НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет86/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Қазақстан «Шанхай бестігінде» 
1990-шы жылдардың екінші жартысындағы Қазақстанның сыртқы саяса-
тында «Шанхай бестігі» елдері: Қытай, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстан-
мен қарым-қатынастың орны ерекше болды. 
КСРО мен ҚХР арасында екі елдің де Қарулы күштерін қысқартып
кеңес-қытай шекарасындағы сенімді нығайту жөніндегі келіссөздер 1980-
шы жылдардың басында-ақ басталған. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, 
Қытаймен келіссөздердің жаңа кезеңіне қатысу үшін, Қазақстан, Қырғыз-
стан, Ресей және Тәжікстанның біріккен делегациясы жасақталды. Келіс-
сөзге қатысушы жақтар түйінді мәселелерде бір шешімге келіп, 1996 жыл-
дың 26 сәуірінде Шанхайда бес елдің басшылары әлемнің дипломатиялық 
тәжірибесіндегі аса маңызды құжат – Ортақ шекара ауданындағы әскери 
сенімділік шаралары жөніндегі келісімге қол қойды. 
Бұл келісімнің айрықша маңыздылығын мен осы кездесуден соң бір-
неше күннен кейін ҚХА сессиясы делегаттарының алдында сөз сөйлегенде 
түсіндірдім. 
Мен мұның Азия-Тынық мұхит аймағындағы үлкен саяси ауқымда жа-
салған бірінші қадам екенін, оның аймақтағы, сондай-ақ бүкіл ғаламшар-
дағы бейбітшілік пен тұрақтылықты әрмен қарай да нығайта түсуге оң әсері 
айрықша екенін айттым. 
Бір жылдан кейін, 1997 жылдың сәуірінде «бестік» елдерінің көшбас-
шылары Мәскеуде Шекара ауданында Қарулы күштерді қысқарту жөніндегі 
келісімге қол қойды. Дүниежүзілік қоғамдастықты елең еткізген, аса маңыз-
ды бұл уағдаластықтың құндылығы ерекше еді, сонымен қатар осы маңыз-
ды келісімдер – жаңа, қуатты сыртқы саяси құрылымдардың іргетасын да 
қалады. Бес мемлекет басшыларының 1998 жылғы 3 шілдедегі келесі кезде-
су орны ретінде Алматының таңдалуы да кездейсоқ емес. Онда мен «бес-
тік» елдерінің өздері бірлесіп қол жеткізген, қымбат саяси капиталын ысы-
рап етуге болмайтынын, керісінше, мұны сақтап, ынтымақтастық пен өзара 
сенімге негізделген қарым-қатынасты нығайта беру керек екенін айттым.


ҰЛЫ БЕТБҰРЫС. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
169
Алматыдағы келіссөзге қатысушылар бұрын қол қойылған құжаттардың 
тиімді әсерін жоғары бағалады және бес мемлекеттің өзара іс- қимылы ше-
кара мәселелерін шешуге ғана тіреліп қалмай, жаңа сыртқы саяси жағдай-
да қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелерін шешуге қабілетті құрылым 
түзу керектігі туралы айтып, ортақ байламға келді. 
Алматыдағы кездесуге қатысушылар өздерінің Бірлескен мәлімдемесін-
де бес елдің арасындағы татулық, достық және ынтымақтастықты бүкіл Еу-
разия кеңістігіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздіктің және дамудың факторына 
айналдыруға дайын екендерін білдірді. Осы сәттен бастап дипломатиялық 
айналымда «Шанхай бестігі» деген әуезді тіркес орнықты. Болашақ Шанхай 
ынтымақтастық ұйымының сұлбасы енді айқын көріне бастады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет