НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет179/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

«ҚАЗАҚСТАН-2030» СТРАТЕГИЯСЫН 
МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ОРЫНДАУ. 25 БАСТЫ НӘТИЖЕ


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
337


338
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ


ІV БӨЛІМ


ҚАЛЫПТАСҚАН 
МЕМЛЕКЕТ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ 
ЖАҢҒЫРУЫ 2010ШЫ ЖЫЛДАР


342
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
1. ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ АХУАЛ
ЖАҢА БАҒДАР. «ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ
«Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің стратегиясы
Ә
ртүрлі тарихи кезеңнің өзіне тән стратегиясы болады. Дегенмен
2012 жылғы 14 желтоқсандағы халыққа Жолдауымдағы «Қазақстан-2050» 
cтратегиясы ХХІ ғасырдың екінші онжылдығының бас кезіне ғана қатысты 
емес, ол ұлттық тарихымыздағы жаңа дәуірдің қақпасын ашты.
Жолдаудың қағидатты негізі болған күмәнсіз фактісі: Қазақстан – қалып-
тасқан мемлекет. Тек қалыптасқан мемлекет қана алдағы көптеген онжыл-
дықтарға бағытталған және тіпті тұтас ғасырды қамтитын стратегияны жүзе-
ге асыруға қабілетті бола алады. «Мықты мемлекет – күнкөріс саясатымен 
емес, жоспарлау саясатымен, ұзақ мерзімді дамумен және экономикалық 
өсумен айналысады» – cтратегияда айтылған бұл сөздер оның алғышар-
тын дәл айғақтайды.
Мен 2010-шы жылдардың басында дағдарысқа қарсы іс-қимылға ең 
бірінші кезекте көңіл аудара отырып, стратегиялық перспективаны да 
ешқашан назардан тыс қалдырған жоқпын. Жаңа стратегияны қабылдау-
дың уақыты жақындап қалғанын жақсы сезіндім. Өйткені, 2030 стратегия-
сының негізгі мақсаттары мерзімінен бұрын жедел түрде жүзеге асырыл-
ды. Қазақстан озық шығып, әлемдегі экономикасы ең дамыған елу елдің 
қатарына енді. Тәуелсіздіктің екінші онжылдығы аяқталып, оның үшінші он-
жылдығының жаңа тарихы басталды. Жеңіспен жігерленген қоғамға жаңа 
биіктіктерді бағындыру үшін айқын бағыт қажет болды. 
ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығында әлем жаңа, бұрынғыға мүлде ұқ-
самайтын, тұрақсыздық дәуіріне қадам басты және түбегейлі өзгерістерге 
ұшырай бастады. Саяси қақтығыстар, төңкерістер, соғыстар және террорис-
тік актілер планетаны аяусыз азаптады. Қалыпты дүние құрылымы көз ал-
дымызда күйреп түсті, жаңа жаһандық ахуал салтанат құрды. Осынау мың 
құбыла жүйткіген бүкіл әлемдік ортада жеңіске жеткізетін – тек қана же-
делдете оза даму стратегиясы және жаңа ұлттық уақыт өлшеміне ұмтылыс 
болары анық. 
Менің тапсырмам бойынша, дамып келе жатқан жаһандық үрдістерге 
талдау жасайтын жұмыс тобы құрылды. Оның алдында, болжамдар но-


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
343
байы негізінде, еліміздің дамуының ұзақ мерзімді әмбебап стратегиясын 
жасап шығу міндеті тұрды. Бұл жерде ақырғы шешімді өзім қабылдадым. 
«Қазақстан-2050» стратегиясының бұрынғы бағдарламалардан түбе-
гейлі айырмашылығы уақытының аса ұзақтығында еді – меже 2050 жыл бо-
лып белгіленді. Бұл меже кездейсоқ таңдалған жоқ: БҰҰ-да Қазақстанның 
тікелей қатысуымен өркениетті дамытудың 2050 жылға дейінгі жаһандық 
болжамы дайындалған болатын. Еліміз – ұзақ мерзімді, ғасырымыздың 
ортасына дейін белгіленген ұлттық стратегиямен жарақтанған бірінші ел 
болды.
Жаңа бағыт туралы Тәуелсіздік күні қарсаңында – 2012 жылдың 14 жел-
тоқсанында жариялануы да кездейсоқтық емес. Өйткені ерекше тарихи 
маңызды Жолдау – еліміздің ең басты мемлекеттік мейрамы қарсаңында 
әр қазақстандықтың жүрегіне жетуі қажет еді.
Мені бұл стратегиядан әр адам өзінің және балалары мен немерелері-
нің болашағының жобасын көрсе деген тілек құлшындырды. Сондықтан да 
мен еліміз үшін стратегиялық мәні бар бұл құжатта көкжиектен қол бұлғаған 
қазақстандық арман-аңсарға апарар жолды көрсетуге тырыстым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет