа этностық топ өкілдері үшін 
әлі де ашылмаған құпия болып келеді. Құрманғазының сұлу сырлы күй-
лері, Мағжанның керемет лирикасы, Мұхтардың эпикалық прозасы, Шоқан 
ашқан таңғаларлық ғылыми жаңалықтар, Абайдың пәлсапалық ой-толғау-
лары осынау рухани байлықпен сусындаған әрбір адамның ішкі дүниесін 
байы татын сырлы әлем емес пе! Қазақ мәдениетінің осындай бай мұрасы-
ның тереңіне үңіліп, сырын түсінбейінше, халықтың жанын түсіну мүмкін 
емес. Мұндай байлықтан, «бұл өзге тілдің мүддесіне нұқсан келтіреді» деген 
шындыққа жанаспайтын сылтаумен бас тарту – мәдени үдерістің табиғатын 


ҰЛЫ БЕТБҰРЫС. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
161
түсінбеу деген сөз. Мәдени игіліктің материалдық игіліктен айырмашылығы 
неде? Мәдениет бастауынан сусындаушылар неғұрлым көп болған сайын, 
қайнар бұлақтың көзі де ашылып, молая түспек. Қазақ тілі мен мәдениетін 
танып-біліп, үйренем деушілер де сол қайнар бұлаққа ықыласпен бас қояр 
болса, тұтастығымыз нығая бермек.
Мен сондай-ақ, гуманитарлық салада айрықша мән берілуі тиіс бірне-
ше жайға үлкен парасат-пайыммен қарап, ішкі саясатымызды да сол не-
гізде құруымыз керектігіне нық сенімді болдым. Біріншіден, Қазақстанның 
этномәдени сан алуандығына көңіл бөлуіміз керек. Бұл – біздің рухани да-
муымызға серпін берер артықшылығымыз. Екіншіден, қазақ мәдениетінің 
барлық этностарды біріктіре алар үлкен әлеуетін пайдаланып, мол қазына-
сын танып-білу және заман талабына сай дамыту арқылы рухани бір арна-
да тоғыса аламыз. Үшіншіден, Қазақстандағы барлық ұлттардың мәдениеті 
– бір-бірімен тығыз байланысты әрі бірі-бірінен ажырамайтын мәдениет. 
Қазақстанның мәдени кеңістігінде түрлі этномәдениеттер қатарласа өріліп, 
бір-бірін толықтырып, дамып келеді. 
1999 жылдың сәуірінде белгілі қазақ жазушысы Медеу Сәрсекеевпен 
әңгімелесе отырып, мен тарихи естеліктің ұлттың өзіндік сана-сезіміндегі 
ерекше орны және елдің болашағы мен өткенінің арасындағы ажырамас 
байланыс туралы ойларымды ортаға салдым.
Өзіндік бай тарихы, тілі, діні бар халық, өткенін бүгінінен бөліп қарамау-
ға тиіс. Ол болашақта шығар биіктер мен алар асуларды айқын көре білуі 
тиіс. Тарихымызда ұлт мақтанышына айналған, ұрпаққа үлгі етер кемеңгер 
ұлдарымыз көп болған. Сондықтан да біз халықтың тарихи санасын қалып-
тастыруға, ұлттық тарихымыз бен мәдениетімізді терең зерделеуге ерекше 
назар аудардық. 
ХХ ғасырдың соңғы жылдарында бүкіл елде ұлттық тарихтың есте қа-
ларлық елеулі кезеңдеріне арналған мемлекеттік іс-шаралар жүргізілді. 
1997 жыл – Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске 
алу жылы, 1998 жыл – Бірлік және ұлттық тарих жылы, 1999 жыл Ұрпақтар 
бірлігі мен сабақтастығы жылы болып жарияланды.
Ел тарихынан ажыратып қарауға болмайтын халқымыздың аяулы ұлда-
рын еске алып, 1996 жылы – ақын Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығын, 1997 
жылы – жазушы Мұхтар Әуезовтің 100 жылдығын, 1998 жылы – күйші-ком-
позитор Құрманғазы Сағырбаевтың 175 жылдығын, 1998 жылы – ғалым және 
мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 125 жылдығын, 1999 жылы – көр-
некті ғалым, академик Қаныш Сәтбаевтың 100 жылдығын кеңінен тойладық.
Қазақ мәдениетіне, бай мұрасына, болашағына қамқорлық жасай оты-
рып, қазақ мәдениеті аясында әрбір ұлттың мәдениеті мен тілін сақтадық. 


162
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Сөйтіп, өзіміз негізге алған «әралуандықтағы біртұтастық» формуласының 
дұрыс тығына көз жеткізіп, жалпы мемлекеттік мәдени кеңістік қалыптастыр-
дық. 
Мемлекеттік және қоғамдық өмірдегі қазақ тілінің рөлі ұдайы артып 
отырды. Қазақ тілінің рөлін көтеруге 1996 жылдың қарашасында бекітілген 
Тіл саясаты тұжырымдамасы, сондай-ақ мен 1997 жылдың шілдесінде қол 
қойған «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заң көп ықпал етті. 1999 
жылдың шілдесінде қабылданған «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 
заң басқа міндеттермен бірге, елдегі барлық телерадио хабарларын тарату 
арналарына – жалпы көрсетілім уақыты басқа тілдердегі бағдарламалар-
дың жиынтық хронометражынан кем түспейтіндей етіп, бағдарламаларды 
қазақ тілінде жүргізуге міндеттеді. Осы норманың арқасында мемлекеттік 
тілде ақпараттық хабар тарату көлемі айтарлықтай ұлғайып, сонымен бірге 
қазақ тілді журналистердің қызмет аясы да кеңейе түсті. 
1998 жылы қайта құрылған Мемлекеттік терминология комиссиясы қа-
зақ лексикасының экономика, ғылым және мәдениетте белсенді түрде қол-
данылуына ықпал ете отырып, жұмысын жалғастырды.
Қазақ тілін оқып-үйренуге кіріскен және қазақ тілінің ауызекі сөйлеу 
дағдыларына машықтанған қазақстандықтардың саны жылдан-жылға арта 
түсті. Бұл ретте орыс тілі күнделікті өмірімізде – іс-қағаздар жүргізуде, мәде-
ниетте, бұқаралық ақпарат құралдарында және басқа да салаларда қолда-
ныстан шыққан жоқ. Біз Қазақстанда ең көп қолданылатын екі тіл – қазақ 
және орыс тілдерінің орнын дұрыс белгілей алдық. Сонымен бірге, көп 
ұлтты елімізде басқа тілдер де шеттетілген жоқ және шеттетілмек емес. 
Жоғарыда атап өткен, қайта құрылған мектептегі білім беру жүйесі 
оқушылардың көп ұлтты құрамын ескерді. 1999 жылы еліміздің мектеп-
терінде сабақ сегіз тілде: қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік, түрік, неміс және 
ағылшын тілдерінде жүргізілді. Этностардың тығыз орналасқан жерлерінде 
оларды ана тілінде оқыту ісі қолға алынды.
Елде телерадио хабарларын тарату он тілде жүргізіліп, жүзден астам 
этномәдени орталықтар мен қауымдастықтар жұмыс істеді. 40 кәсіби театр 
– бес тілде спектакльдер қойып, жиырма екі ұлт өкілдерінің жеті жүзден 
астам көркемөнерпаздар ұжымы өнерімен елге қызмет етті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет