НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет124/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Ауыл шаруашылығының еңсе көтеруі 
2000-шы жылдары мемлекеттік аграрлық саясатты жүзеге асыру 
қарқынды жүре бастады, ал бұл белсенділік ауыл шаруашылығындағы 
нақты ахуал дың біртіндеп жақсара түсуіне алып келді.
Жаңа онжылдықтың алғашқы жылдарында-ақ Қазақстандағы ауыл ша-
руашылығының өсімі орта есеппен 8 проценттен асты. Бұл Шығыс Еуропа 
және ТМД елдерінің арасындағы ең үздік өсім еді. 2003 жылы астық ору 
1991 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге өссе, күнбағыс – 3 есе, шитті мақта – 
үштен бір бөлігінен астам арта түсті.
Ауыл шаруашылығына және ауыл тұрғындарына қолдау көрсету үшін 
мен 2003–2005 жылдарды ауылды өркендету жылдары деп жарияладым. 
Қаражаттың едәуір бөлігі ауыл инфрақұрылымына және әлеуметтік салаға 
бағытталды. Мемлекеттің көмегіне сүйене отырып, ауыл шаруашылығы 
дағдарыс құрсауынан шықты және қалыпты нарықтық даму жағдайына 
көшті.
Қазақстан жедел қарқынмен әлемдегі ең ірі астық өндірушілердің қа-
тарына ене бастады. Бұған Қазақстан бидайының басым бөлігі сапасы 
жөнінен бидайдың «Қара теңіз» аталатын стандартты сортынан әлдеқайда 
артық екені себеп болды. 2007 жылы Қазақстан әлемде бидай экспорттау-
дан – жетінші орын, бидай ұнын экспорттаудан бірінші орын алып, бұл са-
ладағы көрсеткіштері жөнінен Түркияны артта қалдырды. Қазақстан ұнын 


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
231
негізгі тұтынушылар – Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Ауғанстан. 
Сарапшылардың есептеуіне қарағанда, Өзбекстандағы әрбір бесінші, ал 
Тәжікстандағы әрбір екінші нан қазақ бидайынан пісіріледі екен.
Әлемдік нарықта Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұра-
ныс арта түсті. Диқандар жаңа дақылдар өсіруді игере бастады. Күнбағыс 
майының, терінің және жүннің экспортқа шығарылуы өсе берді. Мал шаруа-
шылығының дамуында да өрлеу байқалды. 2007 жылы жалпы өсімдіктен 
және малдан алынатын өнімдерді экспорттау 2004 жылмен салыстырғанда 
2,5–3 есе өсті.
Қазақстандықтардың әл-ауқатының жақсаруы ауыл шаруашылығы 
өнімдеріне сұраныстың артуына сеп болды. Агроөнеркәсіптік кешенге 
салынған инвестиция үш есе ұлғайды. Мыңдаған жаңа жұмыс орындары 
ашылды.
Агроөнеркәсіптік кешенді тиімді басқару үшін 2006 жылы «ҚазАгро» 
Ұлттық басқару холдингі құрылды. 2007 жылғы Жолдауда мен «ҚазАгро-
ның» негізгі міндеттері – ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілік дең-
гейін және өнімділігін жүйелі түрде көтеру, экспорттық әлеуеті бар өндіріс-
терді қаржыландыру екенін атап көрсеткенмін. 
Үкімет үнемі қазақстандық аграршылардың есіне мынаны салып отырды: 
Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) енуіміз отандық ауыл шаруашылығы-
ның бәсекеге қабілетті болуын қатаң талап ететіні сөзсіз. Бұған алдын ала 
дайын болған жөн.
Агроөнеркәсіптік кешен ақырында өзінің орасан зор әлеуетін то-
лығымен жүзеге асыра алды: 2000-шы жылдардың ортасына қарай экс-
портқа шығарылған ауыл шаруашылығы өнімдері импорттан 35 процентке 
асып түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет