НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет195/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Қоғамдық сананы жаңғырту. 
«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы
Конституциялық реформа мен Жолдаудан соң іле-шала қоғамдық са-
наны жаңғырту мәселелері қойылды. «Рухани жаңғыру» деген әдемі атау 
иеленген бағдарлама менің көкейімде ұзақ жүріп, әбден пісіп-жетілген еді. 
Өз ойларымды 2017 жылдың 12 сәуірінде жарияланған «Болашаққа бағдар: 
рухани жаңғыру» атты көлемді мақаламда ортаға салдым. Ондағы негізгі ой 
– бастау алған саяси және экономикалық жаңғырулар оза жүретін қоғам-
дық сананың жаңғыруымен қоса-қабат жүруі тиіс, бұл оларды толықтырып 
қана қоймай, олардың өзегіне айналуы керек. 
Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – өз мәдениетіңді, өзіңнің 
ұлттық кодыңды сақтау. Сондықтан да жаңа жаңғыру – бұл тарлан тарихтың, 
жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді са-
бақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы. Сонымен бірге, рухани жаңғы-
ру – ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра 
алатын құдіретімен маңызды.
Мен үшін рухани жаңғырудың тұтастай түсінігін қалыптастыру ерекше 
маңызды болды. Бағдарлама екі – тұжырымдамалық және тәжірибелік 
компоненттерден тұрады. 
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының бірінші тұжырымдамалық 
«ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы» тарауында қоғамды тұтастай алған-
дағы жаңғырудың әрі әрбір қазақстандықтың жаңғыруындағы алты бағыт 
талданған. 
Бірінші – бәсекелік қабілет. Бәсекелік қабілетке ие болу үшін, қазақстан-
дықтардың бойында ХХІ ғасырға аса қажет қасиеттер болуы керек. Бұл, 
алдымен, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық. 
Екінші – прагматизм. Бұл – нақты әрі шынайы мақсаттарды көздеу, ысы-
рапшылыққа жол бермей өмір сүре білу, білімді алдыңғы қатарға қою, са-
ламатты өмір сүру және кәсіби табыстарға жету. Бұл – жүзеге аспайтын ша-
лағай жоба идеологиясына, популизм мен көзбояушы ысырапшылдыққа 
қарама-қарсы сенімді құрал. 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
369
Үшінші – ұлттық бірегейлік. Сананың жаңғыруы ұлттық рухты сақтауды және 
нығайтуды көздейді. Алайда алға жылжу үшін мейлінше көнерген, жаһандық 
әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу керек. 
Төртінші – білімнің салтанат құруы. Білім – табыстың іргелі факторы
нөмір бірінші ұлттық басымдық. Жаңа технологиялық революция жағдайға 
тез бейімделетін және мамандығын икемді түрде өзгерте алатын аса білімді 
адамдарды қажет етеді. 
Бесінші – революциялық емес, эволюциялық даму. ХХ ғасыр тарихы 
дәлелдегендей, «тек эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік 
береді». Сондай-ақ эволюциялық даму – жеке тұлғаның да дербес бағда-
рына айналуы тиіс. 
Алтыншы – сананың ашықтығы, яғни әлемде болып жатқан оқиғалар-
дан хабардар болу; жаңа технологиялық жөн-жосық ұсынатын өзгерістер-
ге дайын болу; өзгелерден оқып-білуге, озық тәжірибені үйренуге қабілетті 
болу. Сананың ашықтығының маңызды тетігі мен шарты – жаппай ағыл-
шын тілін білу. 
Мен өзімнің мақаламда күшті де жауапты адамдардың біртұтас ұлт 
болып ұйысуы үшін болашаққа бірге қадам басуды, қоғамдық сананы өз-
гертуді ұсындым. Бұл – менің халыққа тікелей қарата айтқан сөзім, әрине, 
бірінші кезекте жастар тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет