Жаңа экономикалық ахуалға лайық әлеуметтік саясат 2014 жылғы қаңтардағы Жолдауымда мен болашаққа үлкен сеніммен
қарадым: 2050 стратегиясы айқын шамшырақ секілді басты мақсатымыздан
көз жазбай, азаматтарымыздың күнделікті тіршілігінің мәселелерін шешуге
мүмкіндік береді. Бұл – біздің 30-50 жылда емес, жыл сайын халық тұрмы-
сын жақсартатынымызды білдіреді. Менің ойымша, нақ осы әлеуметтік көңіл
күй Қазақстанның басты стратегиялық мақсатының – әлемнің дамыған отыз
елінің қатарына қосылуының маңызды көрсеткіші болуы тиіс.
2015 жылы қарашада мен көп жылдар бойы экономикалық өсім бел-
сенді әлеуметтік саясатты жүргізуге елеулі ықпалын тигізгенін еске салдым.
Қазақстандықтардың әл-ауқаты тіпті дағдарыстар кезінің өзінде өсумен
болды. Он жылдың ішінде әлеуметтік салаға бөлінетін шығындар 3 есеге
өскен. Жәрдемақылар мен төлемдерді 1,5 миллион азамат тұрақты түрде
алып тұрды.
Әлеуметтік саясатқа 2014-2015 жылдардағы әлемдік дағдарыс жағдай-
ында ерекше көңіл бөлінді.
404
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Жаһандық тұрақсыздық жағдайында әлеуметтік саясатты ойлауға мұрша
да болмайтын сияқты. Алайда менің ұстанымым бұған қарама-қарсы еді.
2015 жылғы қарашадағы Жолдауымда біз ештеңеге қарамастан, тұрғындар-
ды әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруды жалғастыра беретінімізді
атап өттім. Сондай-ақ 2016 жылдың қаңтарынан бастап денсаулық сақтау,
білім беру және «Б» корпусындағы қызметкерлердің айлығы 30 процентке
дейін, ал әлеуметтік қызметшілердікі 40 процентке дейін өсірілетінін ха-
барладым. Мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандардың әлеуметтік
жәрдемақылары, сондай-ақ студенттердің стипендиялары 25 процентке
өсірілетін болды. Мемлекет ең қиын жағдайдың өзінде халық алдындағы
әлеуметтік міндеттемелерін орындауды жалғастыра берді.
Жаңа экономикалық ахуал жағдайында Үкімет алдында жаңа әлеумет-
тік саясатты жасау міндеті тұрды. Әлеуметтік салада мемлекетке екі қызмет
жүктелді: адам капиталына тартылатын инвестиция және әлеуметтік тұрғы-
дан аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету. Бұдан басқалары өз еңбек-
терімен табылуы қажет.
Ұлт жоспары бойынша әлеуметтік жәрдем белгілі бір адамдарға бағыт-
талады, табыстары отбасындағы әр адамға шаққанда, күнкөрістік мөл-
шердің тең жартысынан төмен болған отбасыларға беріледі. Бұл ретте жұ-
мыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына қатысқандығы
туралы әлеуметтік келісімшарт жасалады.
Дағдарысқа қарсы белсенді әлеуметтік саясат өзінің жақсы нәтиже-
лерін бере бастады: 2016 жылы жұмыссыздықтың өсуі тоқтатылды. Бюд-
жеттік түсімдердің қысқартылуына қарамастан, Үкімет өзінің барлық әлеу-
меттік міндеттемелерін орындап шықты. Бюджеттегілердің еңбекақысы
және жәрдемақылар ұлғайды. Ең төменгі еңбекақы (күнкөріс минимумы)
2010 жылдан 2016 жылға дейін 65 процент өсті. Аймақтардың әкімдері жұ-
мыс орындарының сақталу мәселесін бақылауда ұстады және кәсіпорын-
дардың тоқтаусыз жұмыстарын қамтамасыз етті.
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға тікелей көмек ретінде 2016 жылы
1,5 миллиард теңге бөлінген. Жарты миллион көпбалалы отбасы мемле-
кеттік жәрдемақы алды. Он жылдың ішінде бала туғанда берілетін жәрдем
ақшаның көлемі 6 есе, ал баланы күтуге байланысты берілетін жәрдем 4
есе артты. 2017 жылы бала туғанда берілетін жәрдемнің көлемі және зей-
нетақы төлемдері 20 процентке өсті.
«Нұрлы жол» бағдарламасы және «Бизнестің жол картасы-2020»
жаһандық дағдарыс жағдайында өзінің әлеуметтік салаға бағытталуы
жағынан ерекше маңыздылыққа ие болды. Осы бағдарламалар бойынша
инфрақұрылымдық жобаларға бөлінетін барлық қаржы қазақстандықтар-
дың игілігіне жұмсалуы керек.
ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
405