НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет128/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Астана медициналық кластері
Мен біздің денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесінде міндетті түрде әлемдік 
деңгейдегі сапалы үлгінің болуы керек екенін айқын ұқтым. Сондай үлгі 
ретінде Астана медициналық кластерін құру жөнінде шешім қабылданды. 
Мен елордада барынша заманға сай медициналық орталықтар салып, ол 
жерлерде халықаралық деңгейдегі кардиохирург Юрий Пя секілді бірегей 
мамандарды жинау туралы тапсырма бердім.
Ұлттық медициналық холдинг 2008 жылдың мамырында құрылып, алты 
инновациялық құрылымды біріктірді – Ана мен бала Ұлттық ғылыми орта-
лығы, Республикалық балаларды оңалту орталығы, Республикалық диаг-
ностикалық орталық, Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы, 
Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы, Ұлттық 
ғылыми кардиохирургиялық орталық.
Халықты жоғары сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету 
бағытындағы біздің көреген стратегиямыздың арнасы бойынша құрылған 
Астана медициналық кластері Қазақстан халқына медицинаның жаңа стан-
дартын әкелді.
Бұған қоса, қол жеткізген табысқа тоқмейілсімей, алдымызға тағы бір 
үлкен мақсат қойдық. Ол – медициналық кластер базасында алдыңғы қа-
тарлы медициналық технологиялар мен сапа стандарттары негізінде ме-
дициналық қызметтердің сан түрін Қазақстан және шетел азаматтарына 
ұсынатын, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті «Болашақ госпиталін» 
құру. 
«Болашақ госпиталі» өз атауына толық сай келетінін дәлелдеп, денсау-
лық сақтаудың ұлттық жүйесін алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибенің 
трансфертімен қамтамасыз етеді, Қазақстандағы басқа бүкіл медициналық 
ұйымдар үшін эталон болады.
Солтүстік Аралды құтқару
Қордаланып қалған экологиялық мәселелер де өз шешімін күтіп тұрды. 
1990-шы жылдарға қарай Арал теңізі мен оның маңайындағы жерлердің 
жағдайы мүлде қиын болатын.
Экологиялық апат жергілікті тұрғындардың денсаулығына зияны мен за-
лалын әбден тигізген еді. Мыңдаған балықшы жұмыссыз, күнкөріссіз қал-
ды. Орталық Азия елдері қиын түйінді шешудің жолын іздеп, бірнеше рет 
халықаралық кездесулер өткізді. Алайда одан ешқандай нәтиже шыққан 


238
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
жоқ. Өлкенің адамдары мен экономикасына төнген қауіп барған сайын кү-
шейе берді. Осының бәрін түсінген мен бұдан әрі күтудің керегі жоқ деп 
шештім. Бастысы – құтқару мүмкін нәрсені құтқарып қалу еді.
2000-шы жылдардың басында Сырдария өзенінің суағарын реттеу және 
Аралдың солтүстік бөлігін сақтау жөніндегі жоба ұсынылды. Оның басты 
түйіні – теңіздің солтүстік бөлігін оның құрып бара жатқан басқа бөлігінен 
бөліп тастайтын, отыз шақырымға созылған Көкарал бөгетін салу еді.
2001 жылы Үкімет осы жобаны бірлесе қаржыландыру туралы 
Бүкіләлемдік банкке ұсыныс жасады. Ұсыныс қабылданды: Бүкіләлемдік 
банк 64 миллион доллар бөлді, ал 21 миллион доллар біздің республи-
калық бюджеттен алынды. 2005 жылдың тамызында бөгет толық салынып 
бітті. Келесі жылы-ақ Кіші Арал жобада белгіленген межеге дейін толды.
Теңіз суы оның құрғақ түбінің 870 шаршы шақырымын жапты, бұл Арал 
маңындағы экологиялық ахуалды жақсарта түсті. Судың минералдануы ай-
тарлықтай азайды, ондағы балық қорын қайта қалпына келтіру үшін бұл 
өте маңызды еді. Сол кезде басталған өнеркәсіптік негізде балық аулау 
көлемі біртіндеп артып келеді.
Жүзеге асқан жобаның арқасында Арал жағалауында қайтадан қарба-
лас өмір басталды. Арал теңізінің түбегейлі жойылып кетуіне жол берген 
жоқпыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет