Абайдың АҚындық



Pdf көрінісі
Дата14.12.2022
өлшемі0,72 Mb.
#57291


АБАЙДЫҢ АҚЫНДЫҚ
МЕКТЕБІ
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология институты
С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Орындаған: Ерболат Аяулым


Абайдың ақындық мектебі

Оның кейінгі әдебиетке әкелген жаңашыл дәстүрлері мен
сол әдеби үлгі-өрнектерді жалғастырып, дамытушы ізбасар
ақындардың әдебиеттегі орнын айқындайтын, сол арқылы
кемеңгердің тағлым беруші ұстаздық қырын танытатын
қазақ әдебиетіндегі ерекше құбылыс.

Ұлы Абайдың маңайына шоғырланған талантты жастар
туралы айта келіп, М.Әуезов: “…Ондай ақын төртеу. Оның
екеуі Ақылбай, Мағауия-Абайдың өз балалары. Қалған
екеуі Көкбай,Шәкәрім. Осы төрт ақын Абайдың толық
мағыналы шәкірттері


Абай айналасындағы шәкірттердің ішіндегі
ең таланттысы- Ақылбай
Бірде ауылына келген Долгополовқа Абай өзі туралы да, балалары
туралы да сын айтуын өтінгенде, ол Ақылбайды : “Жай ұғады, шабан
қозғалады. Бірақ ұққаны мен алғанын қайтып жоғалтпайтын өнімі
бар талант иесі. Тек онысын су түбіне кетіріп жүрген-жалқаулығы”
дейді.

“ Дағыстан”; “Зұлыс”; “Жарақ батыр” атты поэмалар жазды

Әуезов 1923ж “Сана” журналының 2-3 сандарында Абайдың
жарияланбаған өлеңдерінің қатарына “Зұлысты” да бастырды

1918ж “Абай” журеалының 5-санында “Дағыстанның” үзінлісін
жариялайды


Мағауия Абайұлы
Әдебиет тарихында Абайдың ақындық дәстүрін бойына мол
сіңірген ақын. Нәзік лирикалық өлеңдер шығару, сюжетті поэмалар
жазуды әкесі Абай ақынның өнегесінен алды
Абайдың ақылымен бірнеше поэма жазды

“Еңлік-Кебек”

“Абылай”

“Медғат-Қасым”
Образдарды бейнелеуде, өткеннің қараңғылығын сынауда
адамгершілікті ең үлкен мақсат етіп қойған “Еңлік-Кебек” поэмасы
өз уақытындағы бағалы еңбек болды


Көкбай- он- он бес жасынан айналасына өткір тілді, өжет,
суырып салма ақын ретінде таныла бастайды. Шәкірттерінің
ішінде Абайдың өлеңдеріне аты кірген жалғыз Көкбай болса,
ұстазына ең көп жыр жолдарын арнаған да сол. “ Семейге Абай
келсе бізге думан”; “ Абайдан сабақ алдым бала жастан” ; “
Жаннатта жаның болғыр Абай құтып” тб
Оның “Дүтбайға” ; “Күлембайға” сияқты өлеңдері Абай
үлгісіндегі сыншылдық сипатта жазылған.
Көкбайдың “Сабалақ”; “Құлынды”; “Қандыжап”; Ғаділ патша
қиссасы”; “Арон Рашид қиссасы” дастандары белгілі.
Көкбайдың ақындық дарынына М.Әуезов жоғары баға берген.
Көкбайдың өлеңдері мен айтыстары “XX ғ қазақ поэзиясы”;
“Айтыс”; “ Абайдың ақын шәкірттері” жинақтарына енді


Шәкәрім Құдайбердіұлы

Абаймен замандас інісі әрі ол негізін салған реалистік әдебиеттің жалғастырушысы

“Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде қсзақ ішінде Абай деп
атайды, сол кісі мұсылманшаһәм орысша ғылымғажүйрік һәм Алланың берген ақылы да
бұл қазақтан бөлек дана кісі еді. Ер жеткен соң сол кісіден тағлым алып, әртүрлі кітаптарын
оқып, насихатын тыңдап, аз ғана ғылымның сәулесін сездім”

Абай тәрізді Шәкәрімнің де ақын ретінде ұсақ-түйек міндерді сынаудан бастап, өз кезінің
күрделі әлеуметтік мәселелерін көтеруге дейінгі аралықтағы терең ойлары, парасатты
тұжырымдары сайрап жатыр. “Ескіден қалған сөз теріп”; “Сәнқойлар”; “Қалжыңшыл
қылжақбас”; “Еріншек”; “Құмарлық”; “Бір салмойын сал келер” сияқты өлеңдерінде ақын
замандасьарының бойындағы ірілі-ұсақты кемшіліктер сыналады.

“Ашу мен ынсап”; “Шаруа мен ысырап”; “Анық пен танық”; “Ер қоспақ пен сөз сөйлемек”;
Мақтау мен сөгіс”; “Дүние мен өмір”; “Міндеу мен күндеу” сияқты бірқатар өлеңдерінде
Шәкәрім айналасына сын көзбен қарай отырып, заманның шынайы суретін жасайды. Бұл
тұста да ол Абаймен сабақтас, үндес


ҚОРЫТЫНДЫ
Абайдың ақын шәкірттері өз шеберліктерін
шыңдап қана қоймай, ұстазының ұлылығын да 
барған сайын асқақтата түсті. Абай
айналасындағы ақындық ортасының ең басты
қасиеті де, міне, осы бірліктен, идеялық, 
көркемдігі жоғары шығармашылық
тұтастығынан көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет